Салқам Жәңгір хан 1610-1652
Презентация қосу
Салқам Жәңгір
хан
1610-1652
Билік жылдары
• Жәңгір хан – батыр, қолбасы. 1645-1652
жылдары хандық құрды. Бұл кезең қазақ
тарихында қазақ-жоңғар соғысының аумалы-
төкпелі кезі еді. Бұл соғыс, әсіресе қазақтарға
өте ауыр тиді. 1635 жылы Жәңгір ханның еліне
қалмақтар шабуыл жасап, Жәңгір
айналасындағы адамдармен қолға түсіп
қалады. Жеті жылдай тұтқында болады.
Қалмақтардың әскери тактикасын молынан
игереді. Кейін біраз серіктерімен еліне оралып,
Қазақ хандығының билігін өз қолына алады.
• Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар
феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға
жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай
келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес Жәңгір
ханның ордасы Түркістанға таяу маңда
орналасыпты. Жәңгір хан Бұхар хандығымен
одақтастық келісімге келіп, жоңғар
басқыншыларына қарсы күрес жүргізді.
Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай
қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрі
жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан
туып еді. Дәл осы кезеңде Қазақ хандығы мен
ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы
қақтығыстар жиілей түсті.
Жәңгір ханның Бірінші
шайқасы
• 1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне
Батыр қонтайшы бастаған жер қайысқан
қалың қол қарсы тұрды. Бұл ұрыстың нақты
нәтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ
шайқас кезінде Жәңгір ханның тұтқынға түсіп,
біраз уақыттан соң қашып құтылғаны туралы
деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір
хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап тұрады.
Екінші ірі шайқас
• Екінші ірі шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының
қазақ жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар
Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық
адамды тұтқынға түсіреді. Салқам Жәңгір хан
жоңғарларға тойтарыс беру үшін 600 сарбазымен Орбұлақ
өзенінің бойына беттейді. Осы жерде әйгілі Орбұлақ
шайқасы өтеді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен
Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс
Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бұл
шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге
мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл
ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып
қалған тарихи мәліметтер бойынша, бұл шайқаста Жәңгір
хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта
білген.
,
• Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар
жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату
көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші
жіберді. Бұл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның
ұлдары Тәуке мен Апақ сұлтандарға жүктелді.
• 1643-1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген
жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мұқият
дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643-1644
жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін
біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан қару-жарақтар
және оқ-дәрілер сатып алады.
• 1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші
ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске ұшырап, Жәңгір
хан қаза табады.
• Түйін
Біріншіден, хандық дәуірдегі қазақ хандарының өкілі ретінде
Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнайды. Оның
атақ-даңқы сұлтан кезінде-ақ танымал болып, жоңғарлармен
күресте ірі жеңіске қол жеткізеді. 1643 жылы Батыр
Қонтайшының 50 мыңдық әскерін 600 әскермен шегіндіруі оның
есімін қазақ халқының есінде мәңгіге қалдырады. Оның атақты
Жалаңтөс батырмен достығы Қазақ хандығы мен аштарханилар
әулеті арасындағы қарым-қатынастардың нығаюына көп септігін
тигізеді. Екіншіден, хан тағын иеленгеннен кейін, Жәңгір хан
мемлекеттің сыртқы саясатын бірнеше бағытта жүргізіп, көршілес
мұсылман елдермен жақсы қарым-қатынастар орнатады.
Жоңғарлармен күресте Мауереннахрдағы аштарханилық әулет
өкілдерімен, Шығыс Түркістандағы шағатайлық әулетпен саяси
одақ құрып, оны туысқандық байланыстармен
нығайтады.Үшіншіден, Жәңгір хан қазақ елінің азаттығы
жолындағы шайқастардың бірінде нағыз ерлерше қан майданда
қаза табады. Ал оның сүйегі қазақ елінің сол кезеңдегі астанасы
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жанына
жерленеді.Осылайша, Жәңгір хан қазақ тарихында жарқын
Шайқас суреті
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz