Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы




Презентация қосу
Қазақ қоғамының әлеуметтік
құрылымы
.

Дала көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы.

Дәстүрлі қазақ қоғамы
ақсүйек, қалған басқа
халық қарасүйек болып
бөлінеді.
Ақсүйектер
Ақсүйек — қоғамдағы әлеуметтік топ.
Дәстүр бойынша “қара халыққа” үстемдік
етуші таңдаулы әулеттердің өкілдері Ақсүйек
саналған. Ақсүйектердің бұқарадан бөлек
айрықша құқықтары мен артықшылықтары
болған. Мемлекеттік билік Ақсүйектер қолына
берілген. Өркениет жемісін де солар
пайдаланған. Қазақтар “текті”, “бекзат”, “бек”
лауазымын иеленген кісілерді асыл Ақсүйек деп
құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Шыңғыс
ханның ұрпақтары — хан, сұлтандар Ақсүйек
саналып келді. Олар төре аталып, халықтың
ерекше ілтипатына бөленді. Патшалық Ресей
өкіметі Ақсүйектердің ықпалын шектеді, ал
Кеңестік дәуірде Ақсүйек әулетінің өкілдері
саяси қуғынға ұшырап, жапа шекті. Қазақ
халқының дәстүрлі дүниетанымындағы Ақсүйек
ұғымы әлеуметтану ғылымындағы
“аристократия”, “элита” ұғымдарына жақын
келеді
ҚАРАСҮЙЕК – байырғы қазақ қоғамында ақсүйек
тобына жатпайтын жай халық, қара халық. Қ.-тер
ертеректе қараша, қара кісі, қара халық деп те аталған.
Қазақ қоғамында қара сүйектер өз
Қарасүйектер ішінде шаруалары (көшпелі малшы қауым, егінші
жатақтар), билер, ақсақалдар, батырлар,бай-
бағландар, құл-құтандар тәрізді әлеуметтік
жіктерге бөлінген. Қара сүйектер мүліктік және
жеке бастық құқығы бар ерікті тұлғалар деп
танылған. Сондықтан әлеуметтік, саяси, құқықтық
т.б. мәселелерді шешуде халықтық жиындарға
қатыса алатын болған. Олар куәлікке жүріп, мал-
мүлкін мұрагерлікке қалдыра алған. Қару ұстап, атқа
міне алатындардың барлығы да әскери міндеттілігі
бар санатқа жатқан. Олардың шапқыншылыққа
қарсы жорықтарға қатысатын, түскен олжаны
бөлісе алатын құқығы болған. Қарасүйектердің
құқығы хандың аппарат жүйесі арқылы емес, рубасы
билер мен ақсақалдардың билігі бойынша заңмен
қорғалып, қамтамассыз етілген. Қарасүйектердің
қай-қайсының да болмасын жоғары билікке мұрагерлік
құқығы болмаған. Халықтың ұлы жиынында
төрелерге жататын ақсүйек топтардан ғана хан,
сұлтандар сайланған.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық қыздар педогогоикалық университтт
Дәстүрлі қазақ
СТРАТИФИКАЦИЯ ДӘРІС ЖОСПАРЫ
XV – XV ІІІ ғғ. Қазақ қоғамының саяси - әлеуметтік құрылысы және шаруашылығы
Қазақ ағартушыларының әлеуметтану көзқарастары
Қазақстанның қазіргі заман тарихы кезеңделуі
Алихан Бөкейханов және Алаш идеясы
Қазақтың ағартушылық философиясы
Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат: жетістіктері, кемшіліктері, болашақ дамуы
Әлеуметтану ғылым ретінде
Пәндер