Талас өзені жайлы



Тақырыбы: “Талас өзені жайлы”
Тексерген:
Орындаған:

ЖОСПАР
Талас өзені жайлы.
Талас өзенінің гидрологиясы және картасы.
Талас өзенінің тарихы.
Бабалардан қалған мирас немесе Талас бойы - тұнған тарих. Атлах маңындағы шайқас.
Талас жазулары.
Талас өзенінің гидрографиясы.
Талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі.
Талас өзенінің су тораптары.
Талас өзенінің шаруашылық маңызы.
Талас өзенінің химиялық тұрғыдан зерттелуі.
Талас өзеніндегі Су ластануының алдын - алу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Талас өзені жайлы
Талас өзені - Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен, ұзындығы 661 км, су жиналатын алабы 52700 км². Қазақстандағы бөлігі 453 км. Негізінен, Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады.
Бастауы:Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол және Үшқоша өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.

Талас өзенінің гидрологиясы
Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 1 - 2 км, жазыққа шыққан төменгі бөлігінде кең, 25 - 30 км. Көп жылдық мұз, жауын-шашын суынан толысады. Маусым - тамыз айларында тасиды.
Тараз қаласынан төменгі ағысында Таластан бірнеше тармақ (Шалқы, Көделі, Тасарық, т. б. ) таралады. Суы көктемде, күзде тұщы, сәл кермек, ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су ағымы Тараз қаласы тұсында секундына 27, 4 м³. Өзен бойында, Тараз қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де Жінәлі, 280 км-де Қазақбай бөгендері және Талас - Аса каналы салынған. Егін суаруға пайдаланылады.

Талас өзенінің бастауы
Талас өзенінің картасы

Талас өзенінің тарихы
Талас өзені жайлы ең алғашқы деректер V ғасырдан пайда болған. Тұңғыш рет 568 жылы Византиялық елші Земарх айтып кеткен. Бірнеше он жыл өткен соң, 630 жылы өзен жайлы туралы Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан хабарлайды, Талас өзенінің маңындағы Тараздың ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп атайды. Бұл қала хақындағы мәліметтер барлық уақытта да тоқталмапты. VIII ғасырда Тараз қаласы өзеннің атына байланысты: Арғу-Талас, Алтын-Арғу, Талас-ұлыс атауларымен мәлім.

Бабалардан қалған мирас немесе Талас бойы - тұнған тарих
Этнограф Жағда Бабалық бетінде домбыра және билеп тұрған адамдар бейнеленген тарихи балбал тастарды Талас өзенінде алғаш тауып, 1988 жылы мұражайға тапсырған. Алматы, 8 қазан 2008 жыл.

Мысалы, Ақыртас, Тамды әулие, Түймекент, Талас түргештері, Ақ кесене, Көк кесене сияқты толып жатқан тарихи атауларды иемденген мекендер жылдар белестерінде қойнауына талай сырды бүккен осынау маң даланың «сыр көрпесін» тарта түсетіндей. Бұл жөнінде филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебаевтің «Талас аңыздары» атты еңбегінде мол мағлұматтар бар.

Талас маңындағы Атлах шайқасы
Талас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды
751 жылғы Талас өзенінің маңындағы Атлах шайқасы бүкіл Орталық Азияның тарихи, мәдени және саяси картасын өте қатты өзгерістерге ұшыратуға себеп болды. Қолбасшы Зияд ибн Салих Атлах шайқасында мұсылмандардың әскерін басқарып, 751 жылы мұсылмандар Талас өзені маңында Қытай әскерімен соғысып жеңіп шықты. Аббасилардың халифаты (751 - 1258 жж. ) кезеңінде түркі халықтары түгел дерліктей хақ дін Исламды қабылдады. Талас өзенінің маңындағы болған Атлах шайқасы Ислам дінінің Орта Азияға тарауына үлкен септігін тигізді.

Талас жазулары
Талас жазулары - Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы өңірлеріндегі Талас өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіштері . Олар, негізінен, V-VII ғасырлар аралығына жатады . Көбінесе, қойтастарға, жартастарға, бұйымдарға жазылған . Қазіргі кезде бұл аймақтардағы Талас ескерткіштерінің саны 30-ға жетеді .
Табылған жері:1932 жылы Талас өзені бойындағы Ашықтас деген жерден төрт қырлы ағаш таяқшаға ойылып жазылған көне жазуы табылды .
Атауы: Талас ескерткіштерін бірінші, екінші, үшінші тас ескерткіштері деп сандық ретпен атау қалыптасқан . Бұл тарихи тұрғыдан Түрік, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері дәуіріне қатысты делінеді .

Талас өзенінің гидрографиясы.
Талас өзенінің ұзындығы: 661 км Су алабының ауданы: 52, 7 мың км²
Талас өзенінің бастауы: Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтары.
· Координаттары42°30′ с. е. 73°10′ ш. б. (G) (O) (Я) (T)
Сағасы: Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей
Талас өзенінің алабы бойынша - 20өзен бар, 35 көл, кешенді мақсатта салынған 3 үлкен су қоймасы Өзен маңында орналасқан Ынталы су қоймасы, көлемі - 30 млн. м3, (су қоймалары, көлдер, тоғандар), Талас өзені таулардағы су көздерінен еритін сулармен толысады.
Талас су алу торабы ҚР Жамбыл облысының Тараз қаласында орналасқан, максималды су өткізу мүмкіншілігі Q=267 м3 /сек.

Талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі
Талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі жəне қазіргі жағдайы. Талас өзені алабында 12 су қоймасы бар, оның 11 сиымдылығы 1 млн. м3 төмен, олардың тоғызы тікелей бас өзенде, ал қалған үшеуі алапта орналасқан. Су қоймалардың жалпы пайдалы сиымдылығы 14, 5 млн. м3 . Барлық су қоймалары мен суаттар ағынды маусымдық реттеуді іске асырады жəне суару мақсатына арналған, ал кейбіреуін балық шаруашылығы мақсатына пайдалануға болады. Шу-Талас БИ жəне «Таразводхоз» РМК мəліметтері бойынша алапта бір шама гидротехникалық нысандар: магистралды жəне шаруашылық аралық каналдар, су тораптары, құрылымдар жəне т. б. бар.

Талас өзенінің су тораптары
Талас су алу торабы. Талас су алу торабы ҚР Жамбыл облысының Тараз қаласында орналасқан, максималды су өткізу мүмкіншілігі 267 м3 /сек. Су торабы кешендік мақсатта пайдаланылады: ирригация мақсатында жəне спирт зауытын жыл он екі ай 19 м3 /с су өтіммен өндірістік сумен қамтамасыз ету үшін. Талас су алу торабы көмегімен 62, 7 мың га жер суаруға болады. Талас су алу торабының конструкциясы оң жəне сол жағалық реттешгіштері бар шептік тежеу бөгет түрінде жасалған. Су алу торабы 1942 жылы салынған. Су алу торабының құрамына кіреді:
1. Су көтеру бөгеті.
2. Сол жағалық реттегіш.
3. Оң жағалық реттегіш.
Су көтергіш бөгет су ұрма құдықпен қалқан түрінде жасалған. Бөгет əр қайсысы 7м төрт аралықтары бар, олар сегменті жапқыштармен жабдықталған. Бөгет 4 аралық арқылы 267, 0 м3 /сек есептік өтімді өткізеді.

Талас өзенінің су тораптары:
Темірбек су алу торабы. Темірбек су алу торабы Талас өзенінде Тараз қаласынан солтүстікке қарай 75 км қашықтықта Байзақ ауданы территориясында орналасқан (сурет 2. 3) . Максималды су өткізу қабілеті 224 м3 /с. Су алу торабы кешендік мақсатта: ирригация, балық аулау.
Жиембет су алу торабы. Жиембет су алу торабы Талас өзені бойында Талас ауданы Бостандық ауылынан 15 км жерде орналасқан. Су торабының максималды су өткізу мүмкіншілігі 223 м3 /сек. Су торабының мақсаты - ирригация. Жиембет су алу торабы көмегімен Талас ауданының 5262 га жері суландырылады. .
Ойық су алу торабы. Ойық су алу торабы Талас өзенінде Талас ауданының Ойық аулынан 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Су торабының максималды су өткізу мүмкіншілігі 155 м3 /сек. Су торабының мақсаты - ирригация.

Талас өзенінің шаруашылық маңызы
Шаруашылықтық маңызы бойынша алаптың басты су көзі Талас өзені болып табылады. Көп жылдық гидрологиялық мəліметтерден анғаратынымыз, жылдар бойынша ағын шамасының тербелуі көптеген факторларға байланысты, соның ішінде адами фактор басты болып табылады. Өзен кіші болған сайын көп жылдық кескінде оның ағынның тербелу амплитудасы үлкен болады. Жалпы алап өзені ағыны көлемі соңғы жылдары қайтарымсыз су тұтыну көлемі кемуіне байланысты артуда. Гидрографиялық алаптың жер беті су ресурстары: Қырғызстан республикасы территориясынан ағып келетін жер беті сулары - 710, 7 млн м3; Жамбыл облысы территориясында түзілетін ағын - 92, 0 млн. м3. Талас өзені алабында түзілетін жалпы ағын - 802, 7 млн м3. Алаптың су ресурстарының біршама бөлігі ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жұмсалады, негізінен суармалы егіншілікке.

Талас өзені ағынын тиімді пайдалану, жергілікті жердегі шағын өзендердің суын қайта бөлістіру арқылы іске асады. Нақты уақыттағы 75, 65 мың га суармалы жердің, тек тұрақты суарылатыны 40, 59 мың га.

Талас өзені ағынын тиімді пайдалану, жергілікті жердегі шағын өзендердің суын қайта бөлістіру арқылы іске асады. Нақты уақыттағы 75, 65 мың га суармалы жердің, тек тұрақты суарылатыны 40, 59 мың га.
Суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісін арттыруға қол жеткізуге болады:
-Ауыл шаруашылығы айналымына қалпына келтірілген суармалы жерлерді кіргізу;
-Суару жүйелерін техникалық реконструкциялау;
- Агротехникалық шаралар кешенін іске асыру.
- Келешектегі су тұтыну көлемін анықтағанда суару жүйесін реконструкциялау, суару техникасы мен технологиясын жетілдіру,
- Жүйенің ПƏК арттыру бойынша жұмыстар кіретін, су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша шаралар ескерілуі керек.

Талас өзенінің химялық тұрғыдан зерттелуі
Негізі Талас өзенінің суының минералдануы жоғарғы ағысында (117, 9-347, 9 г/л) шегінде, оның иондық құрамында гидрокарбанат иондары көбірек болады (31, 6%-42, 1%) эквивалент. Сульфат және хлорид иондарының концентрациясы көптеген жағдайда сәйкесінше, 13, 8% және 5, 4% эквивалент аспайды. Катиондар концентрациясының төмендеуі бойынша былайша орналасады: Са2+ Мg2+
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz