Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласының бағдарламалық мәні мен стратегиялық бағыттары


Slide 1 Slide 2

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қажет уақытта қажет жерде шыққан мақала деп санаймын. Бұл - қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» біз барынша мән беріп, берік байлам етіп алуға тиісті тұстарына қысқаша тоқталып өтсек.

Slide 3

Біріншіден, «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Бұны мақала авторы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тарауында айтып отыр. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

Slide 4

Екіншіден, елбасының ла­тын әліпбиіне 2025 жылдан бастап көшіп, оған дейін әдістемелік дайындық жұмыстары­ның жасалатыны туралы. Бүгінде бүкіл әлем латын әліпбиінде сөйлейді. Сондықтан бұл да өзекті мәселелердің бірі.

Slide 5

Үшіншіден, білім. Білім болғанда да ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім. Елбасының Қазақстанның үшінші жаңғыруына байланысты келелі ойларын қолдай келе, оны жүзеге асырудың бір жолы бәсекеге қабілеттілікте дер едім. Бәсекеге қабілетті болу үшін білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие алу керек. «Тәрбиесіз берілген бі­лім - адамзаттың хас жауы» деп әл - Фараби бабамыз айтқандай біз тәрбие мен білімді қатар жүргізуіміз қажет.

Slide 6

Сонымен қатар мақалада айтылған туған жер, туған ел бағдарламасымен бірге қазақ жерінің тарихи-туристік белдеулерін түзу, заманауи қазақ қоғамының қалыптасуына үнсіз үлес қосып жүрген 100 азаматтың есімін анықтау, қазақ зиялылары мен олардың шығармаларын шет елдерде насихаттау деген ойларын да құптаймыз.

Slide 7

Елбасын ел руханиятына шұғыл бет бұрғызған жайт, алдымен, Қазақстан үшін қауіпті күштердің көбейе түсуі болса керек. Ол - экстремизм, ол - бізге жат жаңа діни ағымдар, ол - ұлтты өзінің ұлттық келбетінен айырып, тілі мен ділінен жеріндіретін мультимәдениттердің топтамасы.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Қорытындылай келе айтарымыз, елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тәуелсіз еліміздің даму бағыты өрілген өзекті мақала екені даусыз.

Slide 11

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар: кураторлық сағат сценарийлері мен талдауы
Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөлі мен болашаққа бағдар
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және ұлттық сананы жаңғырту стратегиясы
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік пен білімнің стратегиялық рөлі
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиясы және Президенттік жолдаулардың стратегиялық рөлі
Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік, білім және латын әліпбиіне көшу
Рухани жаңғыру және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру
11-сынып оқушыларының ата-аналарымен кәсіби бағдар және болашаққа бағыт-бағдар беру кездесуі
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: ұлттық идеяның философиялық-тарихи негізі мен білім беру рөлі
Рухани жаңғыру: ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту және негізгі жобалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz