ҚАЗАҚСТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ



Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Тақырып: « ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ»
Орындаған: И-11 тобының студенті Салимов Арғын
Көкшетау, 2013

Ақ Орда

«Астана-опера» мемлекеттік опера және балет театры

« ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ»

Қуатты да табысты мемлекет Біздің басты жетістігіміз - тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Елде өндірістік байланыстарды қайтадан орнықтырып, нығайттық. Бүгінде барлық өңірлер бір-бірімен ажырағысыз байланыста жұмыс істейді. Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін жасаған тарихи маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы іс-шара - ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін айтсақ та жеткілікті

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері 1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі 2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік 3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер 4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы 5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік 6. Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы 7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция 8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық 9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы 10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Бұл - тарих заңы. Сондықтан қазақтың бірлігі - елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге - қазақтарға керек. Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес. Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген. Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.

Құрметті отандастар! Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым. Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар - сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер. Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз - ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы.

Құрметті қазақстандықтар! Менің отандастарым! Бүгінгі Жолдауымда мен сіздердің әрқайсыларыңызға сөз арнаймын. Ел алдында ірі мәселелер тұр. Мен біздің табысты болатынымызға сенімдімін. Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін? Мен 2050 жылғы қазақстандықтар - үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар - әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар - өз елінің патриоттары. Мен 2050 жылғы Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол - барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді. Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештеңе де түзу жолдан тайдыра алмайды. Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады. Егер біз таңғажайыпқа сенсек немесе басқаларға иек артсақ, қол жеткізген жетістіктерімізді жоғалтып аламыз. Бүгін біз ең дұрыс таңдау жасауға тиіспіз.

Ел жұртшылығы Елбасы Жолдауын осылай бағалап отыр Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі сөзінде біздің бүгінге дейін «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бөлігін мерзімінен бұрын іске асырғанымыз нақты мысалдармен айтылды. Алға қойған мақсаттарға дәйекті де табанды түрде қадам басып келе жатқан мемлекеттің жаһандық дағдарыс жағдайында да дамуын жалғастыра білгенін бүкіл әлем көрді. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтауда да, шетел инвестицияларының жоғары деңгейіне, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсімде де, азаматтардың денсаулығын жақсартуда, білім мен әл-ауқатын өсіруде де, энергетика ресурстарын ұсынықты пайдалануда да, инфрақұрылымды, көлік және байланысты дамытуда да, кәсіби мемлекетті қалыптастыруда да, қысқасы, ұзақ мерзімді жеті басымдықтың барлығында да Қазақстан өз алдына қойған мақсатына негізінен жетті. Толық орындала қоймаған дейтіндей мақсаттардың өзі де қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Демек, жаңа заманның, жаңа уақыттың жаңа талаптарына сай жаңа Стратегия қабылдаудың қисыны келіп-ақ тұр. Ол қажеттілікті Нұрсұлтан Назарбаев ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерін нақты атап, түсін түстеп көрсету арқылы терең негіздеп берді. Тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, Үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы, әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі сияқты сын-қатерлер Қазақстанның алдынан да бұрын кездеспеген проблемалар туындатуы әбден табиғи екендігі де нақты айтылды. Сондықтан, да тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт - «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдау қажет болып отыр.


Бұл Жолдауды шын мәнінде өте терең әрі құнды құжат деп есептеймін. Мұнда тек бір жылдың төңірегінде іске асуы тиіс дүниелер айтылған жоқ. 2050 жылға дейінгі дамуға басымдық беріліп, халықтың рухани әлеуетіне, қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына үміт артылып отыр. Неге десеңіз, әлемдегі жағдай толқымалы. Күнде бір өзгеріс, күнде бір күтпеген жаңалықтар орын алуда. Бір жағынан біз сол оқиғаларға шайқалмас үшін, екінші жағынан осы жеткен жетістігімізге масаттанып, ары қарай босаңсымауымыз үшін осы Жолдаудың маңызы өте зор. Бұл біздің тұғырымыз, бағытымызды айқындайтын құбыламыз десек те болады. Осы Жолдауда 2030 жылға қарай ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі екі есе өсуі тиіс екендігі айтылды. Ал 2050 жылы бұл сектор басымдықта болмақ. Мен осы елдің азаматы ретінде шағын және орта бизнестің дамуына қуанатын адамдардың бірімін. Бұл сектор басымдыққа жетсе, әрбір қазақстандықтың өмірі жақсаратынына сенімдімін. Дамыған Еуропа елдеріндегідей, ішкі жалпы өнім бірнеше есе артып, әрбір қазақстандық сапалы білім алып, денсаулығын түзеп, зейнет жасына жеткенде әлем елдерін аралауға мүмкіндік алып жатса, бұл дегеніңіз үлкен жетістік қой. Әрине, қазір де біздің елдің еңсесі биік, әлем мойындайтындай жетістіктері бар. Бірақ ол жеткен жеріңде тұру керек, соған қанағат ету керек дегенді білдірмейді. Мақсат - әрбір қазақстандықтың өмірі жақсаруы үшін еңбек ету. Жолдаудың да негізгі мәні осы деп ұқтым
Азат ПЕРУАШЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz