Қазақстанның Қызыл кітабы
Презентация қосу
"Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" деп, табиғаттың тілсіздігі
үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады. Ол - Қызыл кітап...
Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс?
Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды.
Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі
жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді.
Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың
қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды
ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін
жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік
иелерінің төлқұжаты іспетті.
Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр,
қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді.
Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып,
жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне
енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және алтай таулары. Өсімдіктердің 303
түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер
келтірілген.Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай
мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының
ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және
жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.Адамдар мыңдаған
жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан-
жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ,
сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына
әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен
жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті
құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар
көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт
қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның
орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер,
ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы
аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші
бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта
толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы
жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты
қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды
мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Арқар (лат. Ovis ammon) – жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер
тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары.
Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см.
Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30
кг. Ұрғашыларының кейде қысқа мүйізі болады. Таралуы: Жерорта теңізі
аралдары алдыңғы орта орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД
кеңістігінде арқардың 10-нан астам түршесі таралған. Олар бір-бірінен
көлемі салмағы мүйізінің пішіні мен құрылысы т.б. ерекшеліктерімен
ажыратылады. Кейде арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық
муфлонүстірт арқары Олардың хромосом құрамы әртүрлі бірақ олардың
будандары тұқым береді. Саны азаюда. 7 түршесі ХТҚО және КСРО
Қызыл кітаптарына енгізілген. Арқар үй қойларымен будандастыруға
пайдаланған. Соның нәтижесінде биязы жүнді тау мериносы мен
арқармеринос қой тұқымдары
Ақбөкен, киік ( Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы
ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары
плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер
Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің
бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары
мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек,
дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған.
Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш
тартады,
қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге
бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең
өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн
салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды.
Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді.
Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл
жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен
тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді
аулауға
тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен
аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған
күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланад
Үнділік немесе айдарлы тауыс
Тауық отрядының ең ірі түрі.
Үндістанда, Шри-Ланка аралында, Ассамда тараған.
Таулы жерлерді, сонымен қатар жартасты жерлердегі сирек ормандар мен нулы
жерлерді мекендейді. Бәрінен бұрын бұталар мен шөпті өсімдіктер қалың өскен жерлерді
қалайды. Қауіп төнгенде және ұйықтау үшін ағашқа қонады. Тауыстардың іс-қимылына
қарап үнділер жолбарыстардың таяп қалғанынбіледі.
Үндістанда қасиетті құс саналған: оны өлтіргендерге жазалау қаупі төнген.
Бір үйірде 30-40 тауыс топталып жүреді. ХҮІІІ ғасырда мыңнан аса құсқа жеткен
үйірлер байқалған.
Тауыстар үшін үй тауықтарына тән жем қорек болады.
Ұясын жерге, бұталармен бүркелген тұсқа салады. Ұя жіңішке сабақты шөптерден және
кепкен жапырақтардан салынады.
Ұяда 4-тен 15-ке дейін жұмыртқа болады. Тауыс мекиені өте орнықты отырады.
Қолға үйретілген құстарды Еуропаға алғаш рет Александр Македонский әкелген.
Тауыстар ежелден сарайларда, саябақтарда және әуесқойларда ұсталған.
Бұрын олардың етін «патшалық» тойлар кезінде пайдаланған.
Зообақта оларға дәндер және жеміс, көкөніс, ірімшік... сияқты жеңіл азық беріледі.
Қамауда да көбейеді.
Үлкен аққұтан (лат. Ardea alba) –
ескекаяқты құстар отрядының құтандар
тұқымдасына жататын ірі әрі өте сақ құс.
Қазақстанның оңтүстік аймағында таралған.
Жайық бойын, Қамыс — Самар өзендері, Балқаш
— Алакөл ойысында жатқан көлдер
жағалауларын мекендейді. Түсі ақ, салмағы 1,5
кг, қанатының ұзындығы 40-45 см болады.
Қимылы баяу, үн шығармайды. Олар топтасып
тіршілік етеді, ұя салар кезінде қамыстың
арасында шағын топ немесе жеке-жеке жұп
құрады. Мекиені 3-5 ақ, көкшіл тартқан жұмыртқа
салады да, оны екеуі кезектесіп басып шығарады.
Балапандарын 45 күн ұяда асырайды. Ақ құтан
балықпен, көлбақалармен, көкқасқа шегірткемен,
инеліктермен, жәндіктермен және олардың
дернәсілдерімен, ұсақ кеміргіштермен,
кесірткелермен қоректенеді. Аққұтан – жыл құсы.
Қазақстанға наурыз айында ұшып келеді де,
қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Кейбір А
құтандар Қазақстанның оңтүстігіндегі қатпайтын
өзендердің бойында қыстап қалады. Бір кезде Ақ
құтандар қауырсынына бола көп ауланған.
Аққұтан — сирек кездесетін құс
Бүркіт - (лат. Aquila chrysaetos) — сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға
тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде
тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1—2
жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстандабүркітті қолға үйретіп
түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы
бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі. Кең
қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30
—35 см) ұшқан кезде "ұшып бара жатқан қанатқа" ұқсайды. Ұябасары
шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша "алтын қыран" деген аты
күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген.
Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең
түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға,
құзжартастардың басына, ал далалы жерде — жерге салады. Өте
жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған
кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды. Ұсақ және орташа
сүтқоректілердіжәне құстарды ұстайды. Қазақстанда ормансыз және
шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста
көбіне оңтүстікке ұшып кетеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz