ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
Презентация қосу
ЖОҢҒАР
ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫНА
ҚАРСЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ
БАСТАЛУЫ!
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ
СЫРТҚЫ САЯСИ
ЖАҒДАЙЫНЫҢ ШИЕЛЕНІСУІ.
Тәуке хан өзара тартыстарды
уақытша тыйып, тыныштықты
қалпына келтірген еді. Алайда
сұлтандардың өз алдына оқшауланып,
билік үшін күресуі көп ұзамай бірлікті
бұзды. Қазақ қоғамының өз ішінде
дағдарысты құбылыстар етек алды:
көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ
болмады, алауыздық етек алып,
рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси
күрес күшейді.
• Ал бұл жағдайды көршілер дереу
пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік
пен батыстан – Ресей мемлекетінің,
шығыстан – жоңғарлардың,
оңтүстіктен – Орта Азия
хандықтарының саяси қысым жасауы
айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін
ең басты қауіп – Жоңғар хандығы
тарапынан төнді.
• 1715-1722 жж. Жоңғарлардың негізгі әскери
күші Цин империясы әскерлеріне қарсы
соғысып жатты. 1722 ж. Цин императоры
Кансидің өлімінен соң Цеван Рабдан енді
басты күшті Қазақ хандығына қарсы
бағыштады. 1723 жылы қазақ-жоңғар қарым-
қатынасы шиеленісті. Қытай мемлекетімен
бейбіт келісім-шартқа отырғаннан кейін
жоңғарлар Қазақ хандығына қарсы соғыс
ашуды шешті.
бытыраңқылығын пайдаланып, 1723
жылы көктемде жоңғарлар 70 мың
әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне
тұтқиылдан басып кірді. Цеван-
Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа
одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан
батур Алтайға және Көктал өзенінің
өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені
бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-
Доржы атты ұлы Шелек өзенінің
аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы
Ыстықкөл бағытында қозғалды. Дода-
Доржым нойон Шу өзеніне бағыт алса,
Цеван-Рабданның өзі Іле өзені арқылы
Жетісуды басып алуды көздеді. Бас
қолбасшылықты Цеван-Рабданның
бауыры Шона-Даба атқарды.
айдады. Әсіресе, Шона-Дабаның
бағытындағы халық ауыр зардап шекті.
Оның әскері 5000 қазақ жанұясын
тұтқындап, 1000 жанұяны тұтқынға айдады.
Жоңғарлар Қазақ хандығы
территориясының басым бөлігін жаулап
алды. Ендігі жерде қазақ жері мен
жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау,
Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің
арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама »
деп аталады. Сырдариядан өткен Ұлы және
Орта жүз қазақтарының басым бөлігі
Ходжентке, Орта жүз қазақтарының біраз
бөлігі Самарқанға, ал Кіші жүз қазақтары
Хиуа мен Бұхара территориясына өтті.
• Бұл жылдардың өзінде жау халықтың рухын сындыра
алмады. Көп жерлерде халық жауға батыл қарсылық
көрсетті. Ташкенттің 300 мың тұрғындары қаланы үш
ай бойы ұстап тұрды. Халық жоңғарларға қарсы
күресте ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Сайрам,
Түркістан қалаларының тұрғындары да жауға табанды
қарсы тұрды. Осындай қарсылықтарды
ұйымдастырушы Бөгенбай, Қабанбай, Саңырық,
Тайлақ, Жәнібек, Малайсары және т.б. халық
батырлары болды. Түркістан қорғанысына Қабанбай
мен Айшыбек батыр қатысты. Қоршауда қалған Сайрам
қаласын басып ала алмаған жоңғарлар Сайрамсу мен
Тубалық өзендерінің ағысын өзгертуге шешім
қабылдайды. Бұл өзендер қаланы сумен қамтамасыз
еткендіктен қала тұрғындары сусыз қалады. Осыдан
кейін ғана әбден әлсіреген халық қаланы жауға беруге
мәжбүр болады. Тек қалаларда емес, тау, дала
өңірлерінде де жау халықтың ұйымдасқан қарсылығына
тап болды. Қожаберген жыраудың айтуы бойынша
қазақтар шегінуі барысында да үлкен қарсылық
көрсеткен.
бағытта да жауға ұйымдасқан тойтарыс берді. Осынау
қиын-қыстау кезде халық сұлтандар мен ру басыларына
үміт артпай, өз тарапынан да қарсылық ұйымдастыра
бастады. Қазақ жасақтарының басында халық
батырлары тұрды. Халық рухын көтеруде Төле, Қазыбек,
Әйтеке билердің рөлі зор болды. Жауға қарсы жаппай
қарсылық көрсету 1724 жылдан басталды. Бұл жылы
негізгі әскери қақтығыстар Орталық және Батыс
Қазақстан территориясында болды. Бұл қақтығыстарда
Әбілқайыр хан бастаған қазақ қолдары табысты
қимылдады. Әбілқайыр ханды қазақтардың басым бөлігі,
қарақалпақтар мойындады. Бұл жылдары Әбілқайыр хан
соғыс даласында асқан батырлық танытты. 1725 жылы
Әбілқайырдың қол астындағы сарбаздардың соны 50000-
ға жетіп, қазақтар жаудың басып алған жерлерін азат
етуді бастады. Осы жылы басқыншыларға қарсы алғаш
рет үлкен тойтарыс берілді. Отырар, Шымкент,
Түркістан, Сайрам төңірегін жаудан азат етуде қазақ
сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаратау тауларының
Теректі алқабындағы Садырбұлақ өзенінің төңірегіндегі
қалмақтардың қолын Үлкентұр тауына қуып тығып,
жойып жіберді.
жылы Бұхара жақтан қайтып келе жатқан
Орта жүз қазақтары Шақшақұлы Жәнібектің
қолбасшылығымен Шұбаркүл көлінің
маңында жоңғарларды талқандады делінеді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы да бұны растайды.
Осы жеңістен кейін Ақтасты өзені маңында
кездескен қазақ сарбаздары жаудың тас-
талқанын шығарды. Бұл шайқаста Әбілқайыр
ханның, батырлар Тама Есет, Тама Жантай,
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай
қолдары бірлесіп жауға соққы берді. Шайқас
болған жер «Қалмаққырылған» деген атқа ие
болды. Одан кейін қазақтар Сырдарияның
төменгі ағысы ғана емес, Мұғалжар
тауларының бір бөлігін жоңғарлардан азат
етті.
Әбілқайыр белсенділік танытты. 1726 жылы
Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Ордабасы деген
жерде үш жүз өкілдерінің біріккен жиналысы болды.
Бұл жиынға үш жүздің хандары - Әбілқайыр,
Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс сұлтандар,
Төле, Қазыбек, Әйтеке бастаған билер, батырлар
қатысты. Жиналыс барысында үш жүздің басын
біріктіріп, жауды Қазақ жерінен қуу мәселесі
талқыланды. Жиналысқа келгендер жауға қарсы
біріккен майдан құру керек деп шешті. Сонымен қатар
қаралған маңызды мәселенің бірі – бүкіл қазақ
жасағының қобасшысын сайлау туралы мәселе болды.
Ордабысында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып
сайланды. Қазақ қолының сардарбегі болып атақты
батырлардың ішінен Қанжығалы Бөгенбай сайланды.
Жиналыста елімізді жоңғар басқыншыларынан азат
ету жолында қазақ халқы бас біріктіріп, бар күшті
жоңғарларға қарсы жұмылдыруға шешім қабылдады.
А.И.Левшиннің айтуынша дұшпанға қарсы бірігу
басталды.
• 1727 жылдың жаз айларында үш жүздің
біріккен қолы әскери дайындықтан өтіп,
қару-жарақты жетілдірумен, дайындаумен
айналысты. Әбілқайыр Бұхарадан ат, қару-
жарақ сатып алып, әскерді соғыс өнеріне
жан-жақты дайындайтын батырларды өзі
тағайындаған. Сонымен бірге әскери
барлау ісіне үлкен мән берілді. Күзде
Сарыарқа даласындадағы Бұланты өзенінің
маңында жауға үлкен соққы берілді.
Шайқас болған жазық Қарасиыр деп
аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас
Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындағы
Қарамолда деген жерде болды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz