Роботтар



Қазіргі заманғы роботтар

Робот (чех. robot, robota - еріксіз еңбек, rob - құл; ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды) - антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған кұрылғы.

Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады.
Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т. б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады.

Роботтардың ең басты таптары
1. Әр робот механикалық негізі - құрылғы, рамадан тұрады. Сол раманың түрі қолданылатын мақсатына қарай өзгереді. Мысалы, робот лай мен құмның үстімен жүретін болса, шынжыр тракторлар қолданылуы мүмкін. Роботтың формасы атқаратын функциясымен тікелей байланысты.
2. Әр робот электр бөлшектерден тұрады. Сол бөлшектер робот жүйелерін толығымен бақылайды. Мысал ретінде шынжыр арқылы жүретін роботты алсақ, сол шынжырларды жүргізу үшін күш керек. Сол күш электр қуаты ретінде келіп, сымдар арқылы өтіп, батареяда сақталады; осы негізгі схема (робот жалпы негізгі операцияларды жасау үшін өз мотор мен сенсорларына біраз энергия жолдауы керек) .
3. Барлық роботтар кішкене болса да компьютер кодын керек етеді. Сол алгоритмде робот қалай жұмыс істейтіні көрсетіледі. Код жазған адам программаның ішінде робот шешімін қалай және қашан қабылдап, әрекет ететінін жазады Программа роботтың негізгі мәнін құрады. Негізгі үш түрлі алгоритмдер бар: қашықтан басқару, жасанды интеллект және гибрид.

Әлеуметтік роботтар - әлеуметтік ережелерді орындай отырып адамдармен байланыс жасайтын және сөйлесетін робот болып табылады.
«Людобот»- ойын- сауық және қарым- қатынас жасауға арналған әлеуметтік робот. «Sony» компаниясы шығарған «Аибо» роботының табысынан
кейін, 2000 жылдардан бастап үй роботтары жалпы мәдениетке дендеп кірді. Бірнеше өндіруші компания робот- шаңсорғыш ойлап шығарды.
Робот - шаңсорғыш Electrolux Trilobite 2. 0
Үй роботтарының ішінде ең атақтысы да - 2003 жылдың соңына дейін 570 000 данасы сатылып үлгерген робот- шаңсорғыштар. Үй роботы- тұрмыстық жұмыстар үшін пайдаланылатын робот.

Жапон елінде ақылды роботтар бастауыш сынып оқушыларына дәріс бере бастады. Олар оқушылардың бет-әлпетіне қарап, олардың аттарын есіне сақтай алады екен. Төменгі сынып оқушыларының білім алуға деген ықыласын арттыру үшін, Жапон астанасындағы бір бастауыш мектепте робот негізгі оқытушыға көмекші ретінде жұмыс жасай бастаған.
Роботтар білім беру саласында қолданыла бастады
Робот 5 сыныпта оқитын 110 оқушының жүзіне қарап оларды тани алғанымен қоймай, жаңылмай бәрінің аттарын айта алады екен. Сонымен бірге бұл «ұстаздың» миына аталған негізгі пәннің
200-ден аса сұрақтары
орнатылғандықтан, оқушылар одан өз пәніне қатысты кез келген сұрақтарды сұрап әрі жауап ала алады екен

Бармағынан бал тамған аспаз-робот
Moley - робот әрі аспаз. Ол смартфонның басқаруымен ғаламтордағы барлық тағам рецептісін жасай алады. Әрине, бұған сену қиын, дегенмен бұл - шындық. Роботтандырылған қос манипулятор (басқару ісін реттеп отырады) ас үй пеші, ыдыс-аяқ жуатын орын және де ас үй құралдарының астында орнатылған. . Жаңа робот ас үйдегі барлық ыдыс-аяқпен де, техникалық құрылғылармен де еркін жұмыс істей алады. Аспаз робот 24 қоспа, 20 мотордың көмегімен жұмыс істейді. Және де британдық Master Chef 2011 аспаздық шоуының жеңімпазы Тим Андерсонның қимылын айнытпай қайталайды. Оның себебі: аспаздың қимыл-қозғалысы алдын ала бейнекамераға түсіріліп, роботтың жадына жүктелген екен.

Кесіртке роботтың пайдасы
Лозанна қаласындағы Швейцарияның жоғары техникалық мектебінің мамандары (Swiss Federal Institute of Technology) саламандра кесірткесінің қимыл-қозғалысын айнытпай қайталайтын робот жасады. Ол 3D баспадан шығарылды, роботтың жүйке жүйесінің жұмысына электронды кесте жауап берді. Бұл туралы National Geographic хабарлайды.
Механикалық роботты жасаушылар жобаға саламандраның рентген суреті мен бауырымен жорғалаушының суда және құрғақтағы жүрісі түсірілген видеоны пайдаланды. EPFL мамандары бұл қаңқаның 3D-моделіне негізделген алғашқы робот деп мәлім етті. Жоба омыртқалылардың қаңқа құрылысын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осыған негіздей отырып ары қарай адамдардың жетілдірілген нейропротездерін жасауға болады, ол мүгедек адамдарға көмекке келеді.

Ауруханаларда робот-медбике қолданылады
Hospi өнімі толық медбикенің ісін орындамағанмен, медбике көмекшісі ісін қиындықсыз атқара алады. Робот медициналық құралдарды тасуға және орнын ауыстыруға арналған. Егер аурухана Wi-Fi жүйесімен жабдықталған болса, ол ауруханалық мекеме картасын жүктеп, өздігінен жолды таба алады және лифтті қолдана алады. Роботтың қозғалу жылдамдығы 1м/с-ті құрайды.
Hospi Сингапурдағы сынаудан өтті. Робот халықаралық ISO 13482 сәйкес келетін жапониялық JIS B 8445 және JIS B 8446-1 стандарттарынан өткендіктен, Жапония және басқа да мемлекеттердің ауруханаларында қолданылады. Panasonic компаниясының айтуы бойынша, робот-медбике осы стандарттардың талабын орындай алған алғашқы робот саналады екен. Жаңа робот - Panasonic компаниясы инженерлерінің медициналық қызметтерге арнап өңдеп жатқан топтамасындағы бір өнімі.

МАРСОХОД
Curiosity марсоходы 5 тамыз күні селфи жасады, - деп хабарлайды НАСА агенттігі. Сурет MAHLI (Mars Hand Lens Imager) деп аталатын құралдың көмегімен Шарп тауының етегінде түсірілген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz