Балалар организмі реактивтілігінің ерекшелігі. Диатез түрлері


Slide 1

Орындаған: Әбдіқадыр Ә.

Тобы: ЖМ16-008-01

Қабылдаған: Арипова Ж. А.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

СӨЖ

Slide 2

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Балалардағы реактивтілік түрлері

Диатез туралы түсінік

Диатез түрлері

Патогенезі

Клиникалық көріністері

Емі

III. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Сыртқы және ішкі биологиялық тосқауылдардың толық жетілмеуіне;

Жүйке және эндокриндік жүйелердің жетілмеуіне;

Иммундық жүйенің толық дамымауына.

Slide 4

Табиғи биологиялық тосқауылдардың жетілмеуі нәтижесінде:

Әртүрлі ауру туындататын қоздырғыштар

( микробтар, уыттар, улар, иондағыш сәулелер т. б) организмге жеңіл өтіп кетеді;

Жұқпалар мен уытты заттар, бір жерде ұсталып тұрмай, бүкіл денеге тарап кетеді;

Улы заттарға, дәрілерге организмнің сезімталдығын көтеріледі.

Slide 5

Жүйке және эндокриндік жүйелердің жетілмеуінен:

Мида гипоталамус, торлы құрылым, көру төмпешігі және мидың сыртқы қыртысы өзара функциялық қарым- қатынасқа бірікпеген. Олардың бұлай бірігуі туғаннан кейін 4 айдан соң ғана қалыптасады. Көру төмпешігінде ауырсыну орталығының және шеткері қабылдағыштарының толық жетілмеуінен жаңа туған нәрестелерде ауыру сезімі әлсіз болады;

Жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруы кезінде бүйрек үсті бездерінің қызметі әрдайым жеткіліксіз болады. Өйткені эр-ң гемолизінен босаған гемоглобиннен түзілген тура есес билирубин, бүйрек үсті бездерінің жасушаларында жиналып, оларда тотығу-фосфорлану үрдістерін ажыратады.

Slide 6

Иммундық жүйенің жеткіліксіздігінен:

Иммундық жүйенің, әсіресе оның гуморалдық тетіктерінің, қалыптасуы мен дамуы жеткіліксіз болуынан жас балалар жұқпалы және вирустық аурулармен аурушаң келеді. Сонымен бірге жаңа туған нәрестелерде, әсіресе шала туған балаларда, төзімділіктің арнайыланбаған тетіктері де жетілмейді. Туғаннан кейінгі алғашқы апталарында олардың қанында лизоцим және комплемент өте аз болады. Сондық тан терісінің тосқауылдық қызметі біршама болғанына қарамай, олардың денесінде бактериялар тез өсіп-өніп кетеді. Оларда фагоцитозда жиі аяқталмаған болады, екі жасқа дейінгі балаларда интерферон өте аз мөлшерде өндіріледі.

Жаңа туған нәрестелердің алғашқы екі айларында аллергеннің әсеріне елеулі аллергиялық серпілістер байқалмайды. Оларда аллергиялық серпілістер ішек-қарын жолдарының бұзылыстарымен( құсумен, іш өтулерімен) дерматиттер дамуымен көрінеді.

Slide 7

Диатез - терінің аллергиялық қабыну сырқаты. Оған көбінесе тектік бейімдігі бар балалар шалдығады. Бұндай тектік бейімдікті «атопия» деп атайды. Нәресте шақта атопия көбіне атопиялық дерматит түрінде көрініс береді. Оны бұрын «экссудативті диатез» деп атайтын. Атопия көптеген аллергендерге қатысты болуы мүмкін: тағамдық, шаң-тозаңдық, дәрі-дәрмектік, бактериялық, вирустық аллергендер, т. б.

Диатез жүре келе аллергияның ауыр түрлеріне ауысуы мүмкін. Мысалы, аллергиялық тұмау немесе қолқа демікпесіне. Балада аллергияның бұл түрлерінің бәрі қатар жүруі мүмкін, бұл ауру түрін, «аллергиялық триада» деп атайды.

Slide 8 Slide 9

Ағымы. Сәбидегі диатез оның өмірінің алғашқы айларынан басталуы мүмкін. Сырқаттың ағымы үш кезеңге бөлінеді: нәрестелік, балалық және жасөспірімдік немесе ересек кезең. Бұл кезеңдердің бәрі аурудың асқынуымен, одан соң бәсеңсуімен өтеді. Жасөспірім шақта балалардың көбі диатезден біржолата құтылады. Нәресте диатезі сәби өмірінің алғашқы айларынан бастап екі жасқа дейін созылады.

Slide 10

Диатездің патогенезінде : аллергияның алатын орны күмән келтірмейді. Оны теріге және тері асты аллергенді енгізгенде байқаудың оң нәтижелі болуы және айқын көрінетін эозинофилия дәлелдейді.

Аллергияның дамуы, ағзадағы көптеген функцияларының бұзылысына соқтыратыны мәлім, :бауыр жұмысы және көптеген зат, май және сулы-тұз алмасуы бұзылады. Жануар және өсімдік текті тағам өнімдері, дәрі-дәрмектер, химиялық заттар аллерген болуы мүмкін.

Slide 11

Жүйкелік-буын қабынулық диатез. Бұл кезде жүйке жүйесінің қозымдылығы көтеріледі, семіру, нефрит, нефрокальциноз, подагра т. б артриттер дамуына бейімділік байқалады. Жандүниелік дамуы ерте байқалып-, айтқан сөзді н -се оқып бергенді есінде онай сақтайды.

Астениялық диатез. Бұл кезде жалпы әлсіздік, қан тамырларының серпілістерінің құбылмалылығы болады. Оларда жиі ішкі ағза-дың қалыпты орнынан төменге ығысуы болады.

Slide 12

Эксудативті-катаральды диатез

Эксудативті-катаральды диатез

Балада ең көп кездесетіні-эксудативті-катаральды диатез. Оның аты латын сөзі esudarae -терлеу және грек сөзі cataros -ағу дегеннен шыққан. Атынан аурудың мәніде көрінеді. Ол тері және шырышты қабаттардың оңай жаралануымен, аллергия дамуымен сипатталады.

Балаларда бұл диатез жиілігі әр зерттеулерде әр түрлі 10-50 % арасында.

Ағзаның конституциялық ерекшеліктері және тұқым қуалайтын факторлар, конституция аномалиясының патогенезінде әжептеуір орын алады.

Диатез қалыптасуында басты орынды жүйке-жүйесі жұмысының бұзылысы алады. Теріде зақымдану симметриялығы, оның дамуы, үлкен аумақты тез қамтуы, эксудативті диатез дамуындағы жүйке жүйесінің ролін көрсетеді

Slide 13

Клиникасы. Экссудативті диатездің, әдетте алғашқы көріністері 3-5 айда көрінеді. 1-жылдың 2-ші жартысында және 2-ші жылдың басында жоғары деңгейіне жетеді.

Диатездің ең ерте көрінісі -гнейс. Ол маңдайда, қастың үстінде, еңбек маңында майлы қабыршықтар пайда болуымен сипатталады, олар бүкіл басқа тарауы мүмкін. Жағдайсызда гнейс себорейлі экземаға, құрғақ экзема ылғалдыға ауысуы мүмкін. Экссудативті диатездің тағы бір ерте белгісі-«сүтті қабыршақтың» пайда болуы. Ол бала бетінің ұшы қызарумен басталып, кейін көпіршікке айналады, сосын жарылып, қоңыр-қызыл қабыршыққа не сүтті қабыршыққа айналады. Кейде тері көріністері ылғалды экземаға айналып, тез бүкіл денеге тарауы мүмкін. Қышыма боп, ұйқы бұзылып, мазасызданып, тәбеті төмендейді, қасынудан тері зақымдануы пайда боп, 2-ші жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Экссудативті диатездің көріністерінің бірі - тері баздануы

( құлақтың арты, қолтық асты, мойын тері қыртысы) .

Slide 14

А. Д. Адо, А. М. Безредко эксудативті -катаральды диатезді баланың кейбір аллергендерге сезгіштігі жоғарылауынан орталық жүйке жүйесінің нейротрофикалық жұмысының бұзылуы деп қарайды. Ондай аллергендерге : шикі жұмыртқа, цитрусты шырындар, сиыр сүтінің белогы, басқа белокты заттар жатады.

Slide 15 Slide 16

Экссудативті диатезде көптеген зат алмасу түрлері әр- түрлі дәрежеде зақымданады. Сілті- қышқыл теңдігінің ацидозға қарай бейімдеуі айқын байқалады, ал ацидозда басқа мүшелердің бүкіл зат алмасуы бұзылатыны мәлім. Бұл балаларда көмірсу алмасуының бұзылуы бауырда гликоген синтезделу қасиетінің төмендеуімен сипатталады.

Көптеген зерттеулердің мәліметтері бойынша май алмасуы да зақымданады, гипохолестеринемиямен байқалады. Коллоидты - осмотикалы жағдайды белгілі бір күйде ұстауда, дезинтоксикация және витамин пайда болуында холестериннің маңызы зор.

Slide 17

Антиген-антитела реакциясы, белгілі дәрежеде, глюкокортикоидтармен реттеледі.

Диатездің бұл түрінде бүйрек үсті безінің альдестеронды көп бөлуі байқалады, ол тұз реабсорбциясын көтереді, әсіресе ас тұзын, бұл тіннің су тұрақсыздығына әкеледі. Альдестерон көптігі глюкокортикоидтар пайда болуын төмендетеді, сонымен тұйыққа тіреледі.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Организм реактивтілігі, анықтамасы
Ешкі сүтінің емдік қасиеті
Балалар аурулары
Ешкі сүті
Орфандық аурулар
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: несеп қышқылды диатез,құстар подаграсы, төлдің несеп қышқылдық инфарктісі
Эпохальды акселерация
Fast Food және оның зияны
Балық майында
Пестицидтердің адам ағзасына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz