Вольфартиоз. Маллофагоздар


Slide 1

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Эпизоотология, паразитология және всс» кафедрасы

Ветеринарлық санитарлық паразитология пәнінен

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындаған: ВС-53 топ студенті

Жақсығұлов М. Т.

Тексерген: проф. Шалменов М. Ш

Орал, 2016 ж

Тақырыбы: Вольфартиоз. Маллофагоздар.

Slide 2

Вольфартиоз.

Вольфартиоз немесе жарақаттың Вольфарт шыбыны балаң құрттарымен зақымдануы. Төрт түлік мал ішінде, құрттау көбінесе қойда жиі кездесетін, Қазақстанда кең тараған ауру.

Slide 3

Қоздырғышы.

Вольфарт шыбыны ірі, дене тұрқы 9-13 мм, ашық сұр немесе күл түсті. Арқасында 3 ірі қара жолағы, құрсақ жағында ірі қара дақтары бар.

Жіктелуі:

Тип: Arthropoda

Класс: Insecta

Топтамасы: Diptera

Тұқымдасы: Sarcophagidae

Туысы: Wohlfartia

Түрі: Wohlfartia magnifica

Slide 4

Өсіп-өнуі.

Вольфарт шыбынының ересек немесе имаго сатысы гүл шырынымен, қи сұйығымен қоректенеді. Ал оның жарақатқа түскен балаң құрттары тірі малдың жұмсақ ұлпасымен қоректеніп өмір сүреді. Ұрғашы шыбын барлығы 200-дей балаң құрт өндіреді.

Slide 5

Аурудың сырт белгілері.

Вольфарт шыбыны балаң құртымен зарарланған мал құрттаған жерін қасып, аса қатты тынышсызданады, жарақатын кез келген жерге сүйкейді немесе тісімен тістелеп қасынады, өрістен қалып, қатты арықтайды. Кейбір жағдайларда құрттаудан қой өліп те қалады.

Slide 6

Диагнозы.

Құрттауды жәй көзбен-ақ анықтайды. Құрттаған жарадан сасық иіс шығады, жарақат ішіндегі жыбырлаған құрттарды оңай табуға болады.

Slide 7

Емі.

Мал денесіндегі құрттаған жарақаттарға вольфартол, вольфазол, эстразоль, гиподермин - хлорофос, хлорофос, үшхлорметафос-3 сияқты дәрілер қолданылады.

Slide 8

Дауа шаралары.

Қойды қырыққан кезде сақтық шараларын сақтап, мал терісі жарақаттанбауына коңіл бөледі.

Жараларды күнбе-күн қадағалап отырады.

Вольфартиоз шықпас үшін мал жарасына 1%-дық хлорофос ерітіндісін аптасына 1 рет, 0, 5% үшхлорметафос-3 эмульциясын әр 14 тәуліксайын бүркіп отырады.

Slide 9

Маллофагоздар.

Маллогофоздар - сүтқоректілер мен құстардың энтомоз ауруы. Ауруға шалдыққан жануарлар қышынады, аздап түгі, құстарлың қауырсыны, мамығы түседі, мал мен құс арықтайды, өнімі төмендейді.

Slide 10

Қоздырғышы.

Маллофогоздардың қоздырғыштары - қанатсыз, ұсақ жәндіктер. Дене тұрқы 1, 5-2, 5 мм, бастары кеуде бөлімінен жалпақтау, мұртшалары 4-5 буылтықтан тұрады. Сарғыш қоңыр түсті, әр түрінің құрылысындаөзіндік ерекшеліктері бар.

Slide 11

Жіктелуі.

Сүтқоректілерде:

Тип: Arthropoda

Класс: Insecta

Топтамасы: Mallophaga

Тұқымдасы: Trichodectidae

Туысы: Bovicalo

Түрі: B. Bovis - ірі қарада.

B. Еqui - жылқыда.

B. Оvis - қойда.

B. сaprae - ешкіде.

Құстарда:

Тип: Arthropoda

Класс: Insecta

Топтамасы: Mallophaga

Тұқымдасы: Menoponidae, Phillopteridae

Туысы: Lipeurus және Gonoides

Түрі: L. caponis және G. hologaster

Slide 12

Өсіп-өнуі.

Аталығымен ұрықтанған ұрғашылар 20-60 жұмыртқа салады. Жұмыртқалары ақшыл түсті, сопақ пішінді, тұрқы 0, 5-1 мм. Оларды аналықтары мал түгіне, құс қауырсынына немес терісіне жыныс мүшелері өндірген желіммен жабыстырады.

Slide 13

Сыртқы белгілері.

Жүнжегіштермен зақымданған сүтқоректілердің жүні үрпиіп, қышынады, тынышсызданады, қасынған жерлерінің жүні үрпиіп, қышынады., тынышсызданады, қасынған жерлерінің жүні түседіжәне мойын, иық, әуке, құйрық түптері дерматитке шалдығады.

Маллофагоз тауықтарда ауыр өтеді. Олар қатты қышынғандықтан, тұмсығымен терісін және қаурсындарын шоқиды, құс бірте-бірте азады. Қауырсындары мен мамығы жаппай түседі.

Slide 14

Диагнозы.

Ауруды анықтауда мал денесіндегі жәндіктің әрбір даму сатысын табудың маңызы зор.

Slide 15

Емі.

Севин.

Пиретрум.

Хлорофос - 3-5 % немесе 2-5 %.

Бор қышқылы 1 %.

Карбофос 0, 5 %.

Перметрин 0, 05 %.

Оксомат 2 %.

Slide 16

Дауалау шаралары.

Жануарлар денесіндегі жәндіктерді жою үшін әртүрлі инсектицидтерді ерітінді, эмульция, ұнтақ дәрі немесе аэрозольтүрінде қолданып, ем шаралар жүргізеді.

Жыл сайын мал басын клиникалық тексеруден өткізіп, мамық жегіштердің бар жоғын зерттеп отырады.

Мал арасынан паразит табылған жағдайда, бүкіл мал басын маллофагозға қарсы емдейді.

Slide 17

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Зоофильді шыбындар
Маллофагоздар - сүтқоректілер мен құстардың энтомоз ауруы
Түк жегіштер
Зоофилді шыбындар және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz