Перифериялық лимфа түйіндерінің туберкулезі: патогенезі, патоморфологиясы, клиникасы, диагностикасы және емдеу


Slide 1

Перифериялық лимфа түйіндерінің туберкулезі

Slide 2

Перифериялық лимфа түйіндерінің туберкулезі

Лимфоидты тіннің спецификалық гранулемалық қабынуымен сипатталатын созылмалы инфекциялық ауру. 30 % жағдайда туберкулездің басқа ошақтары да кездеседі.

Slide 3

Лимфа түйіндерінің ұлғаюы

Спецификалық емес лимфаденит

Метастатикалық ісік

Осы себептерден соң 3 орында туберкулез кезінде байқалады.

бөлігінебөлігіне

Slide 4

ПАТОГЕНЕЗІ МЕН ПАТОМОРФОЛОГИЯСЫ

ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНІҢ ТУБЕРКУЛЕЗІнің біріншілікті зақымдануы негізінен балалар мен жасөспірімдерде кездеседі. Бұл кезде ауыз қуысының зақымданған шырышты қабаты немесе тістердің кариозды зақымдануы салдарынан аймақтық лимфа түйіндеріне инфекция түседі.

Көбінесе жақастылық, мойын, иек асты, сирек қолтықасты, т. б. лимфа түйіндерін қамтиды. Зақымдану жеке немесе басқа ағзалардың туберкулезімен бірге жүруі мүмкін.

бөлігіне

Slide 5

Патогенезі

Ауру көбінесе туберкулез қоздырғышы организмге бірінші рет түскенде басталады. Егер зақымдану бадамша безі арқылы болса, мойын лимфа түйіндері зақымданады. Өкпедегі, асқазан, ішек жолындағы біріншілік туберкулез ошағына ауру лимфагенді жолмен тарағандада лимфатикалық туйіндер зақымдалады Ересектерде лимфа түйіндерінің туберкулезі инфекцияның сырттан түсуі нәтижесінде болады. Бірден бірнеші лимфа түйіндері зақымдануы мүмкін көбінесе мойын, жақ асты, аз қолтық асты, шап түйіншектері сирек зақымданады. Лимфадениттің инфильтративті түрінде түрінде лимфаденомды тін гиперплазиясы, яғни бұл тін көп болады.

Slide 6 Slide 7

Клиникалық көрінісі

Инфильтративті, казеозды, индурациялық формаларын ажыратады.

Инфильтративті формасы аурудың бастапқы сатыларында дамиды. Туберкулездік гранулемалар түзілуімен лимфа түйіндерінің қабынулық инфильтрациясымен сипатталады.

Ауру жедел басталады, дене температурасы 38-39°С дейін көтеріледі, науқастың жалпы жағдайы ауырлайды, лимфа түйіндері тез ұлғаяды.

пальпацияда тез ауырсынады, тығыз немесе тығыз-эластикалық консистенция байқалады. Кейде лимфа түйініне конгломерат жиналып, периаденит тудырады.

Түйін бетіндегі тері өзгермеген. Ары қарай фиброз дамиды.

Slide 8

Клиникалық көрінісі

Казеозды формасы кеш диагностикалау, процестің ары қарай прогрессиялануында дамиды. Лимфа түйіндерінде казеозды некроз ошақтары пайда болады.

Интоксикация симптомы ұлғаяды, зақымдалған лимфа түйіндерінде қатты ауырсыну болады, түйін үстіндегі тері гиперемияланған, жұқарған, флюктуация пайда болады, абсцесс түзіледі. 10 % жағдайда казеозды некроз массаларының ыдырауы мен жыланкөздер түзіліп, одан сұр-ақшыл түсті иіссіз ірің бөлінуі мүмкін.

Лимфа түйінінің жарылуынан соң дене температурасы түседі. Ауырсыну азаяды, жыланкөздер емізікше түрінде тісшеленіп баяу жазылады.

Slide 9

Клиникалық көрінісі

Индурациялық формасында қабынулық өзгерістер басылады, казеозды некроз ошақтары ізбестелінеді. Лимфа түйіндері кішірейеді, тығызданады, толқын тәрізді ағымға ие болады.

Кейбір науқастарда аз симптомды түрде өтеді, профилактикалық тексерулерде ғана байқалады.

Slide 10

Рентгенологиялық көрінісі

Процестің ұзақтығында және тығыз лимфа түйіндері жағдайында кальцинаттарды анықтау мақсатында рентгенография қолданылады.

МРТ қолдану жақ-беттік аймақтағы лимфа түйіндерінің жеке ұлғаюларын, түйінге жиналған конгломераттарды анықтауға мүмкіндік береді. Туберкулездік зақымдануға некротикалық фокустың периферияда орналасуы немесе айналадағы жұмсақ тіндердің ісінуімен сипатталады.

Slide 11

ДИАГНОСТИКА

Науқас шағымы, анамнезі мен симптомдары ескеріледі. Объективті қарауға назар аударылады. Туберкулиндік сынама Манту оң болады.

Лимфа түйінінің пункциялық биопсиясы немесе жыланкөздің пайда болуы.

Қорытынды диагноз лимфа түйінін хирургиялық аулмен және гистологиялық, бактериологиялық зерттеуден соң қояды.

Slide 12

Дифференциальді диагностика спецификалық емес лимфаденит, қатерлі ісіктермен, АИВ инфекциямен жүргізіледі.

Slide 13

ЕМІ

Емдеу тактикасы процестің кезеңіне байланысты. мен хирургиялық ем қолданылады. Инфильтрация мен казеозды некроз сатыларында зақымданған лимфа түйіндеріне радикальді операция жасалады, конгломераттарды алып тастайды.

Абсцестелген формасында абсцесті ашып, казеозды массаларды алып тастайды. Жыланкөз кезінде санация: антисептикалық ерітінділермен жуу.

Slide 14

Ф. И. Комаров «Внутренние болезни»

”Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы” Б. Н. Айтбембет Алматы 2003 ж

http://medicine. ucsd. edu/clinicalmed/lung. htm

http://www. normanallan. com/Med/askdr/finger. html

«Патологическая анатомия» Струков А. И. , Серов В. В.

«Ішкі аурулар пропедевтикасы» Мухин Н. А., Моисеев В. С.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Өкпенің цирротикалық туберкулезі: патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы және емдеу
Өкпенің ошақты туберкулезі: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі
Сүйек-буын туберкулезі: патогенезі, клиникалық көріністері, диагностикасы және емі
Несеп-жыныс жүйесінің туберкулезі: клиникасы, диагностикасы және емі
Қант диабетінің кеш асқынулары: патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу
Шошқалардың лимфа түйіндерінің анатомиясы мен топографиясы
Жылқылардың лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық орналасуы
Ветеринариялық тұрғыдан миокардиттер: этиологиясы, патоморфологиясы, клиникасы, диагностикасы және емдеу
Өкпеден қан кету: патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу
Шигеллез (дизентерия): этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, патоанатомиясы, клиникасы, диагностикасы, емдеу және профилактикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz