Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларына қарсы биопрепараттар


Slide 1

Тақырыбы:Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларына қарсы биопрепараттар

Алматы 2016

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Министерство сельского хозяйства РК

Казахский Национальный Аграрный Университет

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Дақылдар ауруларының жіктелуі

Биопрепарат түрлері

Профилактикалық препараттар

Қоздырғышты жоюға арналған препараттар

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Жыл сайын зиянкестердің, арам шөптердің және дақылдардың ауруларының кесірінен дүние жүзінде 24% дейін өнім жойылады, ал оның ауыл шаруашылығына тигізетін жалпы шығын көлемі 70 млрд долл. дейін жетеді . Осы зиянкес факторлармен күресу мақсатында біздің елімізде жыл сайын 500мың. т пестицидтер шығарылады

Кіріспе

Slide 4

Аурулардың жіктелуі

Саңырауқұлақтық

Бактериялық

Вирустық

1, 2, 3- сурет. Саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар

Slide 5

Саңырауқұлақтық аурулар

Бұл топқа жататын аурулар жиі кездеседі, аурудың қоздырғыштары - әр түрлі туыстағы патогенді саңырауқұлақтар. Аурудың көзі тұқым, топырақ, “ауру көршілер” болып табылады. Аурудың пайда болу ошағын толықтай жою мүмкін емес, бірақ көлемін айтарлықтай азайтуға болады.

4-сурет. Саңырауқұлақпен зақымдалған қызанақ

Slide 6

Бактериялық аурулар

Бұл топ ауруларының негізгі қоздырғышы - әр түрлі бактериялар. Дақылдың зақымдалу аймағы жалпы және жергілікті түрде болуы мүмкін. Ауруды бактериоздар деп те атауға болады.

5- сурет. Алма бактериозы

Slide 7

Вирустық аурулар

Бұл аурулардың қоздырғыштары - вирустар. Бұл топ ауруларының ерекшелігі: ауру белгілері саңырауқұлақтық және бактериялық ауру белгілеріне ұқсас. Ауруды анықтау тек арнайы тексерулер арқылы жүргізіледі.

6- сурет. Вируспен зақымдалған қырыққабат

Slide 8

Биопрепарат түрлері

Профилактикалық препараттар-дақылдардың иммунитетін көтеріп, зиянкестерге қарсы тұру қабілетін көтеруге арналған препараттар.

Қоздырғышты жоюға арналған препараттар-аурудың қоздырғыштарын өлтіретін немесе өсуін тоқтататын препараттар.

Slide 9

Профилактикалық препараттар

Slide 10

Экоберин

Дақылдардың иммунитетін көтеріп, зиянкестерге қарсы тұру қабілетін көтереді, ультра күлгін сәуленің әсерін бейтараптандырып, дақылды у-лардан, токсиндерден және ауыр металлдардан тазартады.

Ерітіндіні дайындау: 1 литр суға 2 түйіршік препарат салынады. Ерітіндіні дақылға себуге немесе оны суғаруға болады.

7-сурет. Экоберин препараты

Slide 11

НВ-101

Дақылдардың иммунитетін көтеріп, ауруға шалдығу мүмкіндігін төмендетеді. Сонымен қатар дақылдың ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады.

Дайындау тәсілі: НВ-101 тамшы және капсула түрінде шығарылады. 1 литр суға 1 тамшы жеткілікті, ал капсулаларды дақылдардың қатар бойына сеуіп шығуға болады

8- сурет. НВ-101 препараты

Slide 12

Микосан

Дақылдардың иммунитетін көтеріп, дақылдың минералдармен, сумен қоректенуін жақсартады және мықты сабақ пен жапырақтың өсіп шығуына көмектеседі.

Дайындау тәсілі: препарат сұйық түрде шығарылады, арнайы аппараттардың көмегіме дақылға бүркуге болады.

9- сурет. Микосан препараты

Slide 13

Энерген

Дақылдың ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады және дақылды ауыстырып отырғызу кезінде жаңа ортаға тез бейімделуін жақсартады.

Дайындау тәсілі: Энерген тамшы және капсула түрінде шығарылады. 1 литр суға 1 тамшы жеткілікті, ал капсулаларды дақылдардың қатар бойына сеуіп шығуға болады

10- сурет. Энерген препараты

Slide 14

Новосил

Дақылдардың саңырауқұлақтық, вирустық, бактериялық аурулармен ауруын азайтады, дақылдың иммунитетін көтереді және олардың өмір сүру қабілетін арттырады.

Дайындау тәсілі: Ерітінді арнайы нұсқаулық бойынша дайындалады, ол дақылдың түріне байланысты.

11- сурет. Новосил препараты

Slide 15

Қоздырғышты жоюға арналған препараттар

Slide 16

Максим

Саңырауқұлақтық ауруларға қарсы препарат, бұл препаратты бактериоздарға қолдануға болмайды.

Дайындау тәсілі: Ерітінді арнайы нұсқаулық бойынша дайындалады, 1л суға 2 мл тамызып, араластыралады. Дайын болған ерітіндіге дақылды салады, яғни бұл препарат егуден бұрын қолдалыды.

12- сурет. Максим препараты

Slide 17

Ридомил Голд

13 - сурет. Ридомил Голд препараты

Бактериялық аурулар кезінде қолданылады, қоздырғышты жоюға арналған препарат.

Дайындау тәсілі: Арнайы нұсқаулық бойынша дайындалады, бактериоз түріне байланысты. Дақылдарға бүрку арқылы себеді, дақыл түбіріне себуге болмайды.

Slide 18

Квадрис

14- сурет. Квадрис препараты

Саңырауқұлақтық ауруларға қарсы препарат, қоздырғышты жоюға арналған препарат.

Дайындау тәсілі: Арнайы нұсқаулық бойынша дайындалады, құрғақ түрде шығарылады 8 г 10 л суға ерітіліп, оны бүркуге және шашуға болады.

Slide 19

Скор

15- сурет. Скор препараты

Бактериялық аурулар кезінде қолданылады, қоздырғышты жоюға арналған препарат.

Дайындау тәсілі: Арнайы нұсқаулық бойынша дайындалады, құрғақ түрде шығарылады 3, 5 г 10 л суға ерітіліп, оны бүркуге және шашуға болады

Slide 20

Алирин Б

16- сурет. Bacillus subtilis бактериясы. Алирин Б препараты

Бактериялық аурулар кезінде қолданылады, құрамында Bacillus subtilis бактериясы бар.

Дайындау тәсілі: Арнайы нұсқаулық бойынша дайындалады, таблетка түрінде шығарылады шашу кезінде 10 л суға 1 таблетка, ал бүрку кезінде 1 л суға 1 таблетка салынады.

Slide 21

Браво

17- сурет. Браво препараты

Кең спектрлі саңырауқұлақтық ауруларға қарсы препарат.


Ұқсас жұмыстар
Биологиялық препарат түрлері
Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар
Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар жайлы
Бактериалды биопрепараттар. Сипаттамасы
Биопрепараттар мен диагностикумдардың жіктелуі
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және ауруларына қарсы қолданылатын препараттардың биологиялық, шаруашылық тиімділігі
Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер
Биотехнология мамандығы
Көкшетау ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты
Астықтың сызықты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz