Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері мен аурулары


Slide 1

Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері мен аурулары

Slide 2

Цитрус Аққанаты

Теңқанаттылар (Homoptera) отрядының аққанаттылар (Aleyrodidae) тұқымдасына жатады.

Денесінің ұзындығы 1, 6-2 мм. Мұртшалары 7 бунақты, табаны екі бунақты. Денесі ашық-сары түсті болады. Екі жұп қанаттары ақ түсті, тыныштықта денесін жауып тұрады. Ұрғашыларының құрсағы қанаттарынан едәуір қысқа: еркектері ұрғашыларынан бір шама кіші, құрсағының ұшы жіңішке және ұзын.

Жұмыртқасының ұзындығы 0, 24-0, 32 мм, эллипс пішінді, алғашында құлпырған көкшіл түсті, кейін сарғыштанады. Жұмыртқасы сағағымен субстратқа орнығады.

Бір жастағы дернәсілі-кезбе, ұзындығы 0, 21-0, 34 мм, ашық-сарғыш, сопақ, денесі ұсақ түкті келеді. Көздері ашық-қызыл, мұртшалары екі бунақты, аяқтары үш жұп. Екі жастағы дернәсілдің ұзындығы 0, 57-0, 66 мм, сопақ жіңішке, жалпақ, жапырақтың жасыл реңінде мөлдір болып анық байқалмайды. Аяқтары жоқ. Үш жастағы дернәсілдің ұзындығы 0, 91-1, 1 мм, екі жастағы дернәсілге ұқсас. Төрт жастағы дернәсіл дөңгелек пішінді, сары немесе ашық-қоңыр, субстратқа жақсы бекіген, үстін бөлінген балауызды зат қаптаған. Осыған орай кейде төрт жастағы дернәсілді жалған піллө немесе қуыршақ деп дұрыс атамайды.

Цирус аққанатының отаны оңтүстік-шығыс Азия (Қытай және Үндістан), Еуропа, Америкада кең таралған.

Цитрус аққанаты Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады. Бірақ көрщілес ТМД елдерінде кездеседі (Ресей, Азербайджан, Гүрстан) .

Әсіресе көшеттік өсімдіктермен барлық даму фазасында таралады. Карантиндік бақылауда жапырақтарда, жемістерде, цитрус көшеттерінде кездеседі.

Дернәсілдері мәңгі жасыл өсімдіктер жапырақтарында қыстайды.

Жазғы ұрпақтары 3-4 апта бойы ұшады.

Жұмыртқаларын жас жапырақтардың астыңғы бетіне салады. Әрбір жапырақта бірнеше мыңдаған жұмыртқа кездесуі мүмкін. Эмбриональды дамуы 10-15 күнге созылады. Дернесілдер жаз кезінде бір айда дамып жетіледі. Ресейде 3, Қытайда 6 ұрпақ береді.

Зиянкестің дамуына жоғары температура және ауаның ылғалдылығы 80-85 пайыз болуы қажет.

Цитрус аққанаты көп қоректі. Ол мандарин, лимон, апельсин, алмұрт т. б. зақымдайды. Дернәсілдері жапырақты сорады, нәтижесінде жапырақ сарғайып, ширатылады және оларды бөлінген қантты заттар қаптайды. Мұндай жапырақтар саңырауқұлақ ауруларына шалдығады.

Slide 3 Slide 4

Цитрус аққанатынымен карантинді күресу шаралары:

Цитрус аққанаты таралған аудандар мен шаруашылықтардың материалдарды тасымалдауды тоқтату.

Импорттық отырғызылатын материалдарды интродукциялық карантиндік питомниктерге отырғызу.

Мәңгі жасыл сәндікке қолданылытын зиянкес қыстайтын ағаштарды күзде және көктемде шырпу.

Көшеттерді, қалемшелерді және өсімдікті нұсқауға сай бромды метилмен фумигациялау.

Зиянкестің екінші және үшінші ұрпақтарының дернәсілдеріне қарсы энтомопатогенді ашерсония саңырауқұлағын суспензиясымен өңдеу.

Slide 5

Жеміс ағаштарының бактериялы күйігі-

Жеміс ағаштарының бактериялы күйігі-Республикада карантинді ауру. Кеселдің белгісі көктемде өсімдіктің гүлдеу кезеңінде білінеді. Залалдану гүл шоғырынан басталып бұтақтарына көшеді. Ауруға шалдыққан ағаштардың гүлдері кенеттен қарайып, солып, бірақ түспей ілініп тұрады. Жас бұтақтар мен жапырақтар ұшынан бастап қарайып, кейін соңғылары ширатылып, қурап бирақ түспейді. Өсіп жетілген жапырақтар шетінен бастап қарайып, кейін қызғылт қоңыр түске еніп, вегетацияның соңына дейін ағашта қалып қояды.

Ағаш қабығында қоңыр-жасыл немесе қара қоңыр түсті шеткі көмескі сулы дақтар пайда болып, көлденең кесіндісінде қоңыр жасыл немесе қоңыр түсті ұлпалар көрінеді. Сау және ауру ұлпалардың аралығы мрамор тәрізді камбиймен шектеледі. Қабық жұмсарып, ашық экссудат пайда болып, соңыра кеуіп қоңырланады. Эпидермис қабықтан ажырап, кейін ауру қабық шытынап сауларынан бөлектенеді.

Slide 6

Жаздың бастапқы кезеңінде залалданған жемістер қарайып, қыртыстанып, ағаш басында жапырақтар түспей ілініп тұрады. Жаздың екінші жартысында залалданған жеміс бетінде алғаш сулы, кейін қызыл-қоңыр дақтарда ақшыл экссудат түзіледі.

Ауру қоздырғышы- Eriwina amylovora Vinsil. Бактериясы.

Қоздырғыш суық пен құрғақшылыққа төзімді, ал 45-50 градуста тіршілігін жояды. қоздырғыш насекомдармен, әсіресе аралармен, соналар сондай-ақ отырғызу материялдарымен, жемістермен таралады. Бұл аурумен көбінесе алмұрт қатты шалдығады, қоздырғыш ауру өсімдіктің клетка аралығында қыстап шығып, көзшелер мен шырындықтыр арқылы енеді. Инфекция жинақтаушылар долана мен шетен болуы мумкін.

Slide 7

Күресу шаралары:

Агротехникалық шаралар:

Жеміс ағаштарын тиімді схемамен отырғызу, сорттарды дұрыс таңдау.

Ағаштарды мерзімінде бұтау.

Тыңайтқыштарды мөлшерімен, ал калийді үстеме беру.

Уақытылы суару.

Қатар аралықтарын жыртып ағаштың түп шеңберін қопсыту.

Химиялық шаралар:

Қураған және ауруға шалдыққан бұталарды бүршіктенуге дейін кесіп, бөліктерді 3 % мыс купорасы немесе 5% темір купорасымен өңдеп, бақ нұмын жағу.

Сондай ақ жарақаттарды тазартуға қолданылған құралдарды басқа ағаштарды өңдеу алдында 40% формалиннің 2-3% ерітіндісімен дезинфекциялау.

Ағаш діңі мен негізі бұтақтарын 1% -тік мыс купорасына әк сүтін қосып ағарту.


Ұқсас жұмыстар
Жеміс жидек дақылдарының зиянкестері мен аурулары
Орман ағаштары жеміс және тұқым зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері
ҚР облыстарының фитосанитария карантиндерінің жағдайы
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Жұмыртқасының ұзындығы
Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Өсімдік карантинінің даму тарихы. Қазақстан Республикасының өсімдік карантині
Өсімдік карантинінің даму тарихы
Батыстың гүл трипсі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz