КЕДЕНДІК ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ




Презентация қосу
КЕДЕНДІК ЖӘНЕ
ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Жоспары:

1. Кедендік бақылау жүргізудің принциптері;
2. Кедендік бақылау жүргізу;
3. Кедендік бақылаудағы тауарлар;
4. Кедендік бақылау аймақтары;
5. Кеендік бақылау нысандары;
6. Валюталық бақылау;
7. Валюталық бақылаудың міндеттері мен
мақсаттары;
8. Валюталық бақылау органдары;
1. Кедендік бақылау жүргізу принциптері;
1.Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу
принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына
жүктелген Кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан
Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті
кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі.
2.Кедендік бақылаудың объектілері мен нысандарын таңдаған кезде
тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады.
3.Кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында кеден органдары
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет
мемлекеттердің кеден органдарымен ынтымақтасады.
4.Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден
органдары басқа бақылаушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ
сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, уәкілетті
экономикалық операторлармен, кеден өкілдерімен, кедендік
тасымалдаушылармен және қызметтері сыртқы сауданы жүзеге асыруға
байланысты тұлғалармен және олардың қауымдастықтар (одақтар)
түріндегі кәсіби бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасайды.
5.Кеден органдары өз құзыреті шегінде, Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның
ішінде экспорттық, валюталық және радиациялық бақылауды жүзеге
асырады.
2. Кедендік бақылау жүргізу
КЕДЕН ОРГАНДАРЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕН
ЗАҢНАМАСЫНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА
СӘЙКЕС ЖҮРГІЗЕДІ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ АТЫНАН КЕДЕНДІК
БАҚЫЛАУДЫ ӨЗДЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ (ФУНКЦИОНАЛДЫҚ) МІНДЕТТЕРІНЕ
СӘЙКЕС КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУГЕ УӘКІЛЕТТІ КЕДЕН
ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ЖҮРГІЗЕДІ.
Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылауды:
1) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) осы
Кодекске сәйкес декларациялауға жататын тауарларға, оның ішінде көлік
құралдарына;
2) Кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес табыс ету көзделген кедендік декларацияға, тауарлар туралы
құжаттар мен мәліметтерге;
3) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі
саласында қызметтер көрсетуге байланысты тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жеке
кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтерге;
4) Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін тұлғаларға қатысты жүргізеді.
КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ АЙМАҒЫНДА, СОНДАЙ-АҚ
ТАУАРЛАР, КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРІ, ОНЫҢ
ІШІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНДАҒЫ МӘЛІМЕТТЕРІ БАР ҚҰЖАТТАР
ОРНАЛАСҚАН, КЕДЕН ОРГАНДАРЫ БЕЛГІЛЕЙТІН БАСҚА ДА ЖЕРЛЕРДЕ
ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
3. Кедендік бақылаудағы тауарлар;

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кезде
тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасынан өткен
кезден бастап кедендік бақылауда болады
Қазақстан Республикасының аумағында пайда болған және
орналасқан, осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлар
мәртебесін иеленген тауарлар пайда болған кезден бастап
кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептеледі.
Тауарлар мен оларға жасалған құжаттарға кедендік
бақылауды жүзеге асыру мақсатында автомобиль көлік
құралдарын кедендік бақылау аймағынан тыс жерде
тоқтатқан жағдайда мұндай бақылаудың уақыты екі
сағаттан аспауға тиіс. Мұндай бақылауды жүзеге асыру
туралы Комиссияның шешімімен айқындалатын нысанда
акт жасалады, оның бір данасы тасымалдаушыға беріледі.
Кедендік бақылаудағы тауарлар:
1) шартты түрде шығарылған тауарларды немесе кері импортты қоспағанда, ішкі тұтыну
үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырғанға;
2) шартты шығарылған тауарлар Кеден одағының тауары мәртебесін иеленгенге
3) осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырғанға немесе
жойылғанға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының
меншігіне айналдырылғанға;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан іс жүзінде әкетілгенге;
6) шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу операциялары нәтижесінде пайда
болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз затқа
жатқызғанға;
7) кедендік аумақта қайта өңдеу немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік
рәсімдерімен орналастырылған шетелдік тауарлардың бөлігін өндірістік шығындар деп
танығанға дейін кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептеледі.
Кеден органдары тұлғалардың тауарларды, оның ішінде тауарларды қайта өңдеу
нәтижесінде алынған тауарларды, егер осындай тауарлар осы Кодексте белгіленген кедендік
рәсімдерге сәйкес міндетті кері әкелу немесе әкетуге жататын болса, кері әкелу немесе әкету
туралы міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады.
Кеден органдары көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен теңіз және әуе
кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл ретте, шетелдік кемелер мен басқа
мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (қайтару) жөніндегі әрекеттер Қазақстан
Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарына сәйкес жүргізіледі.
4. Кедендік бақылау аймақтары
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу
пункттерінде көлік-логистика орталықтарында, сондай-ақ
кедендік декларациялау және өзге де кедендік операциялар
жүргізу орындарында кедендік бақылауды жүзеге асыру
мақсаттары үшін кеден органдары кедендік бақылау
аймақтарын құрады. Уақытша сақтау орындары мен
қоймаларының, кедендік және еркін қоймалардың, арнайы
экономикалық аймақтардың, бажсыз сауда дүкендерінің
аумақтары да кедендік бақылау аймақтары болып табылады.
Кедендік бақылау аймақтары кеден ісі саласындағы уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесі немесе кеден басшысының (оны
алмастыратын адамның) өткізу пункттерінің, көлік-логистика
орталықтарының аумақтарында, кедендік декларациялау және
осы Кодексте көзделген, өзге де кедендік операциялар жүргізу
орындарында кедендік бақылау аймақтарын құру туралы
бұйрығының негізінде құрылады.
5. Кедендік бақылау нысандары

1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
2) ауызша сауалнама;
3) түсіндірмелер алу;
4) кедендік қадағалау;
5) кедендік қарау;
6) кедендік тексеріп қарау;
7) жеке кедендік тексеріп қарау;
8) тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда
сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру;
9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау;
10) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу;
11) тауарларды есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті
тексеру;
12) кедендік тексеру кедендік бақылау нысандары болып табылады.
6. Валюталық бақылау;
Валюталық бақылау — шет ел валютасын сатып алу және
онымен жасалатын операцияларды жүргізу тәртібін мемлекеттік
реттеу жүйесі. Әдетте, шет ел валютасымен жасалатын
операцияларды жүргізуге лицензиялар беруге елдің
Қаржы министрлігі немес е оның орталық (ұлттық) банкісі
уәкілетті. Валюталық бақылау бағыттарда жүзеге асырылады.
Олар:
1) ұлттық валютаның, құнды қағаздардың, валюталық
құндылықтардың елдің кеден шекарасы арқылы өтуін бақылау; 2)
тауарлар мен көлік құралдарының елдің кеден шекарасы арқылы
өтуімен байланысты валюта операцияларын бақылау;
3) елдің валюталық, экспорттық-импорттық және басқадай
сыртқы экономикалық операцияларға қатысты заңдарының
сақталуын бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру;
4) резиденттер мен бейрезиденттер тарапынан елдің валюта
операцияларын жасауды реттейтін заңдары мен идаралық
нормативтік актілерінің, мемлекет алдында шет ел валютасы
жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын бақылау. Қазақстанда
валюталық бақылауды тиісті заңдарға және Кеден кодексіне
сәйкес қаржы-валюталық бақылау кодексті мен Кеден кодексті өз
құзыреті шегінде жүзеге асырады.
7. Валюталық бақылаудың міндеттері мен мақсаттары;

1. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ ТҰРАҚТЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСАТЫНА
ЖӘРДЕМДЕСУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
2. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ:
1) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЙНАЛЫСЫНЫҢ ТӘРТIБIН
БЕЛГІЛЕУ;
2) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАҒА ОДАН ӘРI КIРIГУI
ҮШІН ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАУ;
3) ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР МЕН КАПИТАЛ
ЛЕГI ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАНЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
8 . В а л ю т а л ы қ б а қ ы л ау о р г а н д а р ы
1. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар валюталық
реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының
Үкiметi осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін
мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады.
Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөнiндегi
нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті
түрде келісiлуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы
ретiнде:
1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі
қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;
2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртi
бiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдер
3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент
еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге
асыру тәртiбiн;
4) уәкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес
барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық
операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейдi.
Назарларыңызға рахмет

Орындаған: Иргебекова Фариза
Болатқызы
Тексерген: Агыбаев Арыкбай
Нусупалиевич

Ұқсас жұмыстар
Кедендік және валюталық бақылау
Шетелдік инвестицияларды тарту әдістері Шетелдік инвестицияларды шектеу әдістері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ
Халықаралық еңбек бөлінісі Халықаралық интеграция
Кеден органдарының міндеттері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА
Сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне салық салу, оның тәртібі және есептелу
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТУРКИЯ ЕЛІНІҢ КЕДЕНДІК ЗАҢНАМАСЫ
Шет елдердегі баға құру және бағаларды реттеу тәжірибесі
Халықаралық еңбек бөлінісі, интеграция
Пәндер