Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру




Презентация қосу
Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана
алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».
Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып,
оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында
төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын
тетіктер қажет.
Сондықтан, мен «7 – 20 – 25» бағдарламасын
ұсынамын.
Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей
шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие
болады.
Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес,
жылына 7 проценттен аспайтын болады.
Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30
процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды
талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен
аспауға тиіс.
Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін
оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.
Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін
азайту».

Салыстырмалы түрде жалақысы төмен
қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1
қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге
азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын.
Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген
көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке
табыс салығын азайту арқылы олардың салық
жүктемесін жеңілдету керек.
Ал осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы
олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет.
Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы
жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2
миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге
салмақ салмай-ақ көбейетін болады.
Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын
арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту».

Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жас
оқып жатыр, олардың 30 процентке жуығы мемлекет бөлген
грантпен білім алуда.Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен
сапасын арттыру үшін төмендегідей шараларды ұсынамын.Қазір
жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу
жылында тағы 20 мың грант бөлу керек.Оның 11 мыңы
техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге
тиесілі болады.Бұл төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан
мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді.Мұнда ең
алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы,
нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып
отыр.Бұл да жастарға мемлекет қамқорлығының айқын .
Мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы
жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың белгілі бір
бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік береді.2022 жылдың
соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа
жатақхана салуды тапсырамын.Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін
сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола
шешеді
Төртінші бастама: «Шағын несие беруді
көбейту».
Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз
тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті
дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың
аясында жеңілдетілген шағын несие беру
неғұрлым тиімді тетік саналады.
2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге
болатын 7200 шағын несие берілді. Алайда,
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алған
тағы 5 мың адам өз ісін бастауға қажетті шағын
несиелерді ала алмады.
Сондықтан, 2018 жылы қосымша 20 миллиард
теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын
62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын.
Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны
2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14
мың адамға жететін болады.
Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз
етуді жалғастыру».

Елімізде газ өндіру Тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-
ден 52 миллиард текшеметрге дейін артты, әрі қарай
да өсе түседі.Қазір еліміздегі тұрғындардың 50
процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген.9
облысқа газ тартылған. Дегенмен, орталық және
солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр.Біз Қараөзек
(Қызылорда облысы) – Жезқазған–Қарағанды–
Теміртау–Астана бағытында магистральді газ
құбырын салу жобасын жүзеге асыруымыз
керек.Оған тиісінше қаражат тарту қажет болады,
соның ішінде халықаралық қаржы институттарынан
да. Бұл 2,7 миллион адамды газбен қамтамасыз
етумен қатар, шағын және орта бизнестің жаңа
өндірістерін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге,
экология жақсарады. Газға көшу тек Астананың
өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 6 есеге
немесе жылына 35 мың тоннаға азайтады.
Бұл жобаны жүзеге асыру әрі қарай өзге өңірлерді де
газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСПАНА
Нұрлы көш бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы
Тәрбие жұмыстарында мектеп пен отбасының бірігуі
Адам және отбасы туралы
Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты
Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясы
Отбасы
ЖАСТАР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС
Мектептегі қолдау
Экологияның зияны
Пәндер