Кальян (қор- қор)




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Казахский Национальный
Университеті Аграрный Университет

Тақырыбы:Кальян
(қор- қор)

Алматы 2015
Жоспар:
Кальян туралы түсінік
Кальянның зияны
Химиялық құрамы
Кальянның пайдасы
Қорқор (парсыша ghalyan.
galyum)- тұтатын түтінді
сүзгіден өткізетін және
салқындатып отыратын, шегуге
арналған құрал деген мағнаны
білдіреді.Қазіргі таңда
жастардың көңіл көтеретін
орындарының барлығын жаулап
алған - қорқор (кальян).
Қорқор- темекі секілді табакты
тартуға арналған құрал. Жастар
болса, қорқорды денсаулыққа еш
зияны жоқ деп есептейді.
Қорқор алғаш рет үнді елінде ойлап табылып,
бүкіл мұсылман елдеріне тараған. Еуропада
XIX ғасырда танымал бола бастаған.Ол әр
елде әр түрлі атауға ие. Мысалы, араб
тіліндегі «шиша», «наргила» секілді сөздер өз
елдерінде қолданысқа ие. «Шиша» сөзіне
тоқталып өтсек, ол қорқорлы табак. Оған бір
немесе екі трубка бекітіліп шегіледі. Хош
иістендірілген табак судың үстінен
орналастырылып, жоғарысынан көмірмен
оралған фольгамен жабылады. Түтін оны
салқындататын су арқылы өтіп отырады.
Британия дәрігерлері қорқордың бір порциясын,
шегілген 100 шылымға теңестірген. Темекінің кез
келгенін, оның ішінде, қорқорға арналғанында да
никотин болады. Қорқордың бір толтырымында 6,25мг,
шылымында 0,8 мг никотин болады.
Қорқор- бұл улардың,
қарамайдың (смола)
концерогендер мен
бактериялардың өте зиянды
қоспаларын адам ағзасына
тез жеткізетін «сәнді»
аппарат. Қорқор түтінінің
улылығы шылым түтінен
бірнеше есе жоғары, оның
құрамында қарамай (смола)
мөлшері 36 есе, көміртегі
монототығы 30 есе, улы
иісті газ 8,4 есе, никотин 7,5
есе жоғары.
Химиялық құрамы:
Аммиак
Никотин
Канцерогендер
Радиоактивті элементтер (полоний,радон)
Синил қышқылы
Мышьяк
Формальдегид
Ауыр металдар (қорғасын,кадмий)
Аммиак

Аммиаак — NH3, сутегі
нитриді, қалыпты жағдайда -
өткір иісті (мүсәтір
спирті иісті) түссіз газ.
Никотин

Май тәрізді, иіссіз,
түссіз,жағымсыз дәмі бар
сұйықтық.Есірткілік зат.Өте
улы,адам үшін 1мг дене
салмағының әрбір кг үшін
өлімге алып келетін доза.
Канцерогендер

Адам организмінде рак жасушаларын қоздырушы.
Бензопирен
Қорқордағы көмір 600-650
градусқа дейін қызады, ал
түтінмен бірге қорқор
тартушының өкпесіне
никотинмен қатар бензопирен
өкпе обырын тудыратын және
ДНК мутациясына төзімді тұқым
қуалаушылықпен берілуге икемді
канцероген сияқты қауіпті заттар
да сіңеді. Шылым түтінімен
салыстырғанда, қорқор түтінінің
құрамында бензопиреннің 75,6
есе және ди-бензопиреннің 245
есе жоғары екені анықталған.
Радиоактивті элементтер
(полоний,радон)

Бұл элементтер организмге түскен жағдайда,организмде
мәңгілікке сақталып қалады.Организме бұл элементтер
әсерінен әр түллі этиологиядағы мутацияларды,рак
жасушаларының қозуын және бедеулікті туындатады.
Синил қышқылы

Организмнің қорғаныс қабілетін төмендетеді.Қанда
оттегінің сіңірілуне кедергі келтіріп гипоксияға алып
келеді.
Мышьяк

Организмге түскенде летальды жағдайға алып келетін улы зат.
Формальдегид

Медицинада мәйітті сақтауға қолданады,ал организмде тірі
клеткалардың жойылуына алып келеді.
Ауыр металдар
(қорғасын,кадмий)

Организмге түскен жағдайда ДНҚ құрлысын өзгертіп,гендік
өзгерістерге алып келеді
Кальянның пайдасы

Шығыстың патшаларынан қалған
көңіл көтеру құралын тарту
барысында тыныс жолдарына
біршама жаттығулар жасалады.
Қоспадағы сұйықтық көп болған
сайын тыныс алу бұлшық
еттеріңізге салмақ көп түседі.
Кальянды ингалятор ретінде де қолдануға болады. Ол үшін шыны сауытқа
қажетті тұнбаны құясыз. Өзінің қасиетін жоймаған құрғақ шөптердің
қайнатпасы тұнбаның рөлін жақсы атқарады. Кальянның ингалятор ретінде
қолданылуы – медицинада таптырмас әдіс. Қайнаған шөп тұнасы бар
ыдыстың аузы кең болған жағдайда, ыстық будың көп бөлігі сыртқа шығып
кететінін ескерсек, кальян арқылы демалу пайдалырақ екенін түсінер едік.
Дереккөздер:
http://www.zhardem.kz/print/news/1370601504.html
http://massaget.kz/blogs/5088/
http://kalyan-expert.ru/vred.html
http://health.passion.ru/khoroshee-samochuvstvie/obraz-zh
izni/vred-kalyana-chem-opasno-eto-vzrosloe-razvlechenie.h
tm
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Әлемдік нарықтағы қор биржасы
Түрі Еншілес компания
ЖАПОНИЯ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
Гонконг қор биржасы
Жапония мемлекетінің бағалы қағаз нарығының мәні мен құрылымы
Математикалық жаттықтырушы. Ондық бөлшектерді көбейту
Үндістан Ұлттық Қор биржасы
Қор биржасының инфрақұрылымы
КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
Қаржы рыногы және қор биржасы
Пәндер