Энтомология. Гиподерматоз және Эстроз




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Эпизоотология, паразитология
және всс» кафедрасы

Ветеринарлық санитарлық паразитология пәнінен
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Энтомология. Гиподерматоз
және Эстроз

Орындаған: ВС-53 топ студенті
Жұмарыстанов Қ.Ө.
Тексерген: проф. Шалменов М.Ш

Орал, 2016
Энтомология
Энтомология (грек. entomа –
жәндіктер және logos – ілім) –
жәндіктерді зерттейтін ғылым.
Энтомология жер бетінде,
топырақ арасында, суда, ауада
таралған жәндіктердің тіршілігін
зерттейді. Жәндіктерді ғылыми
түрде зерттеу 17 ғ-да басталды.
Энтомологияның негізін
салушылар италян биологы М.
Мальпиги (1628 – 94), голланд
натуралисі Я. Сваммердам (1637 –
80) және француз табиғат
зерттеушісі Р. Реомюр (1683 –
1757) болды.
Гиподерматоз
Гиподерматоз – бөгелек
балаңқұрттары тудыратын,
жалпы организмнің улануымен,
малдың азып тозуымен және
оқыра орналасқан терінің
қабынып, өзгеруімен
сипатталатын ірі – қара
малының созылмалы ауруы.
Гиподерматозбен негізінен ірі
қара мал (оның ішінде қодас,
өркешті бұқалар, буйволдар)
ауырады. Паразит жылқыларға
да жұғып, сирек жағдайда ауру
қоздыра алады.
Гиподерматоз. Жіктелуі.

Тип: Arthropoda
Класс: Insecta
Топтамасы: Diptera
Тұқымдасы: Hypodermatidae
Туысы: Hypoderma
Түрі: H. bovis
H. lineatum
Гиподерматоз. Қоздырғышы.
Ірі қара малының оқырасын Hypoderma bovis – кәдімгі тері асты бөгелегінің
балаңқұрттары және Hypoderma lineatum – оңтүстік тері асты бөгелегі (өңештік)
қоздырады.
Hypoderma bovis – бөгелегі имагосының дене тұрқы 13-15 мм. Денесі түкті,
басындағы түгі сары түсті, күрделі екі көзі мен төбесінде нүкте тәрізді 3
қарапайым көздері және екі қысқа мұртшалары бар.
Hypoderma lineatum – дене тұрқы сәл кішірек – 11 мм. Оның құрсақ
жағының алды сары түкті, арты – қызғылт сары түкті, ал қанаттары қоңыр түсті.
Кеудесі 3 буылтықтан, ал құрсақ жағы 5 буылтықтан құралған. Оның 3 жұп
аяқтары, қос қанаты бар.
Гиподерматоз. Өсіп-өнуі.
Гиподерматоз. Анықтау тәсілдері.
Қыстың аяғында гиподерматозға шалдыққан малды қарап
зерттейді, арқа жотасының екі жағын алақанмен сипап
немесе саусақтармен басып көреді.
Мал жотасының екі жағын, алақанмен сипап немесе
саусақтармен басып көреді.
Гиподерматоз. Емі.
1. Гиподермин –
хлорофос
2. Хлорофос
3. Амидофос
4. Сульфидофос
5. Гиподермацид

6. Ивомек
7. Цидектин
8. Фасковерм
9. Аверсектер
Гиподерматоз. Алдын алу және күресу
шаралары.
Жаздың ыстық күндерінде ірі қараны оқырадан қорғау үшін, күндіз
қорада ұстап, түнде жайған жөн. Бөгелек ұшатын маусымда сауын
сиырлардан басқа малды 1% хлорофос ерітіндісімен немесе
үшхлорметафос -3-тің 1% эмульсиясымен әрбір 20-25 тәулік сайын
бүркіп отыру қажет. Ол үшін ДУК машинасын, ЛСД және бүріккіші
бар машиналар қолданылады.
Эстроз
Эстроз – қойдың
кеңсірік құрт ауруы,
оны пысқырық деп те
атайды. Бұл ауруды
Oestrus ovis – қой
балаңқұрттары
қоздырды. Олар
қойдың танауына ,
маңдай және бастың
қосалқы қуыстарына
еніп, сол қуыстардың
кілегей қабығын
қабындырады.
Эстроз. Жіктелуі.

Тип: Arthropoda
Класс: Insecta
Топтамасы: Diptera
Тұқымдасы: Oestridae
Туысы: Oestrus
Түрі: Oestrus ovis
Эстроз. Қоздырғышы.

Қой бөгелегінің
ұзындығы 9-11 мм.
Сыртынан қарағанда
үлкен шыбынға
ұқсас. Басының екі
жағында күрделі екі
көзі бар, ал төбесінде
қарапайым нүкте
тәрізді үш көзі бар.
Ал балаңқұрттардың
дене тұрқы 25 мм,
ені 9 мм.
Эстроз. Өсіп-өнуі.
Эстроз. Сыртқы белгілері. Диагнозы.
Аурудың клиникалық белгілері
әртүрлі болады. Кеңсірік құрты қой
танауы және басқа да бас қуыстары
ішінде қозғалып , денесіндегі
тікенді ілгектерімен кілегей
қабықты зақымдайды. Алғашқы
кезде кілегей қабықтары қатты
қызарады. Сонан соң ауру қойдың
танауларынан кілегей лі, ал
кейінірек кілегейлі-іріңді жалқаяқ
ағады. Қабыну өзгерістері кейде
кеңсірік арқылы ми қабықтарына
дейін тарайды.
Эстрозды анықтағанда
эпизоотологиялық деректерді,
аурудың клиникалық белгілерін,
өлекседегі өзгерістерді ескерудің
маңызы зор.
Эстроз. Өлекседегі өзгерістер.
Эстроз. Емі.

Эстроз кездесетін шаруашылықтарда қой мен ешкіні күзде
ДДВФ және хлорофос аэрозольдерімен дауалайды. Тиімділігі
жоғары аэрозольдардан сульфидофос-20-2 г/м³, 1% неоцидол 120
мг/м³, 5 % -ті колорцид 100 мг/м³, 16,7 % циодрин 3 г/м³
мөлшерінде бір сағат аралығында қолданылады. Бұдан басқа
ивомек, фаскрверм, перметрин, циперметрин және
дельтаметриндер деген дәрілер пайдаланылады.
Эстроз. Алдын алу шаралары.
Қой бөгелегі жылына екі рет ұрпақ беретін
оңтүстік аймақтарына мал басы жазда және күзде
инсектицидтермен 2 рет дәріленеді. Эстрозды
қойға жұқтырмау үшін, әрбір 20-30 күнде
жайылымды ауыстырып отыру қажет. Жазда
шарбақ ішінде қойлардың танауынан ІІІ сатыдағы
балаң құрттар түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан
мезгіл-мезгіл оларды сыпырып, жинап, өртеп
жіберу қажет. Сондай-ақ қой бөгелегін қойға
дарытпау үшін тау жайылымы қолайлы. Өйткені
қоңыр салқын жауынды жайылымда бөгелектер
сирек кездеседі.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Қой эстрозы ауруы
Қой эстерозы
Түк жегіштер
Ірі қара мал гипедерматоз
Гиподерматоз (сәйгел,оғалақ)
Жылқының ринэстрозы
«Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау.»
Химиялық әдіс
Қой эстрозын балау
Қой эстрозы
Пәндер