Әбу Насыр әл-Фараби жайлы
Презентация қосу
Әбу Насыр әл-Фараби
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби
870жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің
Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында
дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Отырар қаласының маңайындағы
ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-
Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн
Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының
дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған
дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген
атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы
Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен,
осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни
Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Отырар
қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда
жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы
болған.
Отырар шаһары-Арыс өзенінің Сырдария
өзеніне құяр аралығына орналасқан.
Әл- Фараби араб, парсы, түркі, латын, грек тілдерін жақсы
білген. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген.
Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын.
Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен
шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Наср Әл-
Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.Әл Фараби
заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының
ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық
мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб,
парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани,
ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып,
осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл
Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім
ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің
ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда
тұрақтап қалады. СОл кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп,
олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа
тілдерді үйренеді.
Шығармашылық жолы.
Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық
және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол –
философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми
еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары
жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат”
деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің
"Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика",
бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне
түсініктемелер жазды.
Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған
кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия
пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық
идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала
тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың
шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің
нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған.
Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары
туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарас
тары жөніндегі трактат» – әл-Фарабидің ең
кемел туындыларының бірі. Бұл еңбек 948
жылы Мысырда дүниеге келді. Ол трактатта
басында философ тұрған «қайырымды қала»
туралы оқуды баяндайды. Әл-Фараби адам
іскерлігінің мақсаты – тек дұрыс танудың көмегі
арқылы қол жеткізуге болатын бақыт деп
есептейді. Ойшыл қоғамды мемлекетпен
теңестірді. Қоғам – адамдық мүше. «Қайырымды
қала тірі ағзаның өмірін сақтау үшін барлық
мүшелері бір-біріне көмектесетін сау тән
тәріздес». Фараби қайырымды қаланы оқуды
платондық принциптер негізінде құрады,
дегенмен оның оқу құрылымының
неоплатондық және аристотельдік элементтерін
бағаламау мүмкін емес.
“Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-
үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика
және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4)
физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5)
азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін
ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша
мазмұнына тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара
тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың
методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі
ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық
жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға
қатысуы.
Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі
(арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика,
механика—әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны
математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін
алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі.
“Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың
шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және
бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме”
деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде
құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз
саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге
болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген.
Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын
қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл
қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби
пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа
ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық
болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми
астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық
шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану
ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ
құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын
ажыратуға тырысады.
Әбу Насыр Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері
туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында
этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік,
сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін
ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға
мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика
жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық
категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық
ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын
жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы,
сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп
түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім,
мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік
идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін
дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол
өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты
құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік —
тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп
санайды.
Музыка зерттеушісі.
Әл-Фараби музыкалық аспаптарда шебер орындаушы болды, жанынан ән-күй шығарды,
музыканы зерттеді, аспаптардың жаңа түрлерін өзі ойлап тауып, жасап шығарды және
жетілдірді, өз замандастары қобызшы Нышан Абызбен, аты аңызға айналған күйші Қорқытпен
таныс болған. Олардың орындауында «құс жолы», «Жез табақ», «Сыр сандық», «Желмая»
күйлерімен танысады және осы күйлердің әсерімен «Шұбар айғыр»1 күйін шығарады. Музыка
теориясы саласында әл-Фараби араб философы әл-Киидидің (800—879) еңбегімен танысады.
Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар жөніндегі еңбектерінің маңызды болатын себебі, ол өз
заманындағы музыкалық аспаптарды зерттегендігінде еді. Олар: үрлеп тартылатын: най,
сыбызғы, қыпшақ; ішекті уд, чанг, рубаб, шахруд, дутар, қобыз, танбур, канун; ұрып
ойналатын: нагора, тыйбл, дойра және басқалар. Ол жазған аспаптардың кейбірі бүл күнде жоқ
немесе жетілдіріле келе дәуір өзгерген.
Әл-Фараби көне музыкалық аспаптардың шығу тегін табиғаттағы дауысқа балап соны қайта
жаңғыртумен байланыстырады. Мысалы, құмның сусылы, үңгірлерде желдің уілдеп соғуы,
қамыстың сыбдыры т. б. Қазақтың үскірік аспабының аталуы желдің үскіріп соғуына
байланысты туған. Ал, ұрып ойналатын аспаптар негізінен ағаш пен көн теріні, сүйекті
пайдалану негізінде дамыған. Мүйізден, қамыс сабағынан үн шығару үрлеп тартылатын
аспаптардың бастамасы еді. Шығаратын үнінің ақырын немесе қатты естілуіне, сондай-ақ сыр-
сипатына қарай тұрмыста түрліше дамып отырған. Бұл жайында әл-Фараби: «Соғыстар мен
шайқастарда пайдаланатын; би, үйлену тойы, сауық-сайран үшін қолданылатын және махаббат
жырларын сүйемелдейтін аспаптар болады»— деп жазған. Үрлеп тартылатын аспаптардың
ащы даусын және ұрып ойналатын аспаптардың күшті даусын ұрыстарда, аңға шыққанда,
шамандардың бақсылық құру кездерінде пайдаланған.
Әл-Фараби най, қыпшақ сияқты үрлеп ойналатын аспаптарды, олардың бір-біріне
ұқсастыстары мен айырмашылықтарын егжей-тегжейлі зерттейді. Үннің, дауыстың
неден пайда болатынын, қалай шығатынын теориялық жағынан негіздей отырып, ғалым
барлық үрлеп ойналатын аспаптарда үннің шығу сипаты түтіктің ішкі қуысының
көлеміне байланысты болатынын дәлелдейді. Түтіктің ішкі қуысы деп оның орындаушы
үрлейтін жоғарғы ұшындағы тесіктен бастап, түтіктің үрлеумен пайда болған дауыс
сыртқа шығатын жеріне дейінгі аралық аталады. Әл-Фараби ұрып ойналатын
аспаптарды даусы тым қатты шығатын, адамның құлағын тұндырып жіберетін ащы
дауыстылар қатарына жатқызады және олардың кебінесе үрыс-соғыс жағдайларында
қолданылатынын айтады. Сөйтсе де, әл-Фараби оларды музыкалық аспаптар қатарына
жатқызған. Бұған дәлел, оның мына сөзін келтірелік: «Дойра, танбура, нагора ойнау, әуен
ырғағымен қол қағу, би, ырғаққа негізделген мимика — осылардың бәрі музыка
саласына жатады». Қазіргі кездегідей, бұрын да халық аспаптарының ойналу
мүмкіншілігі әр түрлі болған. Мүның өзі аспаптың жасалу құрылысындағы
өзгешеліктеріне, ойнау тәсілдеріне, дыбыс шығару жолдарына, диапазонына байланысты.
Кейбір аспаптар жетілдіріле келе адам даусының мүмкіншілігіне таяу келіп, тіпті асып та
түсті, енді біреулерін жетілдіру қиынға соқты. Әл-Фараби көне халық аспаптарын
толымды және толымсыз деп екіге бөлді. Ол толымсызға ән-күй орындау мүмкіншілігі
шектеулі аспаптарды жатқызған. Бізге белгілі қазақтың көне музыкалық аспаптарының
ішінен мұндай топқа — сазсырнайды, үскірікті және тастауықты; үрлеп тартылатын
аспаптар ішінен — қамыс сырнайды, ысқыруықты, бұғышақты; сым тілшелі
аспаптардан — шаңқобыздың ескі қарапайым түрін жатқызуға болады. Адамдардың
көңіл-күйі, ой-арманын білдіру үшін қызмет еткен музыкалық құралдардың ішінде
халық әндері әрқашан басты роль атқарған. Ал енді сүйемелдеуші музыкалық
аспаптарды жетілдіру ісі вокальдық музыкамен тығыз байланысты.
Кейбір үрлеп тартылатын және ішекті аспаптарда музыканттар құстың
сайрауын, аңдардың ақыруын, табиғатта болатын басқа да түрлі
дауыстарды шебер сала білген, сондай-ақ әншінің салған әнін айнытпай
келтірген. Әл-Фараби орта ғасырларда негізінен вокальдық музыканың
дамығандығын айтқан. Әншілер шертіп ойналатын және ысқышты
аспаптардың ішектерін бір сарынмен даңғылдатып сүйемелдей отырып ән
салған. Аспаптар қарапайым болғандықтан оларда ойнау мүмкіншіліктері
де шектеулі болған, сондықтан әншінің, мың құбылттан әндерін
сүйемелдеуге бұл аспаптар жарамаған. Әл-Фараби адамның, даусын ең
жетілген және табиғи аспапқа балаған, басқа көне аспаптардың бәрі
жетілдірілмеген деп санайды да, оларды аспаптың жасанды түрлеріне
жатқызады.
Әл-Фараби арфаның шығу тегі садақ деп жазады. Әуелгі кезде оған екі ішек
ғана тағылған, кейін он үшке дейін жеткен, жаңғырық шығаратын шанақ
пен құлақтар орнатылған. Әл-Фарабидің айтуынша, көне арфаның басы
мен шанағы аққудың бейнесінен аумайды екен, ал шығаратын даусы
аққудың қиқулаған үніндей болыпты. Арфа тектес көп ішекті аспаптың
диапазонын кеңейту үшін әл-Фараби ішектің санын көбейту керек деп
тапқан.
Әл-Фараби шертіп ойналатын аспаптардың бәрін екі түрге бөледі:
а) әрбір ішегі бір ғана үн шығаратындар - арфа, канун;
б ) ішекті мойынға басып тарту арқылы түрлі үн шығаратындар — уд,
Медицинаға қосқан үлесі.
Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына "Медицина каноны"
атты және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың
жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы
туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және
козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пиар айтады.
. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған
саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп
атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап
қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да
зерттейді» - деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам
ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік:
«Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан,
мысалы, «жүрек - табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ
осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің
ешкандай мүшесі билемейді» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен
жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз
пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Жаратылыстануға катысты
«Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы
мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған.
Әл-Фараби суреті Қазақстанның бұрынғы банкнотының оң
бетінде бейнеленген.
Авторлар ұжымы ұсынып отырған
монографияда ғұлама ойшыл Әбу
Насыр әл-Фарабидің шығармашылық
мұрасының негізгі қырларын ашуға
талпыныс жасалынған. Әл-Фараби
энциклопедист-ойшыл ретінде
философия, этика, логика, музыка
теориясы, дін туралы ілім, математика,
мемлекет теориясы және басқа да
салаларында өзінің төлтума ойларымен
өшпес із қалдыра алды. Монографияда
әл-Фарабидің философия, логика,
этика, руханилық және қоғамдық
құрылымның өзекті мәселелеріне
қатысты ойлары жүйелі түрде
қарастырылған. Кітап студенттерге,
магистранттарға, докторанттарға,
жоғары оқу орындарының
оқытушыларына және философия,
мәдениеттану, дінтану, саясаттану
салаларының мәселелері
қызықтыратын көпшілік оқырман
қауымға арналған.
Шымкент қаласында Мәдениет институты, Алматыда
Қазақ Ұлттық университеті Әбу Насыр Әл- Фараби
атымен аталады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz