РАБДИТАТОЗДАР. Күйістілер стронгилоидозы. Шошқа стронгтлоидозы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Эпизоотология, паразитология және всс» кафедрасы

Ветеринарлық санитарлық паразитология пәнінен

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: РАБДИТАТОЗДАР

Күйістілер стронгилоидозы

Шошқа стронгтлоидозы

Орындаған: ВС-53 топ студенті

Егдірбаев Ж. Б.

Тексерген: проф. Шалменов М. Ш

Орал, 2016

Slide 2

Күйістілер стронгилоидозы

Стронгилоидоз ауруын малдың ащы ішегін мекендейтін, Rhabditida тек тармағына, Strongyloididae тұқымдасына жататын Strongyloides papilosus деген жұмыр құрт тудырады. Нематода қой, ешкі, ірі қара, өркешті бұқа, және үй және жабайы қоянда кездеседі. Паразит ішектің кілегей қабығының сыртқы бетінде, бүрлер арасында және эпителий астын мекендейді.

Slide 3

Күйістілер стронгилоидозы. Қоздырғышы. Жіктелуі.

Қоздырғышы - Strongyloides papilosus. Паразиттік сатысының ұзындығы 3, 5-6, 5 мм, ені 0, 05-0, 06 мм, жіптей денесі бас жағына сүйірленген.

Жіктелуі. Күйістілер стронгилоидозы.

Класс: Nematoda

Топтамасы: Rhabditida

Топасты: Strongylata

Тұқымдасы: Strongyloididae

Туысы: Strongyloides

Түрі: Strongyloides papilosus

Slide 4

Күйістілер стронгилоидозы. Өсіп-өнуі.

Жұмыртқа нәжіспен сыртқа түседі. Олар екі жолмен дамиды. Біріншісінде олар жем-шөппен, сумен немесе терісін тікелей тесу арқылы жұғады. Екінші түрі тікелей емес, яғни еркін өмір сүретін ұрғашылары еркегімен шағылысқаннан кейін, жұмыртқалар шаша бастайды. Кейіннен олар жетіліп жұқпалы сатысына дейін көтеріледі.

Slide 5

Күйістілер стронгилоидозы. Диагностика.

СТРОНГИЛОИДОЗДЫ нақтылы анықтау үшін, малдың тік ішегінен ішек айнасымен немесе саусақпен 15-20 г нәжіс алып, оны қалқыту әдістерімен (Фюллеборн, Дарлинг т. б. ) зерттейді. Ал, алты сағаттай далада жатып қалған қиды Берман тәсілімен тексеріп, балаң құрттарды іздестіреді.

Slide 6

Күйістілер стронгилоидозы. Емі.

Ринтал - 0, 015 г/кг.

Мебенвет гранулят - 0, 008 г/кг.

Панакур - 0, 01 г/кг.

Минтик - 1мл/4, 5/кг.

Slide 7

Күйістілер стронгилоидозы. Сақтандыру шаралары.

Сақтық дегельминтизацияны 2 дүркін өткізу.

Фенотиазин тұз қоспасын малға үзбей беру.

Ауру жұқпас үшін жем-шөбін уақытылы және жеткілікті етіп беру.

Қоралар мен серуен алаңдарын таза әрі құрғақ ұстау.

Slide 8

Шошқа стронгтлоидозы

Бұл гельминтозды, доңыздың ащы ішегін мекендейтін Rhabditida тек тармағына, Strongyloididae тұқымдасына жататын Strongyloides ransomi деген жұмыр құрт тудырады.

Slide 9

Шошқа стронгтлоидозы. Қоздырғышы.

Қоздырғышы - Strongyloides ransomi құрты. Паразиттік сатысының ұзындығы. 3, 5-6, 0 мм, ені 0, 05-0, 08 мм, денесі жіптей жіңішке, бас жағы жіңішкелеу келген. Ауызы кішкентай үш ерінмен көмкеріліп, созылыңқы цилиндр тәріздес өңешпен жалғасады. Жұмыртқаларының көлемі 0, 040-0, 060 х 0, 025-0, 042 мм, қабықшасы өте жұқа, ішінде балаң құрттары бар.

Slide 10

Шошқа стронгтлоидозы. Жіктелуі.

Класс: Nematoda

Топтамасы: Rhabditida

Топасты: Strongylata

Тұқымдасы: Strongyloididae

Туысы: Strongyloides

Түрі: Strongyloides ransomi

Slide 11

Шошқа стронгтлоидозы. Өсіп-өнуі.

Slide 12

Шошқа стронгтлоидозы. Анықтау.

Нәжісті овоскопиялық және ларвоскопиялық әдістерімен зерттеп, құрт жұмыртқалары мен балаң құрттарын табады. Өлексе ішегінің кілегей қабығынан алынған қырындыны тексеріп, паразиттің ұрғашыларын іздестіреді.

Slide 13

Шошқа стронгилоидозы. Емі.

Нилверм - 0, 015 г/кг.

Мебенвет гранулят - 0, 008 г/кг.

Панакур - 0, 01 г/кг.

Генцианвиолет - 0, 05 г/кг.

Slide 14

Шошқа стронгилоидозы. Сақтандыру.

Қоралар мен серуен алаңдарын таза әрі құрғақ ұстау.

Ауру торайлардан бөлек топтар құрып, емдейді.

Шошқа қоралар, оттық астаулар, құрал саймандар айына 1-2 қайтара дезинвазиялайды.

Шошқаларды оқтын-оқтын диагностикалық тексеруден өткізіп, стронгилоидоз құрттар табылған доңыздарды дегельминтизациялайды.

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Шошқа стронгилоидозы
Жылқы стронгилоидозы. Торайлар стронгилоидозы
ӨКПЕГЕ ЖЕТКЕН ЛИЧИНКАЛАР ОНЫ ЗАҚЫМДАП
Күйістілер және шошқа трихоцефалезін балау
Инвазиялық аурулар
Ұсақ кұйістілердің обасын балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ - САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР
Күйістілер монезиозы
Гельминтозға қарсы шаралар. Тұяқтылар фасциолезі. Күйістілер дикроцилезі
КҮЙІСТІЛЕР АВИТЕЛИНОЗЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz