Ғұндар
Презентация қосу
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау
университеті
Тақырып: Ғұндар
Орындаған: И-11 тобының студенті
Салимов А.Қ
Тексерген: Ташимова Д.Қ
Көкшетау, 2012 жыл
Жоспар
1. Ғұндардың тарихы
2. Саясаты
3. Ғұндардың қоғамдық құрылысы
4. Ғұндардың ескерткіштері,
шаруашылығы және діні
5. Қорытынды
Б.з.д. 4-3 ғ. Орталық Азияда және Қытайдың солтүстігінде
ғұндар деген тайпалар бірлестігі(сюнну, дунху) пайда болды.
Көшпенділер даласының б.з.б.2 ғасырдағы картасы. Далалықта Үлкен Ғұндардың
империясы (Мөденің) құрылды. Ғұндардың тынымсыз соғысқан басты жаулары
Қытайда жаңадан пайда болған Хань империясы және бір кездегі құдіретті Юечжі
империясының сарқыншақтары болды. Қытайды оңай көндіргенмен, Ғұндар
далалыққа иелік ету үшін Юечжілермен бірнеше ұрпақ бойы соғысты (43 жылдық
соғыс).
Үйсіндер Қытай далаларында Ғұндардан жеңіліп, Жетісуға қашып көшіп кетті де
Қаңлылармен көршілес орналасты.
Даланың Шығыс бөлігінде Үлкен Ғұндардың империясы (Түркі тілдес
Ғұндар) өзінің ең бір өрлеу кезеңінде еді, ал батыс бөлігін тағы бір
көшпенділер "Ұлы Сарматиия" (Иран тілдес - Сарматтар). Қытайдағы
ыдыраушылық жойылып, Хань империясы күшейіп келе жатты.
Ал Юечжілер империясы толықтай талқандалып, Үлкен Юечжі және
Кіші Юечжі деп аталатын аймақтарға орналасты.
соның ішінде Ғұндарды, Дунхуларды, Солтүстіктегі
көшпенділерді - бәрін талқандап, бағындырып "жарты
әлемді бауырына басып жатып алды". Ал Ғұндардың
қалған сарқыншақтары Қаңлылар даласына қашып
кетті. Сақ тайпаларының ұрпақтары болғандықтан Иран
тілдес Қаңлылар елі Ғұндардың ежелден басты
одақтасы еді. Міне осы екі халықтың тоғысуынан
(Қаңлылар мен Ғұндар) қазіргі көшпенді Түркі
халықтарының ата-бабалары қалыптаса бастады.
Қытайлардың езгісінде жатқан көшпенділер даласында тағы ұлы қолбасшы пайда
болды. Сәнби (Табғаш) Таңшихай хан Қытайлықтардың армияларын талқандап,
көшпенділердің ежелгі даласын азат етті. Оның құрған мемлекеті күшейіп келе
жатты. Таңшихай Қытайларды да, басқа көшпенділерді де аяған жоқ.
Ғұндар бытырап, екіге бөлініп кетті: Оңтүстік ғұндар және Солтүстік ғұндар дейтін
аймақтар пайда болды. Оңтүстік ғұндар отырықшылана, қытайлана бастады, ал
солтүстік Ғұндар таза көшпенділер болатын.
Көшпенділер даласының 3 ғасырдағы картасы. Сәнбилердің көшпенді шабылдары
Қытайлықтарды, яғни сол кездегі Хань империясын тағы да талқандап, Ұлы Қытай
қорғандарының ішіне қайтадан қуып тықты. Сәнбилер (Табғаштар) көшпенді
далалықтағы жеке дара билеушілерге айналды. Солтүстік ғұндарды талқандады.
Ғұндар үшке бөлініп кетті. Еділ-Жайық бойынша "Батыс Ғұндар" деп аталатын
халық пайда болды. Бұл - болашақ Аттиланың Гундері болатын. Жоңғар
Алатауында қалып қойған Ғұндар "Юебань ғұндары" деп аталды. Сонымен қатар
Табғаштардың жерінде Оңтүстік Ғұндар Ордос және Хэси аймағын мекен ететін.
Қазақ жерінің батысында орналасқан "Еділ Ғұндары" кейін Еуропаны
жаулап алып, Гундердің (Аттила) империясын құратын болады, содан соң
іле-шала осы Абарлар да Еуропаны жаулап алып, Еуропаның дәл
кіндігінде тағы бір "ат үстіндегі жабайылардың" мемлекетін - көшпенді
Абар қағанатын құратын болады.
Аттила
Аттила
Аттила кезіндегі Ғұн империясы
Ғұн сарбаздары
Ғұндардың қару-
жарақтары
Қоғамы
Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Патриархалды-
рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға
бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық
жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да
болған.
Аттила. Ғұндарды басқарған 434 - 453 жж. Өмір сүрген жылдары 406 – 453жж
Ғұндар мемлекетінде билікті мұрагерлік бойынша беріп отыру қатаң сақталды. Егер билеуші Тұманның белгілі бірінші жазбаша
деректерінен санайтын болсақ, б.д.дейінгі 46 жылға дейін, ғұндар империясы Солтүстік және Оңтүстік болып бөлінгенде, ғұндар тағына 22
қаған отырыпты. Еуразия тарихында өшпес із қалдырған Аттила - "ғұндардың Батыс империясының" императоры өзін Құдыретті Мөденің
(Моде-шаньюй) ұрпағымын деп санаған.
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі
мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы
өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру,
аң аулау, егіншілік дамыды.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған
(металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан,
ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда
дамығандығын жібек маталар, айналар,
нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.
Ғұндар Тәңірі-Көкке табынған халық болды, олар арғы аталарынан қалған
барлық заңдар мен салттарды, неке мен азаматтық өмір заңдарын,
дәстүрлерді сақтады. Ғұндардың еркектері шетінен жауынгер саналды.
Бейбіт күндері ғұндар мал бақты, астық септі, қолөнер кәсібімен
айналысты. Олар дүние жүзінде бірінші болып темір рудасын қайнатты,
мыс-қоланы балқытты, алтын және металл бұйымдары мен әшекейлерін
жасады. Олардың арасында қолынан өнер тамған шеберлер болды.
Академик Әлкей Марғұлан "Ертедегі әндер мен аңыздар" кітабында
ғұндардың биік қабырғалармен қоршалған гүлденген қалалары болды деп
жазады, және де сөзінің дәлелі ретінде археологиялық олжаларды,
этностардан және қазақ халық шығармашылығының басқа да
шығармаларынан мысалдар келтіреді.
1904-1985 жж
Ғұн дәуірінің ескерткіштері – Солтүстік Қытай мен Қиыр
Шығыстан бастап Дунай, Карпат өлкелеріне дейінгі аралықта
ғұндар дәуірінен (б.з.б. 2 – б.з. 5 ғасырлар) сақталған қоныстар,
обалар, ғұрыптық құрылыстар, металл өндіру орындары және кездейсоқ
табылған көмбелер мен жекелеген заттардың ғылымдағы жиынтық атауы.
Алғаш 100-ден астам обаны Байкал сыртында (Бурятия) 19 ғасырдың
соңында Ю.Талько-Грынцевич қазды.
1924–1925 жылдары П.К.Козлов экспедициясы Солтүстік Моңғолиядағы
Ноин-Ула үлкен обаларын зерттегеннен кейін ғұн мәдениеті айқындала
түсті.
Шығыс ғұндардың негізгі ескерткіштері Ордос, Моңғолия, Бурятияда,
ішінара Саян-Алтай, Енисей, Қиыр Шығыс өлкелеріне тараған. Оларды
С.И.Руденко, Л.Р.Кызласов, С.В.Киселев, С.И.Вайнштейн,
А.М.Мандельштам, А.Давыдова, С.Миняев (Ресей), Х.Пэрлээ,
Ц.Доржсурен (Моңғолия) және қытай, жапон, еуропа ғалымдары зерттеді.
Ғұн мәдениетіне тән айрықша үлгілер, негізінен, үлкен обалардан алынды.
Оларды А.Н.Бернштам, Ю.А.Заднепровский, С.Сорокин, К.Ақышев,
И.Қожамбердиев, А.Максимова, М.Қадырбаев, Б.Нұрмұханбетов,
Л.Левина, В.Могильников, И.Засецкая, М.Мошкова, О.Обельченко, т.б.
зерттеді
Домбауыл кесенесі. Қаракеңгір өзенінің оң жағасында
орналасқан Домбауыл кесенесі ғалымдардың пікірінше
Орталық Қазақстандағы ең көне құрылыстардың бірі
болғанымен есте қалды. Домбауыл ғұндар билеген кезде
салынған болып есептеледі. Аңыз бойынша бұл кесене ұлы
сазгер және жауынгер Домбауыл құрметіне салынған екен.
Ғұн дәуіріндегі обадан табылған бас сүйек
Қорытынды
Ғұндар, хұндар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарынын арғы тегі. Біздің
заманымызға дейін 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде солтүстік Қытайда,
Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында Ғұндар гуй
фан, гун руң, хун ю, шиан ю, шиұң ну секілді, т.б. атаулармен берілген. Біздің заманымызға
дейін 3 ғасырдыңдың соңына қарай Ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды.
Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды елағасы — бек биледі. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері
болды. Жоғары билеушісі «Тәңірқұт «лауазымын иемденген. Қытай деректерінде
Ғұндардың жоғары билеушісі «шаньюй» деп аталады. Ғұндардың өмірінде көшпелі мал
шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік
меңтерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да
болған. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Қолөнері мен бейнелеу өнері
жоғары деңтейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат үсті
ойындарының негізін салған. Көктөңіріне табынын, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің
дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Онда, негізінен, мыналар көзделген: «Ұрлық
жасап, кінәлі болғанның жері алынады, шайқаста жаудың басын шауып алған немесе оны
тұтқынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі,
ал тұтқынға алынғандар соның құлдары мен күндері етіледі; ұрыс алаңында қаза тапқан
адамның сүйегін кім өкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады». Ғұндар өз арасында
қылмыс жасап айыпты болғандардың бетін тілген. Тілінген беттің тыртығы бұрынғы
қынмысын білдіріп тұратындықтан, ондай адамдардың қайта қылмыс жасауға батылы бара
бермеген. Себебі, келесі жазаланғанда өлім жазасына кесілетін. Ғұндар соғыс тұтқындарын
құл қылып, оларды үй қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар
ретінде пайдаланған. Ер азаматтарының барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz