Бұлттық технология



Бұлтты есептеулер индустриясының жаңа бағыттары

Бұлттық технология
Соңғы кезде үрдіс алып отырған жаға
технологиялардың бірі - Бұлттық технология.
Ағылшынша “Cloud technology” немесе “Cloud computing”
(Cloud - бұлт; technology - технология; computing - есептеулер) “бұлт/бұлттық есептеулер” немесе “бұлт/бұлттық технология, қызметтер” деп те атайды. Бұлттық есептеулерді қарапайым сөзбен былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір бағдарламаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты уеб-браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі.

Қазіргі уақытта, «бұлтты» есептеу технологиясы өте танымал, ал Cloud Computing концепциясы дамыған ақпараттық технологияларының ішіндегі ең сәнді тенденция болып табылады. Gartner-дің бағалауы бойынша «бұлт» - 2010 жылғы бизнестің ең басты артықшылықтарының бірі. Ірі әлемдік ИТ вендорлар (Microsoft, Amazon, Google және т. б) «бұлтты» есептеу сервисін енгізуде. Қазіргі уақытта бұлтты есептеу әдетте қажетті есептеу қуатын желіден сұраныс бойынша алуға мүмкіндік береді, ал пайдаланушыға бұл механизмнің құрылу деталі маңызды емес және ол «бұлттан» барлық керек нәрсесіне қол жеткізе алады.

Сloud computing - ді жүзеге асыратын серверлерді «есептегіш бұлттар» деп атайды. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі бағдарламалармен жұмыс істеудегі басты айырмашылығы - тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, ал бірақ сол дереккөздер орналасқан операциялық жүйеге, бағдарламалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.

«Бұлтты» есептеу концепциясы соңғы онжылдықтағы ақпараттық технологиялардың даму эволюциясының нәтижесінде пайда болды және қазіргі уақыттағы ақпараттық қоғамның дамуына бизнестің жауабы ретінде алуға болады. Аналитиктер Гартнер тобы (Gartner Group) бұлтты есептеу - болашақтағы ең ұтымды стратегиялық технология, 5-7 жылдықта ақпараттық технологиялардың көп бөлігі «бұлт»-қа көшеді деп болжауда. Олардың бағалауы бойынша, 2015 жылы бұлтты есептеу көлемі бойынша жасалынған қызметтер құны 200 миллиард долларға дейін жетеді.
Ақпараттық технологиялардың төңiректерiндегi ашық қызметте бұлтты есептеулердi қолдану туралы алғашқы идеяны белгiлi ғалым, 1960-шi жылы LISP тiлiн ойлап тапқан, профессор Джон Маккартиға (John McCarthy) Стэнфорд университетi ұсыныс жасаған.

«Есептегіш бұлттар» мақсатына қарай мынадай төрт түрге бөлінеді:
Жеке бұлттар (private cloud) - жеке кәсіпорындарының өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен олардың тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Жеке бұлттар сол кәсіпорынның өздеріндегі серверлерде орналатылуы мүмкін. Немесе сыртқы тұлғаларда - ірі провайдерлердің сервер орталықтарында (Data-center) орналасып, VPN-каналы арқылы қолжетімді болуы мүмкін.
Ортақ бұлттар (public cloud) - көпшілікке арналған, олардың интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Интернет желісіндегі Google, Yahoo т. с. с электрондық пошта жүйелері, Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерді Ортақ бұлттардың мысалы ретінде қарауға болады.
Қоғамдық бұлттар (community cloud) - ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфраструктура.
Аралас бұлттар (hybrid cloud) - екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас комбинациясын атауға болады. Бұлт түрінің осы моделін географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар, немесе көптеген бағдарламалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.

Тұтынушыларға қызмет көрсету моделі мақсаты мен құрамына байланысты мынадай негізгі үш түрге бөлінеді (IaaS, PaaS, SaaS) :
1) Бағдарламалар сервис ретінде (Software as a Service, қысқаша SaaS) дегеніміз - тұтынушы “бұлттарда орналасқан” бұлт иелерінің меншігіндегі бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің бір түрі. Тұтынушы кез-келген жерден интернетке қосылған кез-келген компьютерлік құралғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады. Бағдарламаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, және оған кететін шығындарды толығымен бұлт иелері өз мойнына алады да, ал тұтынушы (егер сервис ақылы болса) тек сол бұлтты сервисті қолданғаны үшін ғана айлық жарнақы төлеп тұрады. Осылайша, тұтынушы өзіне керекті бағдарламаның лицензиясын сатып алуға бірден көп ақша шығармайды да, ал бағдарлама құрастырушылар өз өнімдерінің заңсыз таралуынан және заңсыз пайдалануынан сақтандырылады.

2) Тұғырнама сервис ретінде (Platform-as-a-Service, қысқаша PaaS) дегеніміз -тұтынушы өзінің негізгі бағдарламалары мен жаңадан жасалатын, немесе сатып алатын бағдарламаларын бұлттарға қою мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің екінші бір түрі. Мұндай тұғырнамаға көбінесе бағдарлама жасауға, оны сынауға, орындауға арналған құрал-жабдықтар, дерек көздерін басқаратын жүйелер, бағдарлама жазатын орта мен құралғылар кіреді. Қазіргі кезде көптеген бағдарламалар бір ортада жазылып, екінші ортада сынақтан өтіп, үшінші ортада іске қосылып жататыны жасырын емес. PaaS моделінің арқасында жоғарыда аталған құрастыру, сынау, іске қосу операцияларын интеграциаланған бір ортада өткізуге болады. Соның арқасында жаңағы айтылған әрбір ортаға, тұғырнамаға, сервер сатып алуға кететін шығындарды үнемдеуге болады. Осы модельдің жарқын мысалы ретінде уеб-сайттарға арналған хостинг қызметтерін айтуға болады.
3) Инфрақұрылым сервис ретінде (Infrastructura-as-a-Service, қысқаша IaaS) - моделін тек ірі кәсіпорындар пайдалануы мүмкін. Оның жеке тұлғаларға қажеттілігі шамалы. Сонымен IaaS моделі дегеніміз - тұтынушы өзіне керекті әртүрлі компьютерлік инфраортаны пайдалана алу мүмкіншілігіне ие бола алатын бизнес-модельдің үшінші бір түрі. Мұндай компьютерлік инфраортаға серверлер, мәлімет сақтау жүйелері, желілік құралғылар, осы ресурстарды басқаруға арналған бағдарламалар, операциалық жүйелер және т. с. с кіреді. Бұл сервисті пайдаланған кәсіпорындар қымбат құралғылар мен бағдарламаларды сатып алу қажеттілігінен құтылады да, тек пайдаланған инфраортаның құрамы мен пайдаланған уақытына ғана сәйкес қаражат төлейді. IaaS моделін пайдаланудың мысалы ретінде онлайнды MS Office бағдарламасын, «1С: Кәсіпорын» және кейбір антивирусты шешімдерді айтуға болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz