XX ғасырдағы Қазақстанда кино өнерінің дамуы


Slide 1

XX ғасырдағы Қазақстанда кино өнерінің дамуы

Семей мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы

Орындаған: 105-топ студенті Антеев А. Қ.

Тексерген: Мұздыбаева Т. А

2018 ж

Slide 2

1. Кіріспе

2. Қазақстандағы кино өнерінің қалыптасуы

4. Қорытынды

3. Қазақ кино өнерінің тұңғыш туындылары

Жоспар:

5. Пайдаланылған ақпарат көздері

Slide 3

Кіріспе

3

Кино тарихы кино өнері дамуының әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарын, кино өнерінің пайда болуы мен дамуын және оның түрлерін, жанрларын, стилін, шығармашылық тәсілдерін, бағыттарын, мектептерін, фильмнің экрандық-көркемдік құрамдас бөліктерін, кино шеберлерінің шығармаларын, сонымен қатар кино техникасы, фильм өндірісі, кинопрокат дамуын да зерттейді. Кинотану - қазақстандық өнертанудың ең жас саласы. Қазақ киносының даму мәселелерін қозғайтын алғашқы мақалалар 20 ғ-дың 30-жылдары жарық көрді. Қазақ киножурналистикасының басында Ә. Т. Жангелдин, І. Жансүгіров, Б. Ж. Майлин, М. О. Әуезов, Ғ. М. Мүсірепов, Т. Қ. Жүргенов, І. Омаров және т. б. тұрды. Бұлар республика кино өнерінің қалыптасып дамуына тікелей ат салысты. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты сценарий бөлімінің алғашқы түлектерінің бірі кинодраматург Қ. Сиранов қазақ киносының тұңғыш тарихшысы болды.

Slide 4

4

Ең алғашқы киносеанс 1910 жылы Верный (қазіргі Алматы) қаласында «Марс» жазғы кинотеатрында өтті. Дәл осы жылы Қазақстанның тағы бірқатар қалаларында жылжымалы кинотеатрлар іске қосылады. Екі жыл аралығында Верный (қазіргі Алматы) қаласының бір өзінде ғана үш стационар кинотеатр жұмыс істей бастайды.

Slide 5

5

Қазақстандағы кино көрсету және жеке кино өнімін дамыту мәселесін жүйелі шешуге арналған алғашқы үкіметтік құжат 1927 жылы 23 наурызда пайда болды. ҚССР Халық комиссариаты алқасының хаттамалық шешімімен ҚССР кинопрокат ісін реттеу, ең алдымен прокат төлемін азайту мәселесі анықталды, сондай-ақ жергілікті табиғат жағдайын ескере отырып, кеңестік бюджеттен қаражат тарту арқылы Қазақстандағы кино өндірісін құру мәселелерін әзірлеу бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.

1941 жылы қыркүйекте Алматы қаласында қазақ кинематографиясының негізгі саласын қалыптастырушы кәсіпорны болған Қазақ киностудиясы құрылды. Жаңадан құрылған киностудия Мәскеу және Ленинград қалаларынан көшірілген киномекемелерінің және кино қызметкерлерін орналастыру базасына айналды.

Slide 6

6

Ұлттық драматургияның дамуындағы алғашқы саты - Қазақстан тақырыбына орыс кинодраматургтерінің жазған сценарийлері. Бұл күнде үздік киношығармаларға айналып отырған “Востоккино” акционерлік қоғамының Қазақстан тақырыбына түсірілген алғашқы деректі фильмі “Түрксіб” (1929ж, сц. авторлары: Е. Арон, А. Мачерт, В. Шкловский; реж. В. Турин; операторлары: Е. Славинский, Б. Францисон) және көркем жанрдағы алғашқы туындылардың бірі “Дала әндері” (1930ж., сц. авторы Е. Арон; реж. А. Лемберг) фильмдерінің экранға шығуына себепкер болғандар - Москва, Ленинград киностудияларынан келген орыс кинодраматургтері еді. Бұдан кейін де экранға шыққан “Жұт” (1931ж., “Қаратау құпиясы”- 1932ж., “Жау сүрлеуі” - 1935ж., ) фильмдеріне сценарий жазу орыс киномамандарының үлесінде болды

Slide 7

7

«Дала әндері» көркемсуретті фильмі Қазақстан республикасының 10-жылдық мерей тойына арнайы түсірілді, негізгі мазмұны жаңа өкімет қолдауымен енді ғана аяқ басып дамып келе жатқан Советтік Қазақстан республикасының алғашқы жетістіктері төңірегінде өрбітіледі. Оқиға желісін өрбіту барысында жеке кейіпкерлердің тағдыры тарихи деректер көріністерімен үйлесімді түрде алма-кезектеніп отырады, сонысымен де деректілік мағынаға ие болады.

Slide 8

8

Қазақ актерлері ішінен ең алғаш фильмге түскен

Серке Қожамқұлов

(05. 05. 1896 - 31. 12. 1979) болды ("Дала әндері") .

«Дала әндері» фильмі төңірегінде сол кезеңдегі киношығарма талаптарына сәйкес келмеді деген де пікірлер айтылып жатты. Алайда, осындай көзге көрінбес кемшіліктеріне қарамастан, «Дала әндері» көркемсуретті фильмін қазақ даласын оның өз ерекшеліктерін сақтай отырып, жаңа тарихи өзгерістер қойнауында сипаттауға бағытталған алғашқы туынды деп бағалаған жөн.

Slide 9

9

Келесі көркемсуретті фильм «Қаратау құпиясы» экранға 1932-жылы шықты. Фильмге өмірде болған шын оқиға негіз етіп алынған. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін, өндіріс орындарын жаппай индустриялау жұмыстары басталады. Күн санап қаулап өсіп келе жатқан заводтар мен фабрикаларға табиғи ресурстар қажеттілігі жаңа мүмкіндіктер қарастыруға мәжбүр етеді. Каучук өнімдерін беретін көк-сағыз Тянь-Шянь тауларының батысында, әсіресе, Кеген, Сары-Жас, Текес бөктерлерінде кездесетін болғандықтан, енді сол өсімдікті жинауға экспедиция шоғырланады. Фильмнің режиссері- А. Дубровский. жарық көреді.

Slide 10

10

30-жылдар кезеңінде осы фильмдермен қатар «Востоккино» тресінен «Жау сүрлеуі» (жазушы И. Шуховтың «Ненависть» романы бойынша (фильмнің режиссеры- О. Преображенская), «Көтеріліс»(«Мятеж») (Д. Фурмановтың «Мятеж» романы бойынша, режиссеры-С. Тимошенко) фильмдері жарық көреді.

Slide 11

11

Амангелді - 1938 жылы Ленфильмде Алматы кинохроника студиясы түсірілген Қазақстан тарихындағы алғашқы дыбысты фильм.

Алғаш қазақ кинотанушысы Қабыш Сиранов 1944 жылғы мақаласында былай деп жазған : "1937 жылы Ленин орденді "Ленфильм" киностудиясы толықметражды "Амангелді" дыбысты фильмін жасап шығарды. Киносценарийді қазақ драматургі Ғабит Мүсірепов пен жазушы Всеволод Иванов бірігіп жазды. Картина режиссері Моисей Левин болды. Бұл фильм ұлттық кинематографияның негізін қалаған ең алғашқы киносуретіміз болып табылады". ("Кино жылдар ойлар", Алматы "Өнер" 1983 ж. 10 бет) .

Slide 12

12

М. Әуезовтың кинодраматургия саласындағы алғаш жұмысы - 1940 жылы шыққан "Райхан" фильмі болатын. Жазушы аталмыш фильмнің сценарийін жазып шығады. Бұл жұмыс ұлттық кинодраматургия саласындағы алғашқы дербес ұлттық сценарий болып есептеледі. Яғни жазушы ұлттық драматургияның ізін салушы болды.

"Райхан" фильмін орыс режиссеры Моисей Левин қойды. Бұл фильм тақырыбы қыз бостандығы, әйел адамның мінезін ашу болды. Мұхтар Әуезовтың жазған жұмысы сонау Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Қамар Сұлуымен", Спандияр Көбеевтің "Қалың малындағы" Ғайша бейнесімен үндесе білді.

Қадиша Бөкеева

Slide 13

13


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ мәдениеті
Қазақ өнерінің дамуы
Театр сахнасы
Сәулет өнері деген қандай өнер
Қазақстан кинематографы - Қазақстанның кино өнері мен кино индустриясы
Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы
Қазақ театры
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1930 ж.ж.)
Бейнелеу өнерінің терминдері мен түсініктері
Кеңестік философтар және олардың көзқарастары, тұжырымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz