ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ



Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Диплом тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ»
Орындаған: Салимов А. К Ғылыми жетекші: Шарипова А. Б.
Көкшетау, 2016

МАЗМҰНЫ 1. ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ ТАРИХЫ 1. 1 Тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен алғышарттары 1. 2 Тың игерудің басталуы және тыңның алғашқы жетістіктері 2. ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ КЕЗІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ 2. 1 Қазақстан мамандары 2. 2 Қазақстан жеріне келген мамандар 2. 3 Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде ауыл шаруашылық мамандарын даярлау 3. ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢ ИГЕРУДІҢ НӘТИЖЕСІ МЕН САЛДАРЫ 3. 1 Тың және тыңайған жерлерде тұратын халықтың саяси-экономикалық жағдайы 3. 2 Халықтың тұрмысы және әлеуметтік жағдайы 3. 3 Тың игеру жылдарында орын алған экологиялық мәселе

Зерттеудің өзектілігі. Әр елдің тарихында сол елдің тағдырын шешетін оқиғалардың болары анық. Қазақстанның егемендікке қол жеткізуі де, сөз жоқ, осындай оқиғалардың бірі екені даусыз. Ал кейінге шегініп, артымызға қарасақ, осыдан жарты ғасырдай уақыт бұрын республиканың барлық тағдырын шешкен тың эпопеясын болғанын білеміз. Бұл жөнінде Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Әр елдің тарихында дәуірлік сипат алатын оқиғалар болады. Олардың мәнін, көлемі мен елге тигізген әсерін ұзақ жылдар өткеннен кейін ғана жаңа көзқарас тұрғысынан сараптай аламыз. Қазақстан үшін, басқа тәуелсіз мемлекеттердегі сияқты, тыңды көтеру ең басты оқиға болып саналады. . . », - деп көрсетеді [1] . Қоғам әрбір кезең туралы нағыз шыңдықты білуі тиіс. Осы орайда, кезінде басыңқы зерттелген тақырыптарға тарихшылар сыни көзбен қарауы керек. Мәселен, тың және тыңайған жерлерді игерудің бұған тікелей қатысы бар. Аталған мәселе өте күрделі. Бұдан байқағанымыз: уақыт өтсе де, өткен тарих пен қазіргі заман арасында біршама ара-қашықтық байқалғанмен, тың эпопеясы осы күнге дейін әлі де болса өз бағасын толық алған жоқ. Осы тұрғыдан келгенде, тың және тыңайған жерлерді игеру жайлы еңбектердің саралап-зерттеудің, оған сипаттама беріп, тың көтерудің тарихта алатын орнын айқындаудың маңызы зор.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстанда 1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игерудің ел тарихындағы орны мен маңызын анықтап, келтірілген деректемелердің Қазақстанның тарихи әрі саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуына тигізер әсерін айқындау, кейінгі ұрпақтың елдің тарихын білуіне жағдай туғызу. Зерттеу жұмысының міндеттері. - Тың және тыңайған жерлер жайлы зерттеулерді қарастырып, деректер жинау; - Тың және тыңайған жерлерді игеруге себеп болған факторларды анықтау; - Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы жинақталған мәліметтердің болашақ үшін маңызын айқындау; - Тың және тыңайған жерлерді игеруде белсенді әрекет еткен қазақстандық және шетелдік азаматтар туралы мәліметтер жинақтап, олардың еліміздің дамуына тигізген ықпалдарын анықтау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру тақырыбы. Кеңестік тарихи әдебиетте кең орын алды. Әсіресе, ірі монографиялық зерттеулер, ұжымдық еңбектер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мерекелік салтанаттар көбейді. Осы мәселе жөнінде көптеген кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды, сонымен бірге көркем әдебиет пен киноматография да оған көп көңіл аударды. Тың жерлерді жаппай игеру тарихын зерттеу алғашқы қазықтар қағылған елуінші жылдардың орта кезінен басталады. Содан он жыл өткеннен кейін тың туралы алғашқы тарихи, әдеби шолу пайда болды. Одан соң әрбір бес жылдан кейін осындай еңбектер шығып отырған. Оларға тән бір жағдай бұл еңбектер тарихи-партиялық тұрғыда жазылған. Зерттеушілердің айтуы бойынша 60-жылдардың орта кезіңе дейін негізінен брошюралар, мақалалар көп жазылған. Олардың ғылыми дәрежесіне онша көп көңіл бөлінбеген. 60-жылдардың ІІ жартысынан кейін «Тың эпопеясының» жаңа тарихи дәуірі басталады. Бұл кезеңде негізінен жалпылама еңбектер басым болды. В. И. Лениннің аграрлық мәселелер жөніндегі еңбектері кеңінен қолданылды. КОКП-нің, оның төмендегі ұйымдарының, комсомолдың роліне айрықша орын берілді. Тыңдағы партиялық құрылыс, тың шаруашылықтарын қамқорлыққа алу, ұлттық достық қарым-қатынасты дамыту және халықтардың бір-біріне көмегі мәселелері жан-жақты зерттеу объектісіне айналды. Осындай және басқа да мәселелер «Коммунистік партия Қазақстандағы тың жерді игеру жолындағы күресте» деген коллективтік монографияда, В. В. Куликовтың «Тың жерді игерудегі тарихи тәжірибе», С. Л. Ковальский мен Х. М. Мадановтың «Қазақстандағы тың жерді игеру» атты кітаптарында, басқа да еңбектерде жан-жақты көрсетілген. Бұл кітаптар авторларының тың игерудегі бірқатар жұмыстардың басын құрағанымен қатар мұндай күрделі істі бір жақты көрсеткенін атап кеткеніміз жөн. Осындай еңбектерде тың эпопеясын мадақтау тұрғысында «бұдан басқа жол жоқ еді», «бірден бір дұрыс шешім», «тың жерлерді игеру - өндірісті интенсивтендірудің социалистік әдісі» деген сияқты баға берген сөздермен дәріптеледі.

Тың тақырыбына арналған материалдардың саны өте көп болғанымен сапасы ойдағыдай емес. Аталмыш еңбектертерді, олардың авторларын саралай отырып, олардың көбі мадақтау негізінде жазылғанын, сын көзбен ғылыми тұрғыдан тың көтеруге баға берілмегенін айтуымыз керек. Тың көтеру жайлы С. Л. Ковальский [4], Х. Маданов [7], Л. И. Брежнев [8], Чапай Мусин [12], Т. Омарбеков [42], Ж. О. Артықбаев [57], тағы да басқа ғалымдардың еңбектерінде тың игерудің себептері мен салдары, жалпы сипаттмасы жайлы және тың игерудің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына әсері, пайдасы жайлы мәліметтер берілген. Бұл зерттеу жұмысында біз тың игерудің себептері мен салдары, экологиялық жағдайы, тың игеру жылдарында қажырлы еңбек еткен мамандар жайлы сөз қозғамақпыз.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және тәжірибелік мәні. Егер 1954 жылғы Қазақстан жеріндегі тың және тыңайған жерлерді игеруді зерттеп, толық саралай білсек, келешекте еліміздің даму стратегиясы анықтала түсіп, болашағы баянды болмақ, әрі тыңды игеруге белсене ат салысқан тұлғаларды зерттеп, олардың елді дамытуға қосқан үлесін анықтау арқылы сол заманның ерекшелігін, халықтың жағдайын, ел тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Диплом жұмысының тәжірибелік құндылығы ретінде Қазақстан жеріндегі тың игерудің тарихына қатысты мәліметтер мен деректер мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттері үшін дереккөздер болатынын айтуға болады. Сол сияқты зерттеу жұмысында қалыптасқан әдістемелік тәсілдер ұлы тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін жан-жақты зерттеп, тарихи таным нысанына айналдыруға мүмкіндік береді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz