Гүлді дақылдардың карантинді аурулары




Презентация қосу
Гүлді дақылдардың
карантинді
аурулары
Бақытгүл аскохитозы
Ауру қоздырғышы- Ascochyta chrysanthemi Stev.
саңырауқұлағы Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales
қатарының Sphaeropsidaceae тұқымдасына жатады.
Өсімдіктің жерүстілік және топырақ астындағы
бөліктері ауруға шалдығады.
Ауру белгілері – жапырақтардағы сұр, сұр-қоңыр немесе
қара түсті дақтар. Ауруға шалдыққан жапырақтар шіриді
немес қурайды және олар өсімдікке ілініп қала береді.
Сабақтарда қоңыр немесе қара дақтар әсіресе
өркендерде жақсы байқалады. Ауруға шалдыққан гүлдердің
гүл шоқтары түбінен бастап шіриді. Залалданған гүл басы
толықтай ашық-қоңыр реңді болады.
Залалданған тамырлар қоңырланады, үгілгіш болады
және тез шіриді.
Бақытгүл аскохитозы Еуропада, Африкада, Америка
жіне Австралияда таралған.
Қазақстанда кездеспеген сыртқы карантиндік нысанға
жатады.
Бақытгүл аскохитозы жаңа елдермен аудандарға
шыбықшалармен, кесілген гүлдермен, өсімдік
қалдықтарымен, тұқыммен таралады.
Карантиндік шаралар
Бақытгүл аскохитозымен күресу үшін
агротехникалық және химиялық шаралар кешенді
түрде атқарылуы ұсынылады; барлық
залалданған өсімдік қалдықтары жұқпаның таралу
көзі ретінде жойылады; ауыспалы дақылдар
тәртібін сақтау ; өсімдіктің тамырына қарай
суару және жылыжайды желдету; жылыжай мен
топырақты залалсыздандыру; өсімдікті химиялық
препараттармен өңдеу. Өңдеу аурудың таралу
дәрежесіне қарай 7-10-14 күн сайын қайталанады.
Бақытгүл ақ таты
Ауру қоздырғышы – Puccinia horiana Henn. Basidiomycetes
класы, Teliobasidiomycetidae клас тармағының Uredinales
қатарының Pucciniaceae тұқымдасына жататын саңырауқұлақ.
Негізінен жапырақтар, кейде сабақтар ауруға шалдығады.
Жапырақтардың үстіңгі бетінде алғашқы кезде кішкене
солғын-сары дақтар пайда болады. Біртіндеп дақтар
үлкейеді, ашық-сары түсті ортасы қоңырланады. Дақтарда
жапырақтардың астыңғы бетінде ашық сары немесе
қызғылт түсті іріңді безеу, күлдіреуік пайда болады, кейде
олар ағарады және томпияды, диаметрі 5 мм дейін жетеді.
Алғашқы кезде ауру баяу болғанда дақтар жеке дара
түрінде, олар қатты дамыған кезде олар бірнеше ондап
саналады.
Қатты залалданған
жапырақтар өледі, өсімдіктер
күйген тәрізді болып көрінеді.
Көбінесе ауру жапырақтар төмен
қарай ширатылады.
Бақытгүлдің ақ татының
қоздырғышы бір инелі,
уредостадиясы жоқ.
Ауру Еуропада таралған.
Қазақстанда кездеспеген
сыртқы карантиндік нысанға
жатады.
Ақ тат қабықшалар және
кесілген гүлдермен әкелінуі
мүмкін.
Сүмбілшаш сары
Ауру
шірігі
қоздырғышы Xanthomonas hyacinthi Dowson
бактериясы Pseudomonaceae тұқымдасына жатады.
Сүмбілшаш жуашығы, гүл сабақтары және
жапырақтары ауруға шалдығады. Жуашық бетінде
көбінесе қауыздың ішкі бетінде алғашында ұсақ,
кейін ірі, томпиған, созылыңқы сары дақтар пайда
болады. Кейде жуашықта аурудың сыртқы белгілері
түгелдей байқалмайды, біраз пиязшықтың көлденең
кесіндісінде ауруға шалдыққан ұлпалардың сары
бөліктері және сары экссудаттың бөлінгендігі
байқалады.
Аздап аурған жуашықтар өсімдік алғашында
қалыпты дамиды, кейін күрт өсуін тоқтатады,
қысқарған гүлсағақ түзеді, онда гүлдер әр түрлі
дамиды жіне мерзімінен бұрын түсіп қалады,
жоғарғы жапырақтар сарғаяды және қурайды.
Ауру Қазақстанда кездеспеген сыртқы карантиндік
нысанға жатады.
Карантиндік шаралар
және күресу жолдары
O Шет елдерден тасымалданған сүмбілшаш
жуашығы отырғызылуға рұқсат етілмейді.
O Ауру таралған жағдайда отырғызу үшін тек таза
сау сүмбілшаш жуашығы іріктеліп алынады.
O Жуашық отырғызар алдында 10-15% күкіртті темір
ерітіндісімен заласыздандырылады.
O Ауру өсімдік табылған топырақ 2% формалин
ерітіндісімен залалсыздандырылуы тиіс.
Назар
салғандарыңы
зға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Арамшөптермен күресу шаралары
Өсімдік карантинінің даму тарихы
Гүлді дақылдардың аурулары
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Гүлді өсімдік аурулары
Өсімдік карантинінің даму тарихы. Қазақстан Республикасының өсімдік карантині
Гүлді өсімдіктер және олардың ауруларының түрлері
Гүлді өсімдіктер аурулары
Гүлді өсімдіктер және олардың аурулары
Індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру
Пәндер