Латын тілінің қысқаша тарихы




Презентация қосу
Латын тілінің қысқаша
тарихы

Дайындаған: 105-топ студенті
Антеев Айдын
Тексерген: Мереке Сартаевна

Семей мемлекеттік медицина университеті
Қазақ және латын тілдері кафедрасы
2017 жыл
«Маған келер болсақ, мен грамматикаға
сенемін. Алайда латынмен танысқанға дейін
оны шын мәнінде танып білмеп едім. Латын
тілі-маған нағыз сый болды»
Маргарет Тэтчер,
Ұлыбританияның экс-премьер-министрі
Латын тілі-ауызекі тіл емес

Бүгінгі заңгердің оқитын
нормативтік актілері,
автомеханиктің суппорт,
реверс секілді сөздері,
дәрігерлердің атаған
диагноздары мен ауру аттары
көне рим тұрғынына да
түсінікті болушы еді. Себебі
оның барлығы латын тілінен
негіз алған.
Латын тілі қалай пайда болды?

Оның Lingua Latina атына ие болуы
орталық Италияның кішкене аумағын
мекендеген, Лациумның көне
тұрғындары Латындықтарға
байланысты. Лациумның бас қаласы
саналатын ,Тибр өзенінің жанында
орналасқан Римнің құрамында сан
алуан тайпалар болса да, олардың
халықаралық тілі латын болып қала
берген.
1.Архаикалық латын
Бзб III – II ғғ екінші жартысы- бұл
архаикалық латын деп аталатын латын
әдебиетінің құрылу уақыты. Бұл дәуірдің
шығармаларынан Плавттың
комедиялары (шамамен 253 - 184 жж
бзб), Теренцидің шығармалары (185 –
159 жж бзб), Үлкен Катонның трактаты
(234 – 149жж бзб), сонымен қатар өзге
авторлардың фрагменттері сақталып
қалған.
2.Классикалық латын

Бзб I ғасырдағы латын тілі-классикалық
латын (алтын латын). Ол ғылыми-
философиялық, саяси және техникалық
терминологияға бай болуымен
ерекшеленеді. Дәл осы сәтте латын тілі
Гай Юлий Цезарьдің, Цицеронның,
Публий Вергилий Маронның, Публий
Овидий Назонның шығармаларымен
барынша дамып, көркейе түседі.
3. Постклассикалық латын
Бұл дәуірдің Сенека, Тацит, Ювенал,
Марциал, Апулей секілді прозаик
жазушылары мен ақындары өзіндік
стильді таңдай білуімен ерекшеленеді.
Сол себепті, 100 жылдай уақыт ішінде
латын тілінің грамматикалық
нормаларында өзгеріс болмаса да,
классикалық пен посткалассикалық
дәуірлерді ажыратуға - тілдің
лингвистикалық емес, әдеби тұрғысынан
ерекшеленгені түрткі болды.
4.Кейінгі латын.

Антикалық қоғамның таралуы, Рим империясының құлауы мен жаңа
халықтардың пайда болуы латын ұлттық тілі италияндық, француз, испан,
португалдық, румынь секілді романдық тілдердің қалыптасуына алып келеді.
5. Ортағасырлық латын
Ортағасырлық немесе
Христианданырылған латын-
бұл латын тілінде алғаш рет
литургиялық тексттер-
гимндер, діни әндер мен
мінәжаттар пайда болған
кезеңі. IV ғасыр соңында
Иероним Стридонский «Киелі
кітапты(Библия)» толығымен
латын тіліне аударып, оны
«Вультага» деп атады.
Кейінірек бұл кітап жоғары
бағаланып, латын тілін көне
еврей мен көне грек тілдері
секілді Библияның асыл
тілдерінің қатарына қосты.
3. Жаңа дәуір латыны

Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірінде (XIV – XVI ғғ) латын тілі халықаралық ғылым мен
дипломатияның, мектепте білім бері пәніне айналады. ХVIII ғасырға дейін барлық дерлік ғылыми
жұмыстар латын тілінде жазылды. Голландиядан Эразм Роттердамскийдің (1466 - 1536), Польшадан
Николай Коперниктің (1473 - 1535) , Томас Мордың (1478 - 1535), Фрэнсис Бэконның (1561 - 1626)
және Англиядан Исаак Ньютонның (1643 - 1727) есімдері осыған үлкен мысал бола алады.

Ұқсас жұмыстар
Латын жазулы түркі жазба ескерткіштері
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы
ТІЛ ЖӘНЕ ҰЛТ
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ ЫҚТИМАЛ САЛДАРЛАРЫ
Латын әлипбиі негізіндегі қазақ жазуы
Бағдарламалау және бағдарлама
Грек тіл білімі
Жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау
Орта ғасырда Латын әліпбиі
АУДАРМА СӨЗДІК
Пәндер