КЕЙНСИАНДЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ




Презентация қосу
КЕЙНСИАНДЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Қамтылу, процент және ақшаның жалпы
теориясы

Кейнстің бұл еңбегінің жарыққа шығуы тек қана көптеген жақтастары
мен саясый - экономикалық әдебиеттердің пайда болуына себеп болу
мен қатар, әртүрлі теориялық бағыттарды, мектептер мен экономикалық
ағындарды туғызды. Кейнстің осы еңбегі жарыққа шыққаннан бірнеше
жыл өте экономистер, осы еңбектегі бірнеше синтездік көзқарастарды
пайдалана отырып экономикадағы тепе-теңдікті сақтаудың рецептерін
табуға болатындығын түсіне бастады. Осылайша соғыстан кейінгі
жылдары кейнсиандық бағытта біршама өзгерістер жасалып
неокейнсиандық жүйе қалыптасты.
Кейнсианды - неокласикалық синтез

Неокейнсеандықтың Кейнс ілімінен өзгешелігі, ол экономикалық өсу
және циклдік даму теориясын құрастырды. Неоклассиктер мен Кейнс
позицияларының айқын қайшылықтарына қарамастан, олар бір – біріне
өте қажетті. Осылайша экономикалық ғылымдағы көрнекті экономистер
Дж. Хикс, Р. Харрод, Э. Хансен, П.Самуэльсон және т.б. Кейнстің
позицияларын неоклассиктермен біріктіру мақсатында интенсивті
аналитикалық талдау жұмыстарын кең түрде жүргізді. Осының
арқасында “неоклассикалық немесе кейнсианды - неокласикалық
синтез” деп аталатын теориялық жүйе қалыптасты.
Неоклассикалық синтез

Неоклассикалық синтезді құрушылар, “Жалпы
теорияда” берілген кейнсиандық тұжырымдаманы
интеграциялаудан бұрын, оны түбегейлі түрде өңдеу
керектігі туралы шешім қабылдап екі себеп бойынша
түсіндіріп берді.
Бірінші себебі:

Соғысқа дайындалу негізінде дамыған капиталистік экономика (өсудің
жоғары қарқыны, жеңген халықтың қайыра жұмыссыздыққа қарсы
күресі, капитализм мен социализм сияқты әлемнің екі жүйесінің
сайысы және т.б.). Экономистердің алдында 1929-1933 жылдардағы
Ұлы тоқыраудың суымаған ізі бойынша жазылған “Жалпы теорияға”
қарағанда басқа да проблемалар туындаған болатын. Ендігі жерде ең
басты проблема болып сұраныс емес, экономиканың өсуімен
байланысты инфляция және ресурстарды жинақтау болды. Бұл тек
қана сұраныс үшін ғана емес, сонымен бірге өсу үшін де пайдалы
болып саналатын реттеудің жалпы тұжырымдамасына қажет еді.
Екінші себебі:

“Жалпы теорияны” қайта қараудың екінші себебі, өзінің күрделігімен
карама-қайшылықтарына байланысты, бұл жұмыста бірін-бірі жоққа
шығарушы пайымдаулар мен түсініктерге жол берілген болатын. Осыған
байланысты Америкалық экономист М. Блауг, Кейнстің “Жалпы
теориясы”, Рикардоның “Принципі”, Маркстың “Капиталы”, Бем -
Баверктің “Позитивті теориясына” ұқсас, қарапайым түрде жазылған
жайғана кітап деп баяандады. Бірақ онда қазіргі экономика қызметінің
төрт үлгісі болатын, оның кейбір идеялары неоклассикалық үлгіге
(моделге) оңай үйлесе алды (встраиваются), басқалары болса оның
бүкіл логикасын бұзды.
неоклассикалық синтездің негізі:

Самуэльсонның “Экономикста” еңбегінде берілген қысқартылған Кейнс үлгісі,
ұлттық табысты анықтаудың принциптерін дәл және айқын түрде көрсетеді;
Хикс ұсынып, кейінірек Э. Хансен жетілдірген ақша параметрлері үлгісі (модельге)
Хикс – Хансенның “кірістер – шығыстар” кестесін туғызды. Бұл кесте Кейнс
теориясын жалпы тепе – теңдік тұжырымдамасын жеке оқиға түрінде - білдіреді,
сондықтан да “неоклассикалық синтездің” квинтэссенциясы болып саналады;
Толық жұмыспен қамтылушылыққа өздігінен қол жеткізудің мүмкін еместік
себептерін көрсетіп, одан әрі қарай, неоклассикалық мектеп өзінің теориялық
манызың сақтай отырып, В. Леонтьев айтқандай “кейнсиандық ұпайларға”
қажетісінеді, ал капиталистік экономка – реттеудің кейнсиандық доктринасын іздейді.
Неоклассикалық синтез үш блоктан тұрады:

Кейнстің қысқартылған (ықшамдалған) немесе кесілген үлгісінен;
Хикс – Хансенің “кірістер - шығыстар” схемасынан;
Толық жұмыспен қамтылмаудың себептерін түсіндіруден;
Поскейнсиандықтың пайда болуы

70-ші жылдардағы құрылымдық және циклдық дағдарыстар, әсіресе 1974-75
жылдардағы дағдарыс және созылмалы сипаттағы инфляция экономикалық
саясатты дағдарысқа алып келді. Тура осы кезеңде стандартты антициклдық
кейнсиандық схемалар әрекет етуін тоқтатты. Егер, бұрын инфляция
экономиканың көтерілу сатысымен сәйкес келіп және сұранысты шектей
отырып, оны ұстап тұруға тырысса, ендігі жерде үкімет алдында тіпті
көтерілу сатысы кезеңінің өзінде экономикалық қиындықтарды қалай шешуге
болады деген мәселелер аса өткір түрде тұрды.
Кейнсиандықтың сынға алынуы

Кейнсиандықтың және бүкіл “неоклассикалық синтездің” дағдырысы –
мемлекеттік реттеудің ресми доктринасы ретінде, тек қана дәстүрлі
қарсыластары неоклассиктер тұрғысынан ғана емес посткейнсиандар мен
монетаристтер тарпынанда сынға ұшырады.
Монетаризм теориясының негізін салушы
М. Фридменнің сыны

Монетаризм теориясының негізін салушы М. Фридмен, Кейнс теорисы экономиканы
басқаруға мүлде тиімсіз деп санады. Шынында ол тек 70-ші жылдары ғана
жарамсыздығын көрсетті. Мүмкін, басқарудың белгілі бір баспалдағы, әрбір
экономикалық жүйеге тән болып, сосын орталықтанған реттеу өзінің мүмкіндіктерін
жоғалтып, жалпы сәйкессіздікті көбейтеді. Батыста осындай баспалдақ 60-70-ші
жылдардың шегінде өтті. Ол кезде ҒТП нәтижесінде өнімдердің номенклатурасы күрт
өсті, олар тез ауысып отырды, шағын және орта бизнестің ролі артты. Осылардың
барлығы экономиканы орталықтан (мемлекеттік) реттеуді қиындата түсті, нарықтық
реттеу арқылы басқарудың объективті өзгерістерін талап етті. Міне, реттеудің тиімді
кейнсиандық шаралары өзінінің маңызын неге жоғалтты дегенге сұраққа берілер
жауап. 80-90 жылдардағы КСРО және шығыс Европа елдеріндегі орталықтанған
жоспарлаудың марксистік тұжырымдамаларының құлауы осыған ұқсас дағдарыспен
түсіндіруге болады.

Ұқсас жұмыстар
Биологиялық эволюция - қайтымсыз әрекет
Жалпы ұлпа туралы түсінік
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
Адамның шығу тегі туралы көзқарастар
Жұлдыздың пайда болуы және олардың эволюциясы
Өсімдіктер эволюциясының кезеңдері
Онтогенез эмбрионизациясы
Этиканың құрылымы
МАРКЕТИНГ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Психиканың перцептивті сатысы
Пәндер