Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы және дамуы




Презентация қосу
Қазақстандағы экономикалық
көзқарастардың пайда болуы
және дамуы
Мазмұны
1. Қазақстандағы номадизмнің ерекшеліктері.
2. Фольклор – экономикалық ойлардың бастау бұлағы.
3. Әл – Фараби ілімі, Тәуке ханның “Жеті жарғы” – заң ескерткіші.
4. ХІХ ғасырдағы Қазақ – демократтарының әлеуметті – экономикалық көзқарастары.
5. Қазақстанның мемлекеттік социализмнен рынок қатынастарына өту кезеніндегі
экономикалық ғылымның дамуы.
1. Қазақстандағы номадизмнің ерекшеліктері.
“Номадизм” – “номасрад”, “номадес” деген грек сөзінен шыққан – малшылардың
“көшпелі” өмір - салты дегенді білдіреді. Ол адамдардың көшпелі, мал шаруашылығына
өтумен байланысты - номадизм Еуразия таулы – далалық тайпаларының ортасында біздің
дәуірімізге дейінге екінші мың жылдықтың соңы мен бірінші мың жылдықтың басында
пайда болып, Орталық және Батыс Азияның бірсыпыра елдерінде сақталды.
Алғашында империялық, кейіннен кеңестік – коммунистік
идеологияның ықпалында қалған қазақ мәдениеті, ғылымы,
халқының басынан кешкен экономикалық, мәдени оқиғалары,
құбылыстары тарихи зерттеулерден шеттетілгендігін айту керек.
Мұндай жағдай “колониалдық жүйеге кірмейтін шағын
халықтардың өзіндік тарихы болмайды” деген концепцияның
нәтижесі болды. Осыған байланысты жазбалы документалды
тарихын қалдыруға құқықтарынан айрылған Қазақ халқы өз
құндылықтарын халықаралық деңгейде толық түрде көрсете
алмады.
Егемендікті, тәуелсіздікті алғаннан кейін әлемдік жұртшылықпен жан-жақты қарым-
қатынас жасауға, олардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті және жалпы адамзаттық
құндылықтар негізінде алынған баға деңгейімен танысуға мүмкіндік туды. ЮНЕСКО –
ның 1995 жылды – Абай жылы, 1996 жылды –Жамбыл жылы, 1997 жылды - Әуезов
жылы деп атауы осындай процестерге жаңа бір күш беруде. Осымен байланысты
номадизм дәуірінен өткен, ренесансқа жеткен Қазақтар, ренесанс дәуірінен өттіме, жоқ па
деген сұрақ ғалымдар, тарихшылар, әдебиетшілер ойларын туғызуда.
“Ренесанс” түсінігі – жаңару, прогресс, гүлдеу дегенді білдірсе онда еліміздің өткен
тарихына көз жіберіп дамыған, қалыптасқан саяси – экономиялық дәуірлерімізді еске
алсақ, бір кезде “артта қалған” деген атақ алған, қазақ халқы ренесансты бастан кешіре
алды деген шешуді ашық айтуға болады.
Еуропалық ренесанс Данте мен Джоттодан бастама алып, Байронмен аяқталса, онда қазақ
ренесансы Шоқан мен Құрманғазыдан басталып Абаймен аяқталады деген ойды айтуға
болады.
2. Фольклор – экономикалық
ойлардың бастау бұлағы
Әдебиет – жеке адамдар жасайтын өнер, ал фольклор – ұжымдық
болып саналады. Әдебиет – жаңашылдықтың, ал – фольклор
дәстүрдің алдыңғы негізгі соқпақ жолдары. Қазақ фольклоры –
экономикалық ойлардың қайнар көзі. Көптеген ғасырлар бойы
мақал –мәтелдер жаттауға ыңғайлы түрде құралып,
экономикалық ойдың таңқаларлық жиындары болып, малшы
өмірін көрсететін фольклорде, номадизмде шоғырланған.
3 Әл - Фараби ілімі, Тәуке ханның “Жеті жарғы” –
заң ескерткіші.
Шығыстың оқымысты ғұламасы, аса көрнекті философы - Әбу Насыр Мухаммед Әл – Фарабидің
(870-950 жж) ғылыми қызметі ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдени дамуына айқын дәлел бола
алады. Сондықтан да, халық арасында ол “Елдің мұғалімі”, “Шығыстың Аристотелі” деген құрметті
атаққа ие болды
Әл – Фараби Логика

Негізгі шығармалары: Теориялық Математика
“Кемеңгерлік гаммалары”,
“Ізгілікті қала
тұрғындарының көзқарастары Жаратылыстану
туралы трактаттары”, және т.б.
“Ғалымды саралау туралы Ғылым
трактат”.
Политика

Практикалық

Философия
Әбу Насыр Әл-Фарабидің “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы
тракттары” ғылыми тұжырымдар ретінде қазақстанның экономикалық теориясының негізі.
Мұнда бір адамның қажетін екіншінің қанағаттандыруы, қоғамдық тұтастыққа әкеліп,
өзара қарым қатынастар туғызып, адамзат қоғамын құру жолдары көрсетілген. Әл-
Фарабидің экономикалық категориясында қала тұрғындары жай ғана адамдар тобы ғана
емес, өндіргіш күш және адамзат қоғамын құрушы фактордың негізі, олар бірлікке,
қайрымдылыққа шақырған. Әл-Фарабидің бұл идеясы бүгінгі күн үшін де актуалды, оны
талдау, зерттеу, қазіргі экономистердің міндеті.
“Қасым ханның қасқа жолының”, “Есім ханның ескі жолының” қосындысы ретінде Тәуке ханның (1680-
1718) “Жеті жарғы” - әлеуметтік-экономикалық және құқылық энциклопедиясы туды. Ол хан заманындағы
экономикалық ой-пікірдің, көзқарастардың нақты көрінісі. бойынша Тәуке хан кеңесу үшін қазақтың үш Төбе
билері: Ұлы жүзден – Төле бидің, Орта жүзден – Қазыбек бидің, Кіші жүзден - Әйтеке бидің бастарын қосып, заң
сипатында неғұрлым жиі кездесетін мәселелерді талдайды. Олар заң жасап және заң ережелерін бекітіп «Жеті
Жарғыны» дүниеге әкелді.
“Жеті жарғыда ” орта ғасырдағы қазақ қоғамының негізгі құқық принциптері мен нормалары бекітілген. “Жеті
жарғы” келесі 7 заңнан тұрады:
1. Жер заңы, жайылымдар мен суаттар туралы дауларды келістіру шешімдері;
2. Отбасы – неке заңы;
3. Әскери заң;
4. Сот процессі туралы ереже, сот талқылауларының тәртібі;
5. Қылмыс заңы. Әртүрлі қылмыс түрлеріне берілетін жазаларға қосымша түсініктер;
6. Құн туралы заң. Өлім және ауыр дене жарақатын салғаны үшін жазалар белгілері;
7. Жесірлер туралы заң. Жесірлер мен жетімдердің мүлік және құқықтардың тәртібін белгіледі.
“Жеті жарғы бойынша, ең жоғарғы билік хан қолында болуы тиіс. Заңдардың жекелеген тармақтарына
қарағанда, хан жоғарғы сот қызметін де атқарып, қылмыс пен теріс қылық жасағандарды жазалап, соттай
алатын, салық салу тәртібін жариялайтын болды. Хан мен билер пайдасы үшін жиналатын алым-салықтар да
заңдастырылды. Заңдардың бір ережесінде былай делінген: “Сұлтандардан басқа, қару алып жүретін әрбір адам
ханға және халықты билеушілерге жыл сайын салық ретінде өз мүлкінің 20-дан бір бөлігін беруі тиіс”.
Қылмыстық іс-әрекеттер тізіміне мыналар жатқызылған: кісі өлтіру, біреуді
жарымжан ету, зорлау, тіл тигізу, балалық ізеттілік ережелерін сақтамау, ұрлық, зинақорлық
(ерлі – зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуы) және т.б. Бұл қылмыстар үшін
жазаның түрлері мынандай: құн төлеу, өлім жазасы, мүлкін тәркілеу (конфискация),
аластау, құғындау, көпшілік алдында масқаралау, т.б.
Тәуке заңдарының негізгі мақсаты – қазақ феодалдарының билігін, саяси үстемдігін,
феодалдық меншігін қорғап, мұсылман дінін қолдау болды. “Жеті жарғы” – қазақ
хандығының тарихи жазба ескерткіштері, заңдылық пен тәртіпті нығайта отырып, қазақ
хандығының бүкіл аумағында қолданылды. “Жеті жарғының” тұпнұсқасының бірі,
Қазақстанның ХVІІ ғасырдағы тарихи құжаты ретінде, былғары тыспен қапталған
Италияның тарихи Мұражайында сақталуда.
4.ХІХ ғасырдағы Қазақ ғасырдағы Қазақ – демократтарының
әлеуметті-экономикалық көзқарастары
Омбы Кадет корпусын бітірген, Абылай ханның ұрпағы, офицер, ғалым және саяхатшы Шоқан Шынғысұлы
Уалиханов (1835-1865 жж). Шоқан ұлы орыс жазушысы Ф.М. Достоевскийдің ең жақын досы болған, сонымен қатар
Петербор университетінің ректоры, ботаника профессоры А.Н. Бекетовпен, ғалым саяхатшылар П.П. Семенов -
Тянь-Шанский, Г.Н. Потанин, ақын және жазушылар А.Н. Майков, Л.Н. Полонский, В.В. Крестовский сияқты сол
уақыттағы прогресивті қайраткерлермен достық қарым – қатынаста болған. Шоқан сол уақыттағы орыс қоғамына
Шығыс Түркістанды, Ыстық қөлді зерттеушісі, география ғылымына үлкен жаңалық енгізген ұлы саяхатшы
ретінде танымал болды. Сол үшін ол 22 жасында Имераторлық географиялық қоғамның мүшесі болып сайланды.
Экономикалық ойлары

Ш. Уалихановтың экономикалық ойларының толысып, жетілуі, ең алдымен, оның өмірі мен қызметі
өткен объективті жағдайлар негізінде қалыптасты. Бұл кезең, патшаның отаршылдық саясатынан
туындаған, қазақтардың малшаруашылығының құлдырауын бастан кешіп жатқан кез болатын.
Қазақ қоғамының өндіріс күштерінің дамуына қойылған заңсыз талаптар Ш. Уалихановтың
экономикалық пайымдауларында өз көрінісін тапты. Орыс революционер – демократтарының
экономикалық шығармалары Ш. Уәлихановтың экономикалық көзқарастарының қалыптасуына орасан зор
әсерін тигізді. Әсіресе ол Н.Г. Чернышевскийдің “Современник” журналында басылған, “Капитал және
еңбек” мақаласының “Еңбекшілердің экономикалық теориясы” мен “Джон Стюарт Миллдің саяси
экономия негіздеріне ескертпе” деген бөлігінен өзінің “Қырғыз Сібір ведомствасының сот реформасы
туралы жазбалары” деген жұмысында сілтеме жасады. Орыс демократтарының экономикалық
шығармаларымен танысу, Уәлихановқа Қазақстанның шаруашылық дамуының жай – күйі мен болашағын
терең зерттеп – үйрену мен талдауды ғана емес, сонымен бірге Орта Азияның өзге мемлекеттерінің
қызметін талдауға және өзінің экономикалық ойларының қалыптасуына көмектесті
Өзінің қысқа ғұмырында Шоқан бес томды құрайтын үлкен ғылыми мұра қалдырды. Оның
шығармаларына кіріспе сөзінде, жас ғалым өмірінің кілт үзілгеніне өкініш білдіре отырып,
профессор Н.И. Весельевский былай деп жазды: “Шоқан Шынғысұлы Уәлиханов
құйрықты жарық жұлдыз секілді шығыстану аспанынан ағып түсті. Орыс оқымыстылары
әлемде оны феноменалды құбылыс деп таныды және одан түрік халықтарының тағдыры
туралы ұлы және аса маңызды жаңалықтар ашуын күтті”.
Шоқан Уәлихановтың экономикалық пайымдаулары, негізінен, мал бағу, көшпелі өмірдің
рөлі, егіншіліктің маңызы, өнеркәсіп, сауда, мемлекеттің салық саясаты, халықтың
қоныстану жағдайы және қазақ қоғамының экономикалық, саяси, мәдени өмірінің
мәселелері сияқты проблемаларына бағытталды.
Шоқанның алға жылжытқан демократиялық идеяларын қазақтың өзге де ағартушы –
демократтары Ыбрай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев одан әрі дамытты.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж) - қазақтың ағартушы – педагогі, фольклоршысы,
жазушысы, этнографы. Қазақтың алғашқы мұғалімі, қазақ балалар үшін ана тіліндегі және орыс
тіліндегі оқулықтардың авторы. Алтынсарин Қазақстанда кәсіптік – техникалық білім беруді
дамытуға үлкен үмітпен қарады. Оның пікірі бойынша, бір ғана жалпы білім беру салыстырмалы
түрде экономикалық өмірге аз пайда әкеледі, сондықтанда халыққа қолданбалы білім қажет.
Алтынсариннің өтініш хаты бойынша Торғай қаласында бірінші рет, қазақ даласында балалар
мен қыз балаларға училищесі ашылды, онда қыздар жалпы біліммен қол өнерін оқыды.
Оның ағарту – педагогикалық көзқарастары К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой және т.б.
орыс мәдениетінің қайраткерлерінің ықпалымен қалыптасты
қазақ балаларын үнемі орыс тілін тереңдеп оқуға, орыс мәдениетінің жетістіктерін игеруге, содан
соң европалық өркениетке “терезе ашуға” шақырды. Осы жолда ұлы педагог ағартушылық
қызметіндегі беделін ғана емес, сонымен қатар ғылыми және әдеби дарынын пайдаланды. Оның
әдеби мұрасы орыс графикасы негізінде баспасөзден шыққан “Қазақ хрестоматиясы”
жазылған. Ағартушы – педагог өзінің әдеби шығармаларында ең басты байлық – қой немесе
басқа байлықтар емес, басты байлық-білім деді
Рухани төңкеріс

ХІХ ғ. Ренесанс дәуіріне дейінгі қазақ даласының рухани өмірінің
ерекшеліктерінің бірі, оның тұйықтылығы мен оқшаулығы болды. Енді қазақтың
ойшылдары мен ағартушылары, уақыт талабына сай, Батыс өнері, ғылымы, мәдениеті
мен әдебиетіне бағдарлама бастады. Ұлттық тамырларды жоғалтпай, еуропалық
өркениетке бұра бастады. Осының нәтижесінде, аз уақыт ішінде, Қазақстанның
экономикасы, әдебиеті мен мәденитеті, ұлттың рухани өмірі алға жылжып, жаңа сапа
мен мазмұнға ие болды. Осы рухани төңкеріс Абай Құнанбаевтан (1845-1904 жж)
басталды. Беделді халықаралық ұйымның бастауымен 1995 жылы Абайдың 150
жылдығын тойлау – барлық қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш болды.
Абайдың мерейтойы Париж, Лондон, Пекин, Стамбул - әлемінің 80 елінде
тойланды. Абай – ұлы дарын ғана емес, ол данышпан кемеңгер. Атақты Кант “дарын”
мен “данышпан” түсініктерін беріп – “Данышпан” өнер, ғылым, жалпы қоғам
дамуында жаңа бағытты қалыптастырады десе, Томас Манн “данышпан адамзатты
дамудың жаңа сапалы сатысына көтереді” деді.
А. Кұнанбаевтың дүниетанымы мен қызметінің қалыптасуы, қазақ ауылына тауар – ақша
қатынастарының салдары - патриархалды – феодалдық құрылыс дағдарысының кең етек алған
жағдайында өтті. Орыс зерттеушілерінің еңбектеріне назар аударған Абай, экономика, статистика
және социология мен бір мезгілде орыс зерттеушілерінің көшпелі шаруашылық экономикасының
ерекшеліктерімен, әдеттегі құқықтарымен қазақ халқының тарихымен танысты.
“Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай” өлеңінде ауылдағы әлеуметтік қатынасты неғұрлым дәл
ашып суреттейді. Мұнда Абай көшпелі – кедейлердің тағдырымен бірге, сондай – ақ, олар мен
байлардың арасындағы таптық қарама қайшылықтарды көрсетті. Қазақ ауылы екі жікке жарылды.
Бір жағында – кедейлер, олардың үлесіне ауыр еңбек пен тұрмыс қиындығы тиген. Екінші жағында
– байлар, олар көшпелі – кедей көпшіктерін қанау есебінен байыған, сараң және тас жүрек адамдар.
Сонымен бірге, ол байларды кедейлердің ауыр еңбегін жеңілдетуге көмектесуге, өмірді жақсартуға
шақырады. Дәл осы көзқарасында Абайдың әлеуметтік – экономикалық ойларындағы қайшылықтар
көрінеді.
Қоғамның таптық құрамын Абай, А. Добролюбов сияқты адамдарды “еңбекшілерге”
және “жатып ішер арамтамақтарға” бөлді. Абай еңбек, қайраткерлігін сүйді.
Экономикалық ойлары
Абай өз шығармаларында қазақ халқының экономикалық деңгейін көрші халықтардың деңгейімен
салыстырды. Ол, қазақтардың көршілері - өзбектер, татарлар мен орыстардың – шаруашылық
дамуының салалры мен мәдениетін айқындап алға дамығанындығын көрсетті. Ағартушы қоғам
дамуына, экономикалық прогреске, саудаға үлкен орын берді. Ол өзінің шығармаларында феодалдық
тұйықтықты жою ісіне, ауылдар арасындағы экономикалық байланыстарды күшейту ісіне сауданың
прогрессивтік ролін дұрыс сипаттады.
Абай өзінің шығармаларында адамдардың мүліктік теңсіздік себептеріне, біреулердің бай,
біреулердің кедей болуына тоқталды.
Томас Манның “данышпан өмірі үнемі қайғылы”, Виктор Гюго айтқандай “жаңашылдық бұрынғы
дәстүрлерді жоққа шығарады”
5 Қазақстанның мемлекеттік социализмнен рынок қатынастарына
өту кезендегі экономикалық ғылымның дамуы.

Мыржақып Дулатов (1885-1935 жж).М. Дулатұлының ұлттық өлкелердегі патша саясатының
сұрқиялығын әшкерелеген “Біздің міндеттеріміз” атты мақаласы “Серкенің” екінші номерінде
жарияланды. Сол себептен бұл газетті шығаруға тыйым салынды.
М. Дулатұлының “Оян, қазақ” атты тұңғыш жыр жинағы 1909 жылы, 1910 жылы “Бақытсыз
Жамал” 1913жылы “Азамат” өлеңдер жинағы жарық көрді. 1915 жылы ақын “Терме” деп
аталатын әдеби- публицистикалық кітабын жариялады. Ш. Уәлиханов, А. Кунанбаев, А.
Байтұрсынұлы туралы мақалалары, екі бөліктен тұратын “Қазақ кітаптарының
библиографиялық көрсеткіші”, т.б. туындылары нәзік эстетикалық талғамымен және
тереңдігімен ерекшеленеді.
М. Дулатұлы “Алаш” партиясының бағдарламасын түзеушілердің бірі болды. “Қазақ” газетін
басқарды, “Алашорда” үкіметінің Әскери Кеңесінің мүшесі болды, Кеңес үкіметіне қарсы соғысқа
қатысты. 1919 жылы Мыржақып көптеген алашордалық қозғалыс қайраткерлерімен бірге Кеңес
үкіметі жағына шықты.
Сақтаған Бәйішев (1909-
Тұрар Рысқұлов (1885- Смағұл Ахмет
1938 жж) “Қазақ халқы Әлихан 1988 жж). С. Бәйішев
Сәдуақасов (1900- Байтұрсынұлы
тұтастай түрде Бөкейханұлы Карл Маркс
отырықшылыққа, егіншілік 1933 жж) (1873-1938 жж).
(1866-1937 “Капиталының” І –
жағдайына көшуге тиіс деп “Өз өмірімді, күшім “Оқу құралы”
жж), 18 томының тарауларын,
кім белгіледі және қандай мен білім қуатыма (1912), “Тіл құралы”
негізде? Бұл жаққа қарай томдық В.И. Лениннің “Рессейде
қарай өзімнің туған (1914), “Әліпби”
даму үрдісі, жақын арада “Ресей. Біздің капитализмнің дамуы”,
халқым жолында (1914), “Жаңа
аяқтала қоймайды және Отанымызды “Империализм –
әзірге табиғи жағдай қызмет етуге әліппе” (1926-1928)
ң жалпы капитализмнің жоғары
қалыптасып отыр деп және арнаймын” және “Баяншы”
жағрапиалық сатысы” деген күрделі
мүмкіндіктер біршама (1926)
өзгерген арақатынасын жазбасы” еңбектерді тұңғыш рет
білдірмейді” қазақ тіліне аударды
Дінмұхамед Қонаев (1912-1993 жж). Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриалды
мемлекет ретінде қалыптасуында Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше. 1992 ж. оның
“Өтті дәурен осылай” атты естелік кітабы жарық көрді, 1994 жылы ол “Сталиннен
Горбачевка дейін” деген атпен қайта басылды. Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін
Қонаев 8 Ленин орденімен және басқа орден, медальдармен марапатталған. Үш
мәрте Социалистік Еңбек Ері. 1994 жылы Дінмухаммед Ахметұлы Қонаевтың
есімімен колледж, таукен ісі институты, көше аталды. 1978 ж. Алматыда бюстісі
орнатылды. Д.А. Қонаев атында қайырымдылық қоры құрылған.
Қазақстанның экономикалық ойларын зерттеуде және экономикалық дамудың
заңдылықтарын ғылыми жинақтап қорытуда, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру
жолдары мен әдістерін айқандауда Қазақстан Республикасының ғалым экономистері Ж.
Әубакиров, Т. Әшімбаев, А. Кошанов, Н. Мамыров, Д. Қабдиев, С. Сатубалдин Ө.
Шеденов, Р. Елемесов С. Досмагамбетов, Т. Абдразаков, Е. Аймагамбетов
және т.б. өлшеусіз үлес қосты және қосып келеді.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев, елде, экономиканың
барлық саласында нарықтық қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған саяси
және қоғамдық экономикалық қатынасқа ауысуы туралы халыққа бірбеткейлік пен мәлімдеді.
Экономика саласындағы идеологияның негізгі принциптерін ескеру және қисымдай білу
мыналарға бағытталған:
әлеуметтік – бағдарланған аралас нарықтық экономика жасау;
тікелей материалдық игіліктер өндіретін салаларда жеке кәсіпкерлікке басымдық бере
отырып, оның барлық формаларында жеке меншікті кәсіпкерлікке қолдау көрсету;
өндірісті құрылымдық тұрғыда қайта құру;
мемлекет аралық байланыстарды экономикалық – саяси әріптестерді таңдаудағы прагматизм;
“Біз - өзіндік тарихы мен өзіндік болашағы бар евразиялық елміз.
Сондықтанда біздің модель ешкімге де ұқсамайтын болады. Ол өзіне әртүрлі
өркениеттің жетістіктерін жинақтайтын болады. Біздің модель қоғамдық
дамудың әртүрлі моделдерінің конвергенциясын көрсетуі тиіс. Қазақстан
Республикасы Конституциясына сәйкес, біз әлеуметтік нарықтық экономика
құрудамыз. Бізге қажеті де, міне осы”. (“Қазақстан – 2030” Н. Ә. Назарбаев
бағдарламасы).

Ұқсас жұмыстар
ШЫҒЫСТА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ СЕБЕПТЕРІ
Өмірдің басталуының моральдық - құқықтық мәселелері
Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясының құндылықтары
Қазақ тілі Ғаламдық тақырыптардағы Оқушылар Қазіргі заманның жаһандық мәселелері
Топты басқару және тиімділік
Тіл білімінің салалары
Саяси ойлар тарихы
Қазақстан Республикасында білімді дамыту стратегиясы, міндеттері мен мақсаттары
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы ілім тарауы бойынша қорытындылау
Қазақстандағы ауыр өнеркәсіп
Пәндер