Ұлы жібек жолы


Slide 1

Семей 2015

Тақырыбы:Ұлы жібек жолы

Slide 2

Ұлы Жібек Жолының даму тарихы

Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғ. жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі бұл жолдағы алғашқы, әрі негізгі тауар «жібек» болған.

Slide 3

Ұлы Жібек Жолы - Батыс пен Шығыстың арасындағы ежелгі және ортағасырлық жол. Б. з. д. ІІ ғ. ортасынан ХІҮ ғасырға дейін, яғни Теңіз жолының ашылуына дейін өмір сүрген.

Slide 4

«Жібек жолы» Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) XIX ғасырда ұсынған

Slide 5

Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді.

Slide 6

Ұлы жібек жолының жалпы ұзындығы-7000 км

асады

«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады

Slide 7

Жібек жолының бойындағы қалалар

Тараз

Испинжаб

Отырар

Сауран

Баласағұн

Бұқара

Сығанақ, Мерв, Талхиз, Шаш, Үргеніш, т. б қалалар

Slide 8

Ұлы Жібек Жолының жеке бөліктері

Көктасты (лазурит) жол - Орталық Азия мен Орталық Шығысты Үрдістан және Жерорта теңізімен байланыстырды.

Нефритті жол - Шығыс Түркістан Қытаймен байланыстырды.

Дала жолы - Қара теңіз жағалауынан Дон жағалауына дейін, одан Сарматтар жеріне, одан Ертіс пен Зайсан жағалауына дейін.

Slide 9

Көктасты (лазурит) жол

Байланыс жолдарының бipi-көктас (лазурит) жолы. Көктас Шығыс елдерінде ертеден асыл тас ретінде жоғары бағаланды. Бадахшан тауынан өңдірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Сирияға, Египетке пен Анатолияға жеткізілді. Бадахшан өңірі Бактрия патшалығының иелігінде болатын. Көктас жолы екі мемлекеттің-Бактрия мен Ассирияның арасындағы сауда байланысы болғанын аңғартады. Б. з. б. I мыңжылдықтың басында көктас Қытайға да тасыла бастаған. Азия елдеріне Соғдыдан сердолик (қызыл, қызыл-сары түсті асыл тас), Хорезмнен көгілдір ақық (бирюза) тасылды.

Slide 10

Нефритті жол

Нефрит өзге елдерге таратуда делдал ретінде қызмет атқарды. Батыс Ганьсу мен Шығыс Түрістанның көп жерін алып жатты. Нефрит жолы Шығыс Түркістанды Солтүстік Қытаймен жалғастырды.

Нефрит Қытайда үлкен сұранысқа ие болды. Мемлекеттік, айырым белгілер жасауда және діни рәсімдерде, тұрмыста кеңінен қолданылды.

Slide 11

Дала жолы

Дала жолының қызметі б. з. б. I мыңжылдықтың орта шенінде жандана бастаған. Тарихтың атасы Геродоттың (б. з. б. V ғ. ) еңбегіде Дала жолы туралы мәліметтер кездеседі Дала жолы Азияны Таулы Алтай және Оңтүстік Сібірмен жалғастырды.

Slide 12

Сауда да маңызды рөлді қытайлықтар атқарды: өз елінен алынған тауарларды көрші елдерге тасу арқылы.

Қытай жібегі, фарфор, нефриттен жасалған заттар мен әшекейлер Қазақстан қалаларынан табылған.

Slide 13

Cауда жолында тасымалданған тауарлар

Slide 14

Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдам астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен ислам, будда, христиан діндері таралған.

Slide 15

Жібек жолы тек сауда жолы ғана емес, көшпелі, отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы болды. XVI ғасырдың басыны дейін Жібек жолы аса ірі халықаралық сауда, мәдениет жолы ретінде маңызы кеміген жоқ.

Slide 16

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы. «Талапкер» топтамасы: Арман, 2005

Ч. Мусин Қазақстан тарихы, А. 2003

Қазақстан тарихы бес томдық


Ұқсас жұмыстар
Ұлы жібек жолы бойында сауданың дамуының арқасында
Жібек жолымен араб
Ұлы Жібек жолындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің қалыптасуы
Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
Жібек жолы бағдарламасы
Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы жібек жолының рөлі
Көне түріктердің рухани мәдениеті және Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының тарихи мен дамуы
Жолының рөлі
Батыс пен Шығыс мәдениетін байланыстырған жол
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz