Стероидті гормондардың синтезі және олардың міндеттері. Менструальді фазалар бойынша эстрогендер мен прогестиндер қарым-қатынасы



Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті
Биохимия және химиялық пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Стероидті гормондардың синтезі және олардың міндеттері. Менструальді фазалар бойынша эстрогендер мен прогестиндер қарым-қатынасы.
Орындаған: Өмірәлинова Ә.
231-ЖМФ
Тексерген: Омарова А. Ш.
Семей-2016ж.

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Стероидті гомондардың биосинтезі және міндеттері
2. 2 Менструальды фазадағы гормондар қарым-қатынасы.
2. 3 Патология жағдайындағы гормондар қарым-қатынасы
ІІІ. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар

Стероидті гормондар - адамдар мен жануарлардың тіршілік әрекеттерін реттейтін белсенді заттардың тобы.
Стероидті гормондарға: бүйрек үсті безінің минералкортикоидтар мен глюкокортикоидтар, эстроген мен прогестерон жатады.
Бұл гормондар кортикостероидтар, андрогендер мен экстрогендер арнайы белоктармен, негізінен глобулиндермен қанда тасымалданады.
І. Кіріспе бөлім

Стероидты гормондар холестиреннен синтезделеді, ол холестерин стероидогенді клеткаларға қаннан келіп түседі немесе ацетил КоА-дан синтезделеді.
Стероидогенді клеткаларда холестерин май қышқылдармен қосылып, эфир түрінде цитозольдің липидті тамшыларында жинақталады да, ары қарай холестеразаның әсерінен мобилизацияланып, митохондрияға түседі.
Митохондриялардың ішкі мембраларында холестериннің бүйірлі тізбегі қысқарады да, НАДФН2 мен оттегінің қатысуымен адренодоксин мен цитохром Р450 ферменттерінің әсерінен прегненолонға гидроксильденеді.
Прегненолон митохондриялардан шығарылып, микросомаларда прогестерон синтезделеді.
ІІ. Негізгі бөлім
Стероидті гормондардың биосинтезі.


биологиялық мәні:
Белокты, амин қышқылды және көмірсулы алмасуды реттейді.
Клетка-нысаналардың цитозольды рецепторларымен байланысып, клетканың әрбір түріне тән заттар алмасуының өзгерістерін тудырады.
Бауыр мен бүйректен басқа барлық тканьдерде глюкокортикоидтар, белоктар, нуклеин қышқылдары және липидтер алмасуына катоболитикалық әсер көрсетеді.
Организмнің метоболиттік және энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етеді.

биологиялық мәні:
Электролиттердің және судың алмасуын реттейді.
Тердің құрамындағы Na иондарының шығарылуын азайтады, сілекейде, сүтте және басқа да бездердің сөлінде Na иондарының мөлшерін азайтады.
Миокард, бұлшықет және басқа мүшелердің клеткаларынан К иондарының орнына Na иондарының шығуын белсендіреді.
Бүйректе судың реабсорбциясын күшейтеді.
Ренин-ангиотензин-альдостнрон жүйесі - құсу, терлеу, диарея, қан кетуден туындайтын қанның сұйық бөлігінің көлемін қайта қалпына келтіреді.

Эстрогендердің биологиялық мәні:
Әртүрлі мүшелер мен тканьдердің құрылымы мен қызметінің ерекшеліктерінің қалыптасуына (бауыр, бүйрек, сүйек, сүт бездері, жүйке жүйесі, май және дәнекер тканьдері) әсер көрсетеді.
Әйелдің жыныс циклдерінің ритмін қамтамасыз етеді

Аналық безде эстрогендермен қатар сары дене гормоны (геста-гендер) және андрогендер түзіледі. Сары дене гормондары - прогестерон, прогненол - ұрықтану және ұрпақ көтеру процестерін реттейді.
Прогестерон буаздық кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының түзілуін, фолликуланың дамуын, жатырдың жиырылуын бөгеп, ұрықтың өсуіне, сүттену процесінің басталуына ықпал етеді.
2. 2 Менструальды фазадағы гормондар қарым-қатынасы.


Пебуртатты кезеңнің басталуына дейін аналық бездерде гонадотропиндерге тәуелсіз біріншілік фолликулалардың баяу өсіп дамуы жүреді. Жетілген фолликулалардың бұдан әрі қарай дамуы тек гипофиздің гормондары арқылы ғана іске асады: фолликулстимулдеуші (ФСГ), лютеиндеуші (ЛГ) гормондар деп аталады.
Овариальды циклде екі фазаны ажыратады- фолликулярлы және лютеинді, бұл өз кезегінде екі жағдаймен сипатталады - овуляция және етеккір

Фолликулярлы фазада гипофизбен ФСГ секрециясы біріншілік фолликулалардың өсуі мен дамуын ынталандырады, сонымен қатар фолликулярлы эпителий жасушаларымен эстрогендер өндірілуін үстемелейді.
Овуляторлы кезеңдегі ЛГ деңгейінің жоғарылауынан прогестерон бөлетін сары дене түзіледі. Прогестрон жаңа фолликулалардың өсуі мен дамуын тежейді, сонымен қатар эндометрийге ұрықтанған аналық без жасушасының енуіне қолайлы жағдай жасайды.

Овариальды (менструальды) циклдің ұзақтығы қалыпты жағдайда 21- 35 күн.
Менструальды кезеңнің үш фазасын ажыратады: менструальды (эндометрийдің десквамация фазасы), менструациядан кейінгі (эндометрийдің пролиферация фазасы), менструация алды (функциональды немесе секреторлы фаза) . Соңғы екі фаза арасындағы шекара овуляция болып табылады. Менструальды циклдің басы менструацияның бірінші күнінен бастап саналады.

Тұрақты менструальды цикл кезінде немесе олигоменореяда гонадотропиндердің базальды мөлшерін анықтау менструальды циклдің 5-7 күндері жүргізіледі (ерте фолликулярлы фазада) . Алынған мәліметтер басым жағдайда гипер-, гипо- немесе нормогонадотропинді жағдайларды ажыратуға мүмкіндік береді.

Аменорея дегеніміз репродуктивті жастағы әйелдерде етеккірдің болмауын айтады. Біріншілік аменорея- 16 жастан асқан қыз балаларда етеккірдің болмауы, екіншілік аменорея - бұрын менструальды циклі тұрақтанған әйелдерде 6 ай көлемінде етеккірдің тоқтауы. Аз көлемдегі етеккір- опсоменорея; сирек тұрақсыз етеккір (жылына 9 реттен аз) - олигоменорея. Физиологиялық аменорея жүктілік кезінде және менопаузадан кейін дамиды.

Сырқат
Гормональды ауытқулар
Мерзімінен ерте аналық бездердің қажу синдромы
ФСГ↑, эстрадиол ↓, пролактин N, андрогендер N
Дене массасының тапшылығы (жүйкелік анорекция) ДМИ < 15-17 кг/м2
ФСГ↓ немесе N, эстрадиол ↓ немесе N, пролактин N, андрогены N
Гипофизарлы жеткіліксіздік
ФСГ↓, ЛГ↓, эстрадиол ↓, пролактин ↑немесе N
Гиперпролактинемия
Пролактин ↑, ФСГ↓ или N, эстрадиол ↓ немесе N
Аналық бездердің поликистозды синдромы
Пролактин N, ФСГ N, эстрадиол N, андрогендер ↑↑↑


Етеркір циклінің реттелуі нейроэндокринді және шеткі перифериялық құрылымдармен реттеліп отырады. Толықтай айтатын болсақ, ерекірдің реттелуінде 5 сатысы бар. Олар: 1. Етеккір реттеудің бірінші сатысы (жоғарғы) : ОЖЖ, бас миының қыртысы және экстрагипоталамикалық церебральді құрылымдар (лямбиялық жүйе, гипокамп) .

Репродуктивті жүйенің жоғарғы реттеуші орталықтары ақпараттарды шеткі рецепторлардан алады. Олар негізгі жыныс гормондары ретінде: эстроген, прогестерон және андрогендер. Оған жауап ретінде ОЖЖ де нейропептидтер және нейротрансмиттер түзіледі.

2. Етеккірді екінші реттеуші орталығы гипоталамус болып табылады. Гипоталамус либерин бөлу арқылы стимулдеуші, статин бөліп тежеуші қызметті атқарады. Гипоталамустың нейросекреторлық қызметі ағзадағы жыныс гормондарының мөлшеріне, ОЖЖ бөлген нейротрансмиттер және нейропептидтерге байланысты.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz