Автомобильдің генераторы, құрылысы және пайдаланылуы


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Автомобильдің генераторы, құрылысы және пайдаланылуы

Құрастырған:арнайы пән мұғалімі

С. К. Кубиев

Slide 2

Автомобиль генераторының құрылысы және жұмысы

Кез-келген автомобильдің электр жүйесінің құрамына генератор кіреді. Генератор-қозғалтқыштан алынған механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы. Кернеуді реттегішпен бірге ол генератор құрылғысы деп аталады. Қазіргі таңда айнымалы токтың генераторы қолданылады. Олар кейбір қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.

Генераторға қойылатын талаптар мыналар: 1. генератордан шығатын өлшемдер мынадай болуы шарт, автомобильдің кез-келген қозғалысында аккумулятор батареясы қуатын азайтпау керек; 2. айналу күшінің өзгергеніне және салмақтың өсуіне байланысты автомобильдің борттық жүйесіне генератормен берілетін кернеу бірқалыпты болуы керек. Соңғы талаптың туындауы, кернеудің бірқалыпты болмауы аккумулятор батареясына қатты әсерін тигізеді. Өте төмен кернеу батареяға жеткілікті қуат бере алмайды, сондықтан қозғалтқыштың оталуы қиындайды, ал өте жоғары кернеуден батареяның қуаты шамадан тыс көбейеді, бұл оның жылдам істен шыуына әкеліп соқтырады. Барлық автомобильдер үшін генератордың жұмыс істеуі, құрылысы бірдей болады, тек айырмашылығы оның дайындалудағы сапасы, сыртқы өлшемі, жалғану бөліктерінің орналасуы.

Slide 3

Генератор 1-шкив 2- алдыңғы және артқы қақпақтар 3- ротор 4-статор 5- түзеткіш диодтардың жиынтығы 6- кернеуді реттегіш 7- щеткалы құрылым 8- қақпақша

Slide 4

Генератордың басты бөлшектері:

1. Шкив - қозғалтқыштың механикалық энергиясын генератордың валына ремень арқылы жеткізуге арналған ; 2. Генератордың сыртқы қаңқасы екі қақпақтан тұрады: алдыңғы (шкив жағынан) және артқы (түйісу сақиналары жағынан), статорды бекіту үшін, генераторды қозғалтқышқа орнату үшін және ротордың подшипниктерін орнату үшін арналған. Артқы қақпағында токты түзеткіш, щетка құрылымы, кернеуді реттегіш (егер ол орналастырылған болса) және электрқұрылғыларының жүйесіне сырттан қосу жалғағыштары орналастырылады; 3. Ротор - үшкіртұмсықты болаттан жасалған екі төлке орналастырылған болат вал. Олардың арасында шеттері түйісу сақинасымен жалғасқан қоздырғыш орам орналасқан. Генераторлар цилиндрлік мыстан жасалған түйісу сақиналарымен жарақталған ; 4. Статор - тұрба тәріздес болат табақшалардың жиынтығы. Оың ойығына генератордың қуатын туғызатын үштілді орам орнатылған ; 5. Түзеткіш диодтардың жиынтығы - тығыздалған үш үштен оң және теріс жылу өткізгіштерден тұратын, алты күшті диодтарды біріктіреді; 6. Кернеуді реттегіш - генератордың роторының айналу жиілігінде және қоршаған ортаның температурасының, автомобильдің борттық жүйесінде электр тогының күшін белгілі бір шегінде ұстап тұратын құрылғы ; 7. Щеткалы құрылым - алынбалы пластмассалы қондырғы. Мұнда серіппемен орналастырылған, ротордың түйіспелі сақиналары орналастырылған;

Slide 5

Генератордың роторы

1. Ротордың валы; 2. ротордың шеткі нүктелері; 3. Қоздырғыш орамы; 4. түйіспелі сақиналары.

Slide 6

Генератордың роторы

Қоздыру орамында ток болмаған күнде де ротордың шеткі нүктелерінде қалған магниттік ағымдар болады. Алайда оның күші аз болады, генератордың өздігінен ток беруіне күші жетпейді, тек айналу күші өте жоғары болғанда болмаса. Сондықтан, роторда алғашқы магнит өрісі пайда болуы үшін, аккумулятор батареясынан, генератордың жұмысын бақылайтын шамы арқылы ток береді. Токтың күші өте көп болмауы керек, аккумулятордың қуатын жоймау үшін, және қозғалтқыштың жәй айналымында генераторды қоздыру үшін өте аз болмау керек. Бұдан ойымызды жинақтасақ, бақылау шамының күші 2…3 Вт құрайды. Бұдан кейін, статордың орамдарындағы кернеу жұмыс қалпына жеткенде шам өшеді, қоздыру орамы генератордың тікелей өзінен алады. Бұл уақытта генератор өздігінен ток бере бастайды.

Slide 7

Генератордың статоры

1. статордың орамы; 2. Орамның шеттері; 3. Магниттік сымдар.

Slide 8

Генератордың статоры

Статордың орамындағы шығатын кернеу жойылады. Ротор айналғанда қарама қарсы статордың катушкасының орамында кезекпен ротордың"солтүстік" және «оңтүстік" шеткі нүктелерінде, яғни статордың катушкасына енетін, магнит өрісінің бағыты өзгереді де, онда айнымалы кернеудің пайда болуына себеп болады. Бұл кернеудің жиілігі генератордың айналу жиілігіне және оның шеткі нүктелерінің жұбына байланысты болады.

Slide 9

Түзеткіш диодтары

Автомобильдің борттық жүйесінде тұрақты кернеудің болуы шарт. Сондықтан, статордың орамы ток күшін автомобильдің борттық жүйесіне генераторда орналастырылған түзеткіш арқылы береді. Түзеткіш үш тінді жүйеде алты күшті жартылай өткізгіш диодтардан тұрады, олардың үшеуі генератордың "+" шығырына, ал басқа үшеуі "-« шығырына ("массаға") қосылған. Жартылай өткізгіш диодтар ашық түрде тура бағыттағы кернеуді өткізуге кедергі келтірмейді және кері бағыттағы токтың кернеуін өткізбейді. Түзеткіш диод дегеніміз, жылу өткізгіште тығыздалып оралған, кремнийден жасалған жалғағыштан тұратын, қарапайым жартылай өткізгіш .

Slide 10

Түзеткіш диодтары

1. Күштік диодтары; 2. Қосымша диодтар; 3. Жылу өткізгіш.

Slide 11

Кернеу реттегіш


Ұқсас жұмыстар
Автомобильдің басты берілісі, дифференциалы және құрылысы
Аккумулятор батареялары
КАРДАНДЫ БЕРІЛІС БАСТЫ БЕРІЛІС ДИФФЕРЕНЦИАЛ
Схеманың элементтері
ТРАКТОР ТРАНСМИССИЯСЫ
ҚҰРАСТЫРМА ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТЫ ЖҮЙЕСІ ҮШІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ
Машина жасауда қолданылатын материалдар
Тұрақты токты электроқозғалтқыш
Жалынның кері тебуі
Электрондық генераторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz