Институционалдық экономиканың қалыптасуы және әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және эмпирикалық бағыттары


Slide 1

Әлеуметтік институционалдық бағыт

Slide 2

Мазмұны

Экономикалық ғылымдағы институционалдық ағымның пайда болуы.

Әлеуметтік - психологиялық институционализм (Т. Веблен) .

Әлеуметтік - құқықтық институционализм (Дж. Коммонс) .

Эмпирикалық институционализм (У. Митчелл) .

Slide 3

1. Экономикалық ғылымдағы институционалдық ағымның пайда болуы.

XIX-XX ғасырлардың аралығында нақтылы тарихи жағдайлардың әсерінен АҚШ әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағынан күшті дамыған бірден-бір елге айналды. Мұнда тұңғыш рет экономиканың еркін бәсекеден гөрі монополистікке өтуі жалпылама түрде айқын көріне бастады. Бұл АҚШ-тың антимонополиялық шаралар қолданған алғашқы ел болуына себепкер болды, оның әкімшілігі XIX ғасырдың аяғында бұл шараларды өмірге енгізді. Бұл шараларды соңынан барлық дамыған мемлекеттер үкіметі қолданды.

Slide 4

«Институттарға» институционалистер идеологтары түрпі категориялар мен құбылыстарды (мысалға, мемлекет, жанұя кәсіпкерлік, монополия, кәсіподақ, дің рух және т. б. ) жатқызады. Олар дәстүрді, мінезді, этиканы, құқылық шешімдерді қоғамдық психологияны және ең бастысы экономика эволюциясын қажет етеді.

Институционализм - белгілі бір мағынада неокласиктердің альтернативтік экономикалық теориясының бағыты.

Көптеген зерттеушілердің пікірінше, институционализм методологиясында Германияның тарихи мектебінің жалпы белгілері бар. Бірақ тарихты және әлеуметті орта факторларын экономикалық өсудің жолын анықтауда ескеру, Германияның тарихи мектебі мен институционализм методологиясының ұқсастығын білдіргенмен, олардың сабақтастығын қайталауды көрсетпейді. Себептер көп.

Slide 5

Себептері

Біріншіден, Адам Смиттің теориялық көзқарасында болған неміс авторлары XIX ғасырдың екінші жартысында Пруссия юнкерлерінің елдің сауда еркіндігі мен экономикалық либерализм принциптері үшін күресін қолдап, шексіз еркін бәсекелестік кәсіпкерлікті жақтады.

Екіншіден, неміс мектебінің тарихи көзқарасы рыноктық экономикалық қатынастардың табиғи сипаты мен экономикалық тепе-теңдікті автоматты түрде адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңінде сақтаудан көрінеді.

Үшіншіден, Германияның тарихи мектебі еңбектерінің авторлары «еркін кәсіпкерлерді» тежеу арқылы қоғамның экономикалық емірін реформалауға қарсы болды.

Slide 6

М. Блауг: «институционализмнің мәнін анықтауға тырысып, методология саласында үш белгісін табады:

Неокласиктерге тән абстракцияның жоғарғы дәрежесіне қанағаттанбау, бағаның ортодокстық теориясының статикалық сипатының ерекшелігі;

Экономикалық теорияны басқа қоғамдық ғылымдармен интернациялауға тырысу; немесе «пәнаралық артықшылыққа сену»;

Классикалық және неокласикалық теориялардың эмпирикалық кемшіліктеріне кеңілдері толмаушылық, сандық зерттеуге шақыру».

Slide 7

Институционализмдегі керінген үш толқын

У. Митчелл - конъюктуралық-статистикалық(эмпирико-болжамдық) бағытты зерттейді.

Т. Веблен - әлеуметтік-психологиялық (технократтық) институционалдық зерттеуді басқарады.

Дж. Коммонс - әлеуметтік-құқылық (заң) бағытты қолдайды.

Slide 8

2. Әлеуметтік - психологиялық институционализм (Т. Веблен)

«Институттар - өткендегі процестердің нәтижесі, олар бұрынғы жағдайларға бейімделген, демек бүгінгі күннің талабына толық сәйкес келмейді».

Тростейн Веблен (1857-1929) - экономика мен социология саласындағы ірі еңбектердің авторы. Қоғамдық әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын ерекше көруі Т. Вебленнің еңбектерінен айқын байқалады. Оның ішінде бастылары: «Құр сенделуші (желбуаз) таптар теориясы» (1899) ; «Инстинкт шеберлігі» (1914) ; «Инженерлер мен баға жүйесі» (1921) ; «Жоқадамдар меншігі» (1923) және т. б.

Slide 9

«Құр сенделуші (желбуаз) таптар» теориясында, Т. Вебленнің осы аттас кітабының мазмұны көрсеткендей, «өндірістік емес мүлкі бар» таптардың экономикалық процестерге қатынастары теріс сипаттар - «қымқырып қалу», өндіру емес, қанау, пайдалылық емес - тән. Бұл тап, Веблен бойынша, бизнес әлемінің дәстүрін қалайды, ал бұл - паразитизм мен жыртқыштық заңдармен бағытталып, әрекет етеді.

Айталық, осы таптың өкілдері үшін тауарларға ерекше баға белгіленеді, бұл - олардың мәртебесінің көрсеткіші, ол - сұраныс заңының шын көрінісі емес, мұны «Веблен эффектісі» деп атайды.

Ол мынадай жағдайды сипаттайды - тауар бағаларының төмендеуі сатып алушы бойынша оның сапасының нашарлауы немесе оның халық арасында маңыздылығының төмендеуі, сөйтіп тауардың сатып алушылар сұранысына сай болмайтындығы. Керісінше, жағдай басқаша болады: сатып алу көлемі баға есуімен байланысты ұлғаяды.

Т. Веблен өз реформасының нәтижесін «жаңа тәртіп» орнауынан көрді. Мұнда өнеркәсіп өндірісін басқару әдейі «техниктер кеңесіне беріледі және «индустриялық жүйе» абсентеистік меншік иелерін (монополистердің) мүддесіне қызмет етуін тоқтатады, өйткені технократтар мен индустрияның мотиві «ақша ұту» емес, барлық қоғамға қызмет ету.

Slide 10

3. Әлеуметтік - құқықтық институционализм (Дж. Коммонс)


Ұқсас жұмыстар
Саяси ғылымның қалыптасуы мен Қазақстанның құқықтық-әлеуметтік мемлекеттің дамуы
Қылмыскер тұлға: қалыптасуы, әлеуметтік-психологиялық алғышарттары және теориялық тұжырымдар
Интеллектуалды бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және әлеуметтік-құқықтық негіздері
Қазақстандағы әлеуметтік лингвистиканың қалыптасуы, өзекті мәселелері мен зерттеу бағыттары
Әлеуметтік бірлестік, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы: Қазақстан тәжірибесі
Білім беру әлеуметтік институты: функциялар мен Қазақстандағы институционалдық реформалар
Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық әдістер: психодиагностика, кеңес беру, психодрама және әлеуметтік-психологиялық оңалту
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты: құқықтық негізі, бағыттары және әлеуметтік-экономикалық мәселелері
Жасыл экономиканың ғаламдық тенденциялары және Қазақстандағы даму бағыттары
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориясы мен әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz