Ақсу Жабағылы қорығы




Презентация қосу
Тақырыбы: Ақсу Жабағылы қорығы

Орындаған:
Қабылдаған:.
ЖОСПАР
АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫ
ҚОРЫҚТЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
НЕГІЗГІ ӨЗЕНДЕРІ
«АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ» АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?
ҚОРЫҚТЫҢ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ
ҚОРЫҚТЫҢ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ
ҚОРЫҚТЫҢ ҚҰСТАР ӘЛЕМІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ КӨНЕ ҚОРЫҒЫ
АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫНЫҢ ӘСЕМ ТАБИҒАТЫ
АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫ
АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫ — ТАЛАС АЛАТАУЫНЫҢ
(БАТЫС ТЯНЬ-ШАНЬ) СОЛТҮСТІК-БАТЫС БӨЛІГІН ЖӘНЕ
ӨГЕМ ЖОТАСЫН АЛЫП ЖАТҚАН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ТҰҢҒЫШ ҚОРЫҚ. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖУАЛЫ
АУДАНЫ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН.
ҚОРЫҚ АҚСУ ЖӘНЕ ЖАБАҒЫЛЫ АТТЫ ЕКІ ӨЗЕННІҢ
АРАСЫНА ОРНАЛАСҚАН. ОЛ 1926 Ж. ҚҰРЫЛҒАН.
ҚҰРАМЫНДА ҚАРАТАУДАҒЫ «ҚАРАБАСТАУ» (126
ГЕКТАР) ЖӘНЕ «ӘУЛИЕ» (100 ГЕКТАР) ТЕЛІМДЕРІ БАР.
ЖЕРІНІҢ АУДАНЫ 128118 ГЕКТАР (2007). ҚАЗІР АҚСУ–
ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫ ЮНЕСКО ЖАСАҒАН
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРЫҚТАР ТІЗІМІНЕ ЕНГЕН.
ҚОРЫҚТЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
ТЯНЬ-ШАНЬ – ОРТА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ
АЗИЯДАҒЫ ОРАСАН ЗОР ТАУ ЖҮЙЕСІ. ОЛ 2,5
КМ ШАҚЫРЫМҒА СОЗЫЛЫП, БІР ҚАТАР
ТҰТАСТАЙ ТАУ ЖОТАЛАРЫНАН ҚҰРАЛҒАН.
АҚСУ-ЖАБАҒЛЫ ҚОРЫҒЫ ТАЛАС АЛАТАУЫ
МЕН ӨГЕМ ТАУЛАРЫНЫҢ СОЛТҮСТІК-БАТЫС
СІЛЕМДЕРІНДЕ ОРНАЛАСҚАН.
АҚСУ – ЖАБАҒЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ
ҚОРЫҒЫ ЕКІ МЕМЛЕКЕТПЕН – ҚЫРҒЫЗСТАН
ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАНМЕН ШЕКТЕСЕДІ,
ҚОРЫҚТЫҢ ЖЕРІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮЛКІБАС, ТӨЛЕБИ,
БӘЙДІБЕК АУДАНДАРЫН ЖӘНЕ ЖАМБЫЛ
ОБЛЫСЫНЫҢ ЖУАЛЫ АУДАНЫН
ҚАМТИДЫ.
ҚОРЫҚТА ЕҢ БИІК ТАУ – САЙРАМ ШЫҢЫ, ОНЫҢ БИІКТІГІ ТЕҢІЗ
ДЕҢГЕЙІНЕН 4238 М. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ БҰЛ ТАУДЫ «АҚТҮЙЕ ӨЛГЕН»
ДЕП АТАҒАН, ӨЙТКЕНІ ТАУДЫҢ КӨРІНІСІ ЖАНСЫЗ ЖАТҚАН ТҮЙЕГЕ
ҰҚСАЙДЫ.
ҚОРЫҚТЫҢ ЕҢ НЕГІЗГІ ӨЗЕНДЕРІ – АҚСУ ЖӘНЕ ЖАБАҒЫЛЫ. АҚСУ – ЕҢ ҰЗЫН ӨЗЕН, 120 КМ-ГЕ СОЗЫЛЫП ЖАТЫР.
МАМЫР АЙЫНДА АҚСУ КӨГІЛДІР ТҮСТІ БОЛСА, АЛ ЖАЗ АЙЫНДА, ӨЗЕН ТАСЫҒАН КЕЗДЕ, ОНЫҢ ТҮСІ СҮТКЕ ҰҚСАС
БОЛАДЫ. БҰЛ ӨЗЕННІҢ АТЫ ДА СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЙЫЛҒАН. КІШІ АҚСУ МЕН ҮЛКЕН АҚСУ ҚОСЫЛҒАН ЖЕРДЕ
ТАМАША АЙБЫНДЫ ТЕРЕҢ ТІК АҢҒАРЛАР – ҚҰЗ-ШАТҚАЛ ҚҰРАЛҒАН.
«АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ» АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

БАЯҒЫ ӨТКЕН ЗАМАНДА АҚСУ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫН ҮШ БАСТЫ АЙДАҺАР МЕКЕН ЕТІПТІ. ОЛ МАҢАЙЫНДАҒЫ ЕЛ-ЖҰРТҚА
ТЫНЫШТЫҚ БЕРМЕЙ ТАЛАБЫ БОЙЫНША КҮНІНЕ ҮШ ҚОЙ, ЕКІ ҚЫЗ, ЕКІ ЖІГІТТІ ЖЕП ОТЫРЫПТЫ. СОЛ ЕЛДЕ БІР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ
КЕМПІР ЖАЛҒЫЗ ҚЫЗЫМЕН ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН ЕКЕН.

ҚЫЗДАРДЫҢ БӘРІ ТАУСЫЛЫП, КЕЗЕК ЖАҢАҒЫ КЕМПІРДІҢ ҚЫЗЫНА КЕЛІПТІ. ЖҰРТ ЖИНАЛЫП ҮШ ҚОЙДЫ, ҚЫЗДЫ АЙДАҺАРҒА
АПАРА ЖАТАДЫ. ЕНДІ БІР ЖІГІТТІ ҚАЙДАН ТАБАМЫЗ ДЕП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА ЖАБАҒЫҒА МІНГЕН БІР ЖАС БОЗБАЛА ҚАРСЫ
ЖОЛЫҒАДЫ. МӘН-ЖАЙДЫ ТҮСІНГЕН ЖАҢАҒЫ ЖІГІТ ҚЫЗҒА:
-ҮШ ҚОЙДЫ СОЙЫП, СЕН АЙДАҺАРҒА БАРА БЕР, МЕН ДЕ КӨП ҰЗАМАЙ АРТЫҢНАН ЖЕТЕРМІН,-ДЕЙДІ.

АЙДАҺАР ҮШ ҚОЙДЫ ЖЕП БОЛЫП, ЕНДІ ҚЫЗДЫ ЖҰТУҒА ОҚТАЛА БЕРГЕНДЕ ЖҮГІРЕ БАСЫП ЖЕТКЕН ЖІГІТ ҚОЛЫНДАҒЫ
ҚЫЛЫШЫМЕН АЙДАҺАРДЫҢ ІШІНЕ ЕНІП КЕТЕДІ. СӨЙТІП, ЖҮРЕГІН ЖАРЫП, АЙДАҺАРДЫ ДА ӨЛТІРЕДІ, ӨЗІ ДЕ ӨЛЕДІ. ЖИНАЛҒАН
ЖҰРТ ҚАРАСА ЖАҢАҒЫ ӨЛГЕН ЖІГІТТІҢ ЖАБАҒЫСЫ ӨЗЕННІҢ ЖИЕГІНДЕ ЖАЙЫЛЫП ЖҮР ЕКЕН. ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖІГІТТІ ЕСКЕ
САҚТАУ ҮШІН, КӨПШІЛІК СОЛ ЖЕРДІ «АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ» ДЕП АТАҒАН ЕКЕН.
ҚОРЫҚТЫҢ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ
ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ ӘРАЛУАН. ОНДА МҮКТІҢ 61,
ҚЫНАНЫҢ 58, ЖОҒАРЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ
1400 (ДӘРІ-ДӘРМЕКТІК ӨСІМДІКТЕРДЕН: ҚЫЛША,
САСЫР, ИМАНЖАПЫРАҚ, ТҮЙЕЖАПЫРАҚ, САРЫАҒАШ,
ШӘЙҚУРАЙ, ТАЛАС УҚОРҒАСЫНЫ), ТЕХНИКАЛЫҚ
ӨСІМДІКТЕН: АРША, РАУҒАШ, ИТҚҰМЫҚ, ТАРАН,
ЖЕМІС-ЖИДЕКТЕРДЕН: ЖАБАЙЫ АЛМА, ШЕТЕН,
ШИЕ, ҚАРАҚАТ, БҮЛДІРГЕН, ЖЕМ-ШӨПТІК
ӨСІМДІКТЕН ЖОҢЫШҚА, КЕКІРЕБАС, БЕДЕБАС,
ТҮЛКІҚҰЙРЫҚ, КӨДЕ, СОНДАЙ-АҚ ЭНДЕМИК
ӨСІМДІКТЕРДЕН МАЙЫСҚЫШ ҚИЯҚ, ТАЛАС
ҚАЙЫҢЫ, АҚШЫЛ САРЫ ЖОҢЫШҚА, ҚАРАТАМЫР,
ТОМАҒАШӨП, ҚАНДЫГҮЛ, РЕЛИКТІ ӨСІМДІКТЕРДЕН:
ЖАЛҒАН МАСАҚША, МИНКВИЦ КЕНДІРШЕСІ, ҚАРАТАУ
СЕТЕНІ ТҮРЛЕРІ БАР
ҚОРЫҚТЫҢ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

ҚОРЫҚТЫҢ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ ДЕ ӨТЕ БАЙ: СҮТҚОРЕКТІЛЕРДІҢ 42 (АРҚАР, ТАУТЕКЕ, ЕЛІК, МАРАЛ, БАРЫС, ТЯНЬ-ШАНЬ
ҚОҢЫР АЮЫ, БОРСЫҚ, СУСАР, Т.Б.); ҚҰСТАРДЫҢ 238 (ГИМАЛАЙ ҰЛАРЫ, КЕКІЛІК, САҚАЛТАЙ, БҮРКІТ, ҚАРА ҚҰТАН,
БОЗТОРҒАЙ, САРЫТОРҒАЙ, ИТЕЛГІ, ШЫМШЫҚ, Т.Б.); БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАРДЫҢ 9 (АЛАЙ ЖАЛАҢКӨЗІ,
САРЫБАУЫР КЕСІРТКЕ, ҚАЛҚАНТҰМСЫҚТЫ ҚАРА ШҰБАР ЖЫЛАН, СҰРЖЫЛАН Т.Б.), ҚОСМЕКЕНДІЛЕРДІҢ 2 (ЖАСЫЛ
ҚҰРБАҚА ЖӘНЕ КӨЛБАҚА) ЖӘНЕ БАЛЫҚТЫҢ 2 ТҮРІ ТІРШІЛІК ЕТЕДІ. ОМЫРТҚАСЫЗ ЖӘНДІКТЕРДІҢ ДЕ АЛУАН ТҮРЛЕРІ
ОСЫ ӨҢІРДЕ ҚОНЫСТАНҒАН. АҚСУ – ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫ – ТАБИҒАТТЫҢ НАҒЫЗ ҒЫЛЫМИ ЛАБОРАТОРИЯСЫ, ОНДА
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗБЕЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
ҚОРЫҚТЫҢ ҚҰСТАР ӘЛЕМІ
ҚҰСТАР ӘЛЕМІ ӨТЕ БАЙ. ЖОҒАРЫ
АСПАНДА МҰРТТЫ ГРИФТЕР,
ГРИФОНДАР, ЖЫЛАНБҮРКІТ ПЕН
АЛТЫН ҚЫРАНДАР ҚАЛЫҚТАЙДЫ.
ТАСТЫ ЖАРТАСТАРДЫҢ АРАСЫНАН ТАУ
КЕКІЛІКТЕРІНІҢ ҰЯЛАРЫН, ҚАР
АРАСЫНАН ТЫЛСЫМ ҚАР ӘТЕШТЕРІН
КЕЗДЕСТІРЕСІЗ. ЖАПЫРАҚТЫ ОРМАН
КӨЛЕҢКЕСІНДЕ ОТ ЖАЛЫНЫ ТӘРІЗДЕС
ШЫБЫН ҰСТАҒЫШ ҚАРАҢДАЙДЫ.
ТОҚЫЛДАҚТЫҢ ЫСҚЫРҒАН ДАУЫСЫ
СЫБЫЗҒЫНЫҢ ӘНІН ЕСКЕ САЛАДЫ. КҮН
СӘУЛЕСІ ОЙНАҒАН ЖАЗЫҚ
ДАЛАЛАРЫНДА КӨБЕЛЕКТЕР ОЙНАЙДЫ,
АРАСЫНАН СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН АПОЛЛО
КӨБЕЛЕКТЕРІН ДЕ КӨРУГЕ БОЛАДЫ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ КӨНЕ ҚОРЫҒЫ
АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ КӨНЕ
ҚОРЫҒЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР ОРТАЛЫҚ
АЗИЯДАҒЫ ЮНЕСКО БИОСФЕРА ҚОРЫҒЫ
ДӘРЕЖЕСІН АЛҒАН ЕҢ АЛҒАШҚЫ ҚОРЫҚ.
ТЕҢІЗ ДЕҢГЕЙІНЕН 1000 М-ДЕН 4280 М
АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БИІКТІКТЕ ТЯНЬ-ШАНЬ
ТАУЛАРЫНДА ОРНАЛАСҚАН. НЕГІЗГІ БИІК
АЙМАҚТАРЫ ӨЗІНІҢ ТАҢҚАЛАРЛЫҚ
БЕЙНЕЛЕРІМЕН ЖАРТЫЛАЙ ШӨЛЕЙТТЕР
ЫЛҒАЛДЫ ЖАЗЫҚТАРМЕН АЛМАСЫП
АРШАЛЫ ОРМАНДАРЫНА ӨТЕДІ. ЫЛҒАЛДЫ
ДАЛАДАҒЫ БАЙ ЖАЗЫҚТАР АРШАЛАРМЕН
АСТАСЫП ЖАТҚАН ЖІҢІШКЕ БҰТАЛАРДЫҢ
ӨСУІНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗҒАН.
КӨЗДІҢ ЖАУЫН АЛАТЫН ҚАТАҢ ҚАРЛЫ
ШЫҢДАРДЫҢ БӨКТЕРІНДЕ ТҮРЛІ ТҮСТІ АЛЬПІ
ГҮЛДЕРІ ЖАЙҚАЛЫП ӨСКЕН. АҚСУ-
ЖАБАҒАЛЫ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН, ТЕК ОСЫ
АЙМАҚТАРҒА ҒАНА ТӘН ӨСІМДІКТЕР МЕН
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ОТАНЫ
АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫНЫҢ ӘСЕМ ТАБИҒАТЫ

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
Қазір Ақсу - Жабағылы қорығы
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
Ақсу - Жабағалы қорығы
Қорықтың аты
Қазақстанның қорықтары
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Ақсу-Жабағылы қорығы туралы
Алматы қорығы
Қорықтар орналасуы картасы
Пәндер