Гормондар биохимиясы. Гормондар және адаптациялық процестер


Slide 1

Семей қаласының Мемлекеттік Медициналық Университеті Биохимия және химиялық пәндер каферасы

СӨЖ

Тақырыбы: Гормондар биохимиясы. Гормондар және адаптациялық процестер

Орындаған:Тоқтарова Зере

ЖМФ, 231 топ

Тексерген:Омарова А. Ш.

Семей 2016

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Адаптациялық синдромның динамикасы;

2. Гормондардың жылу алмасу процесіне қатысы;

3. Гормондардың адаптивті қызметі

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Тірі ағзаның басты қасиеттерінің бірі - бейімділікке (адаптацияға) қабілеті, яғни сыртқы ортаның өзгеріп тұратын жағдайында өзін-өзі сақтауы мен өзін-өзі қолдауы. Ағзаға әртүрлі сыртқы әсерлерге жауап ретінде іске қосылатын, ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, гомеостазды сақтауға бағытталған қайтымды метаболитикалық процестердің қосындысы өзгешелік емес және өзгешелік адаптациялық процестерінен құралады.

Slide 4

Эндокринді бездер өзгешелік және өзгешелік емес адаптациялық процестердің күрделі комплексінің ұйымдастығын қамтамасыз етеді. Г. Селье және басқа авторлардың көптеген зерттеулері көрсеткендей, стрестің әртүрлі формалары кезінде жалпы адаптациялық синдромның жүзеге асуының маңызды ұйымдастырушыларының бірі - гипоталамо-гипофизарлық бүйрек үсті жүйесі болып табылады, онда глюкокортикоидтар басты катаболитикалық әсер көрсетеді. Егер ағзада глюкокортикоидтар типтес катаболитикалық қабынуға қарсы гормондар көбейсе, онда стресс кезінде мұндай ағзада стрептикалық жағдайға, жара және дистрофиялық процестерге бейімділік байқалады.

Slide 5

Адаптациялық синдромның динамикасы:

Slide 6

Адаптациялық синдромның динамикасы:

Slide 7

Адаптацияның өзгешелік реакциялары сапалық белгілі бір стимулдарға жауап ретінде таңдаулы түрде іске қосылады, олардың зақымдалуын алмасу процестерін реттеушілердің реттеуші механизмдерінің өзгерістері тудыруы мүмкін, яғни эндокринді бездер мен олар өндіретін гормондар қызметінің бұзылуы.

Қанда глюкоза концентрациясының көбеюі кері байланыс бойынша инсулиннің бөлінуін ынталандыра отыра, глюкагон мен адреналиннің бөлінуін тежейді.

Гормондардың бөлінуіне май қышқылдары да адаптивті бақылау жасайды.

Slide 8

Физикалық жүктеме кезінде де пептидті гормондардың айтарлықтай өзгеруі туындайды. Бұлшық еттің жұмысы кезінде глюкогонның мөлшері қанда біртіндеп жоғарылап, максимальды мөлшерге жетеді.

Глюкозаның қандағы жоғары мөлшері глюкогон секрециясын жоғарылатады. Қандағы глюкоза деңгейі глюкогон секрециясына жүктеме мөлшеріне байланысты адреналин дәрежесін өзгерту арқылы әсер ете алады.

Қанда катехоламиндердің жоғары деңгейі ұйқы безінің а-жасушаларымен глюкогон секрециясын ынталандырады. Содан физикалық жүктеме сонымен қоса инсулин синтезін тежейді.

Slide 9

Соған қоса физикалық жүктеме кезінде соматотропиннің мөлшері жоғарылайды. Ол адамның жаттыққандығына да байланысты. Жаттыққан адамда соматотропин мөлшері жоғарылауы үшін жүктеме де көп болуы керек. Физикалық жүктеме стероидты гормондардың мөлшеріне де әсер етеді. Жаттықпаған адамдарда қысқа уақытты жаттығулар тестестерон мөлшерін жоғарылатуын тудырады, ал ұзақ уақытты жаттығулар - оны төмендетеді. Ал жаттыққан адамдарда ұзақ уақытты жаттығулар кезінде де тестостерон мөлшерінің төмендеуі болмайды.

Slide 10

Гормон концентрация өзгерісі :

жоғарылайды

төмендейді

Адреналин, норадреналин, соматотропин, адренокартикотропты, гидрокортизон, тестостерон, альдестерон

Инсулин,

экстродиол

Slide 11

Гормондардың адаптивті қызметі тек өтпелі метаболизмді реттеуде емес, сонымен қатар ағзаның жылу алмасуын реттеуде де көрінеді.

Ағзада жылу алмасуы энергетикалық алмасуды құраушы жылуды өндіру және жылу беру процестерінен тұрады.

Жылудың түзілу процестері әрқашан жылуды бөлу процестерімен тепе-теңдікте болады, яғни дененің сырт қабатынан сыртқы ортаға жылудың шығарылуы.

Дене температурасын бақылайтын орталық механизмдер жүйке-өткізгіштік механизмдердің көмегімен, соның ішінде адрено-тиреоидты жүйе қатысатын нейрогуморальды механизмдер арқылы іске қосылады.

Гормондардың жылу алмасу процесіне қатысы:

Slide 12

Жылы қанды жануарларда температуралық гомеостазды сақтауда гипоталамустық орталықтар мен гормондар маңызды рөл атқарады.

Алдыңғы гипоталамус жылуды бөлуді күшейтетін орталықтар;

Артқы гипоталамуста жылуды өндіруді ынталандыратын және жылуды бөлуді тежейтін орталықтар орналасқан.

Дене температурасын бақылайтын орталық механизмдер жүйке- өткізгіштік механизмдердің көмегімен, соның ішінде адрено-тиреоиды жүйе қатысатын нейрогуморальды механизмдер арқылы іске қосылады.

Slide 13

Нейрогуморальды механизмдер клетка үстілік процестерін іске қосады:

бұлшық еттің треморы;

тоңған кездегі қозғалыс белсенділігінің артуы;

дененің сыртқы қабатынан тамырлары тонусының өзгеруі.

энергетикалық субстраттардың мобилизациясы;

биологиялық тотығу процестерін;

тоңған кезде тотығып фосфорильденудің ажырауын;

қоршаған ортаның қалыпты температурасы кезінде АТФ тәрізді макроэргтер түрінде энергияның жинақталуы.

Slide 14

Гормондардың адаптивті қызметі:

су-тұзды алмасуды (вазопрессин, альдостерон, ренин-ангиотензин) ;

Лактацияны (пролактин, Актг)

пигменттік алмасуды (мелатонин, МСГ, АКТГ) ;


Ұқсас жұмыстар
Заттар алмасуының реттелуі. Гормондар алмасуының биохимиясы
Гормондардың биохимиясы. Гормональді реттелу бұзылыстары. Заттар алмасуының гормональды реттелуі
Бауырдың қызметтері
Органдар биохимиясы ІІ
Органдар биохимиясы
Ганс Сельенің стресс жайындағы ілімі. Эмоциялық стресс
Бездің құрылысы
Химия және адам денсаулығы
Мүшелер және ұлпалар биохимиясы
Эйкозанойдтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz