Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Презентация қосу
Қазақстандағы қоршаған
ортаны қорғау мәселелері
Семей 2015
Қоршаған орта –
адамзат қоғамы өмір
сүретін
Табиғи
және антропогендік
орта; адамдар,
жануарлар немесе
объектілер тіршілік
ететін
немесе әрекет ететін
орта немесе
контекст
• Қолайлы қоршаған орта дегеніміз - объектілерінің
жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың
денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді,
экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи
ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды
қамтамасыз ететін орта.
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта
жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі
ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына
да тән. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі,
дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондықтан
да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып
есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп
отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның
өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде
қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы
зор.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
қоршаған ортаның электромагниттік
ластануын адамзатқа төніп тұрған апат
ретінде қарастырып отыр.
Элекетроманшеттік өрістер барлық
тіршілік көздеріне теріс әсер ететіні
белгілі, соның ішінде адам организміне
өте үлкен зардаптар тигізеді.
Биологиялық және медициналық
зерттеу нәтижелері көрсеткендей
электромагниттік өрістердің адамның
нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне,
физиологиялық дамуына тигізетін теріс
зардаптары анықталған. Сонымен қатар,
кейінгі кезде шетел мамандарымен
бірігіп өткізілген зерттеулерге сүйенетін
болсақ, электромагниттік өрістердің
әсерінен жүздеген аурулар түрлерінің
жаппай таралуы анықталған
Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының жыл сайын
беретін қорытындысына
сүйенсек, дүниежүзінде тек
ауаның ластануынан қайтыс
болатын адамдардың саны,
автомобиль апатынан қаза
болатын адамдардың санынан
асып отыр. Атмосфералық
ауаға тасталатын зиянды
газдардың үштен бір бөлігін
тасымалдау көліктерінен
шығатын газдар құрайды.
Әрбір жеңіл көлік жылына
ауаға 12-13 тонна улы заттар
тастайды.
• Адамның табиғатқа
зиянды әсерінің
салдарынан XX ғасырдың
ортасында әлемдегі
экологиялық жағдай күрт
төмендеп кетті.
Экологиялық жағдайдың
нашарлағаны соншалық,
бүгінде ол әлемнің кейбір
аймақтарында адамның
тұрмыс тіршілігімен коса
оның өмірі үшін де үлкен
қатер тудырып отыр.
Қазақстандағы қоршаған
орта жағдайы
Қазақстан аумағанда қоршаған
ортасы қолайсыз бірнеше аймақ
анықталған
• Адамның өмір сүруі мен денсаулығына
қауіпті аймақ;
• Адамның өмір сүруіне және
денсаулығына қолайсыз аймақ;
• Қоршаған орта жағдайлары адамның
өмір сүруіне аса қауіпті емес аймақ.
Қазақстан территориясының өте үлкен
бөлігі әртүрлі факторлардың әсерінен
кешенді ластанған, мысалы, ауаның,
судың, жердің әртурлі өндірістік зиянды
қалдықтармен, улы газдармен және т.б.
ластануы. Оған полигондарды, сынақ
алаңдарын, «Байқоңыр» ғарыш кешенің,
ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал,
Каспий суларындағы экологиялык
апаттарды, мыңдаған өндірістік
кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды
қосатын болсақ, Қазақстан
территориясының нағыз апат алаңы
екенін байқауға болады.
Қазақстан Республикасы
Конституциясында көрсетілген негізгі
бастамалар, басшы идеялар мен құқық
ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі
қағидаттарын қарастырайық:
• қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты
дамуға адам құқығының басымдылығы
қағидаты. Адамдардың табиғатпен
үйлесімділікте, салауатты және жемісті
өмір сүруге құқығы бар;
• кедейлік пен қайыршылықты жою
кағидаты. Демократиялық мемлекеттер
өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін
төмендете отырып, ақыр аяғында
кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды.
• қоршаған ортаны ластаудың және
табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің
алдын алу қағидаты;
• коршаған ортаны қорғау саласындағы
тығыз халықаралық ынтымақтастық
кағидаты;
• қоршаған ортаға қатысты мәселелер
бойынша халықтың хабардар болу
кағидаты.
• мемлекеттің табиғи ресурстарды
пайдалануға егемендік кағидаты.
Мемлекет қоршаған ортаны қорғау
саласында тиімді заңдық актілер
қабылдайды;
• әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау
ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың
жағдайы әрбір адамға байланысты болады,
біз табиғат үшін жауаптымыз және
болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын
сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
• қоршаған ортаны
қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол
жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа
не теңізге қатысты қолданылады.
Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы
тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде
сақталған және ерекше бақылауға алынған
түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
Адамның салауатты және қолайлы
қоршаған табиғи ортаға құқығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген: "Мемлекет
адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат
етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен
жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп
соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін
қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен
бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына
ұқыптылықпен карау міндет болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы
әр түрлі заңдарда бекітілген. Бүгінгі күні адамның қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы
мынадай мәселелерді қамтиды:
•халықаралық және ұлттық стандарттарға сай келетін салауатты қоршаған табиғи ортада
өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері;
•экологиялық қауіпсіздікке байланысты шешімді дайындауға, талқылауға және қабылдауға
қатысу, қоршаған табиғи ортаның жай-күйі туралы тиісті ақпараттар алу;
•қоршаған ортаның ластануы нәтижесінен адам денсаулығына келтірілген зиянды
мемлекеттің өтеуі құқығы.
•Осы орайда адам құқықтарының оның міндеттерінен бөлінбейтіндігін атап кеткен жөн. Бұл
дегеніміз: адам қолайлы қоршаған табиғи ортаға деген құқыққа ие бола отырып, оның
сақталуы үшін қажетті, тиісті нәрсенің бәрін жасауға міндетті дегенді білдіреді.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz