Колорад қоңызы. Шығыс жеміс жемірі Калифорниялық қалқаншалы сымыр. Капр қоңызы
Презентация қосу
Колорад қоңызы.
Шығыс жеміс
жемірі
Калифорниялық
қалқаншалы
сымыр.
Капр қоңызы.
ЖОСПАР:
1. Картоп зиянкесі. Колорад қоңызы –
Leptinotarsa decemilineata say. Карантиндік
күрес шаралары
2. Шығыс жеміс жемірі – Grapholitha
molesta busck. Карантиндік күрес шаралары
3. Жеміс ағашының зиянкесі.
Калифорниялық қалқаншалы сымыр.
Quadraspidiotus perniciouis comstock.
4. Астық және басқа ауылшаруашылық
өнімдері қорының зиянкесстері.
Капр қоңызы-Trogoderma granarium everts.
Картоп зиянкесі. Колорад
қоңызы –Leptinotarsa
decemilineata
Қаттықанаттылар
say.
отрядының жапырақ
жемірлері тұқымдасына
жатады. Қоңыздың
ұзындығы 9-12 мм, дене
пішіні сопақша, арқа
жағы дөңес, түсі қызғылт
сары, қанаттарының
әрқайсысының үстінде
бойлай орналасқан 5 қара
жолақ болады. Алдыңғы
арқасында 12-14 қара
дақтар бар, олардың
ортаңғы орналасқанының
пішіні римдік цифры ,,V” –
на ұқсас. Мұртшалары 12
бунақтан тұрады, олардың
түп бөлігі ақшыл, ұшы
қара болады.
Жұмыртқалары сопақша келген сары немесе қызғылт
сары түсті жылтыр, ұзындығы 0,8-1,8мм.
Дернәсілдері қызғылт сары, алмұрт пішінді, басы және
алдыңғы арқа сақинасы және аяқтары қара, бүйір жақтарында
2 қатар болып орналасқан қара меңді нүктелер бар, ұзындығы
15-16 мм жетеді.
Қуыршағы кірпіш реңді қызыл немесе қызғылт-сары,
ұзындығы 12мм дейін .болады.
Картоптың колорад қоңызы
Еуропаның көптеген елдерінде
Азия, Америка және Африкада
таралған. Ресей, Белорус,
Украина және Қазақстанда да
кездеседі.
Колорад қоңызы Қазақстанда
ішкі карантиндік нысанға
жатады. Батыс Қазақстан,
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік
Қазақстан, Ақмола, Алматы
облыстарында кездеседі.
Зиянкес имаго фазасында
көбінесе картоп өсірілетін
жерлерде 20-50 тереңдікке
топырақ арасында қыстайды.
Батыс Қазақстан жағдайында
жылына 2 ұрпақ, Оңтүстік
Қазақстанда 3, ал Солтүстік
Қазақстанда бір ұрпақ көбейеді.
Колорад қоңызы
картоптан басқа
баклажанды,
қызанақты, бұрышты,
темекіні зақымдайды,
сонымен қатар алқа
тұқымдасына жататын
басқа өсімдіктермен де
қоректенеді.
Қоңыздардың және
олардың дернәсілдері
өте қомағай келеді,
картоптың жапырағы
мен сабағын күні түні
бірдей кеміріп жеп,
қатты зиян келтіреді.
Қоңыз желмен, картоп
таситын құрал
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
Карантиндік сақтандыру ережесінде көрсетілсе
талаптарға сай шараларды жүзеге асыру керек. Шет
елдерден тасымалданған картоп тиісті орындарында
екінші рет тыңғылықты тексеріліп, өнім
зарарсыздандырылуы тиіс. Қазақстан Республикасы
аумағында ішкі карантиндік ережені бұлжытпай орындау.
Терең сүдігер жырту. Картоп өнімі жиналған соң егістік
картоп түйнектерінен тыңғылықты тазартылып, өсімдік
қалдықтары жойылуы тиіс. Ауыспалы егіс тәртібін
оңтайлы түрде іске асыру. Алғы жақсы дақылдар: астық
дақылы, дәндібұршақтар, қант қызылшасы және көп
жылдық шөптер. Бір орынға картоп көп дегенде 3-4
жылдан кейін ғана оралатын болуы тиіс. Картоп егістігін
арамшөптен, әсіресе алқа тұқымдастардан тазарту,
тыңайтқыштарды оңтайлы мөлшерде беру жақсы нәтиже
береді. Колорад қоңызына қарсы биопрепараттарды
қолдану (боверин, лепидоцид т.б). Картоптың вегетациясы
кезінде картоп гүлдегенге дейін оны екі рет химиялық
препараттармен өңдеу(дурсбан, децис, каратэ т.б). Картоп
егісіне колорад қоңызына қарсы өсімдік тұнбалары мен
қайнатпаларын (жусан, сарымсақ т.б) бүрку.
ШЫҒЫС ЖЕМІС ЖЕМІРІ – GRAPHOLITHA
MOLESTA BUSCK
Қабыршаққанаттылар отрядының
жапырақ ширатқыштар тұқымдасына
жатады.
Шығыс жеміс жемірі Еуропада кең
таралған. Оның ішінде Ресей мен
Украинада тіркелген. Азия (Қытай,
Жапон), Африка, АҚШ және Австралияда
кездесетін қауіпті зиянкес.
Қазақстанда кездеспейді, сыртқы
карантиндік нысанға жатады.
Көбелектің денесі күңгірт сұр түсті. Алдыңғы
қанаттары сұрғылт ақ түсті қабыршақ басқан,
алдыңғы жиегіне жақын көлденең қысқа бұйра
сызықтары болады. Алдыңғы қанаттары артқыларына
қарағанда ұзын, көлденең орналасқан көптеген
сызықтары бар ағаштың қабығына ұқсас. Артқы
қанаттары қоңырлау сұр, жиектерінде ақшыл сұр түсті
шашақтары бар. Қанаттарының астыңғы жағы күміс
сұр түсті. Қанаттарының өрісі 12-14мм.
Аяқтары күңгірт қоңыр, мұртшалары жіп тәрізді
ақшыл сақиналы. Құрсағы күмісті сұр қоңырланған.
Еркегі мен ұрғашысы ұқсас, ұрғашысы ірілеу келеді.
Еркегінің құрсағы жіңішке, ұшкірлеу, ұрғашысынікі
жуандау, айнашамен анықталған.
Жұмыртқасы дөңгелек, диаметрі 0,4 мм, үсті ұсақ
қатпарлы дами келе қызғылт түсті болады.
Жұлдызқұрты
алғашында ақшыл немесе
солғын қызғылт түсті; басы
қара, көкірек қалқаншасы
күлгіннен қараға дейін,
артқысынікі –қоңыр, денесін
ұсақ қылшық басқан. Ересек
жұлдызқұрттың ұзындығы 12-
13мм.
Қуыршағы қоңыр,
құрсағының үстіңгі жағында 2
қатар түктері болады. Көздері
күрделі, қара. Құрсағының
ұшында әр түрлі 10-18 үшкір
түкшелері болады.
Қуыршақтың ұзындығы 6-
8мм. Пілләсі сопақ, мөлдір
ақшыл, сұр түсті. Жазғы
пілләсі, қысқы пілләға
қарағанда тығыздау келеді.
Пілләнің ұзындығы 10-12,5
мм.
Шығыс жеміс жемірі жұлдызқұрт күйінде
тығыз пілләда діңнің көтерілген қабығының
астында немесе қаңқа бұтақтарда, топырақ
бетіндегі құрғақ жапырақтарда, мумияланған
жемістерде, бұрғы көбелек зақымдаған
жарақаттарда қыстайды. Жазғы пілләларды
бұтақтарда жеміс бетінен, зақымдалған
өркендердің арасынан, ширатылған
жапырақтардың астынан табуға болады.
Көбелектер іңір қараңғыда және бұлтты
күндері белсенді болады. Қыстап шыққан
ұрпақ ұрғашылары жұмыртқаларын шабдалы,
шие, алхорының жас өркендерінің
жапырақтарының астыңғы бетіне
орналастырады. Жазғы ұрпақ көбелектері
көбінесе жемістің сағағына, гүл
тостағаншасына орналастырады.
4-8 күннен кейін жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады,олар жоғарғы жас
өркенге немесе жеміс сағағы бекіген жерге енеді. Жұлдызқұрттар өркендер мен
жемістерде 8-12 күн қоректенеді. Одан кейін қуыршақтануға кетеді.
Қуыршақтың дамуы 5-12 күнге созылады. Жалпы ұрпақтың дамуы 24-30
күнге жетеді. Ауа райына, жер ерекшеліктеріне байланысты шығыс шығыс жеміс
жемірі жылына 5-6 ұрпақ береді.
Шығыс жеміс жемірінің жұлдызқұрттары зақымдаған жемістегі жолдары
ұзын (7-15 см) болады. Олар кейде тұқымды да зақымдайды
КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР ЖӘНЕ
КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасына шығыс
жеміс жемірі зақымданған
көшеттерді, шыбықтарды
тасымалдауға тиым салынады.
Зиянкес табылған жағдайда өнім
зарарсыздандырылады. Зиянкес
таралған аймақтар мен ошақтарды
кешенді шаралар (агротехникалық,
химиялық) жүйесі және феромонды
ұстағыштарды қолдану жолы
қарастырылады.
ЖЕМІС АҒАШТАРЫНЫҢ ЗИЯНКЕСІ.
КАЛИФОРНИЯЛЫҚ ҚАЛҚАНШАЛЫ
СЫМЫР. QUADRASPIDIOTUS
PERNICIOUIS COMSTOCK.
Зиянкес
теңқанаттылар отряды,
сымырлар отряд
тармағының
қалқаншалылар
тұқымдасына жатады.
Калифорниялық
қалқаншалы сымыр
Батыс Еуропа мен
Азияның көптеген
елдерінде, Африка және
АҚШ-та сонымен қатар
Ресейде де кең таралған.
Қазақстанда ішкі карантиндік нысанға
жатады. Сымырдың ұрғашысының ұзындығы
1,3 мм, лимондай сары түсті, денесі дөңгелек
болады, аяғы, қанаты және көзі
редуцияланған, бір орында қозғалмай тіршілік
етеді, шаншып-сорғыш ауыз мүшесі жақсы
жетілген, қалқаншасының орта бөлімі
дөңестеу, түсі бозғылттау қоңыр, диаметрі
1,5-2 мм.
Еркектері бірнеше сағат қана өмір сүреді, түсі
қызғылт сары, кеудесінде көленең орналасқан
қара жолақ бар, ауыз мүшесі редуцияланған,
бір жұп қанаты, 3 жұп аяғы, ұзын мұртшалары
болады, денесінің ұзындығы 0,8-0,9 мм,
қалқаншасының ұзындығы 1 мм жетеді,
қалқаншасы ұзыншақ, түсі аналығына ұқсас.
Дернәсілдерінің денесі
сопақша, түсі сарғылт, жақсы
жетілген ұзын тұмсығы бар,
көздері, мұртшалары және 3
жұп аяғы болады.
Денесінің ұзындығы 0,26-0,3
мм, ені 0,14-0,19 мм.
Калифорниялық қалқаншалы
сымыр бір жастағы дернәсіл
күйінде қалқанша астында
қыстайды. Кейбір
жағдайларда 2 жастағы
дернәсілдері және еркектері
де қыстап шығады.
Қыстаушы дернәсілдердің
қалқаншасы тығыз қара түсті
болады.
Көктемде жеміс ағаштарында шырын жүру кезеңі
басталысымен дернәсілдер қысқы ұйқыдан оянады да 10-12 күн
ішінде 2 рет түлеп, ересек бунақденеге айналады. Ұрықтанған
ұрғашы сымырлар 50-60 күн өмір сүреді. Осы мерзім ішінде
олардың әрқайсысы 60-80 дернәсілі туады.
Дернәсілдер алғашында тез қимылдап,
ағаштың өн бойына түгел таралады. Кейіннен
олар ағаштың діңімен бұтақтарының қабығына
сүлікше қадала жабысады да бірте-бірте
қозғалу қабілетін жоғалтады және олардың
арқа жағында қалқанша пайда болады.
Зиянкес қоректенген жеміс ағашының діңі мен
бұтақтарының қабығына ұзын салалы және
көлденең сызықтар, ал жапырақтары мен
жемістерінде және жас қабығында осы түрге
ғана тән қызғылт дақтар пайда болады.
Нәтижесінде ондай ағаштардың беретін өнімі
азайып, жемістерінің сапасы төмендейді.
Мекендеген жерлерінің ерекшелігіне
байланысты калифорниялық қалқаншалы
сымыр жылына 2-4 ұрпақ береді.
КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР ЖӘНЕ КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
Отырғызылатын көшеттер камерада бромды
метилмен фумигацияланады және оның
тиімділігі тыңғылықты тексеріледі. Ағаштар
шайылып олеокуприт, ДНОК және
минералды майлардың эмульсиясымен
бүршік атқанша бүркілуі тиіс. Бірінші ұрпақ
дернәсілдері шыққан кезде 30, 30с, 30сс
препараттары және фосфорорганикалық
препараттармен бүрку. Жыл сайын барлық
жеміс ағаштары феромонды ұстағыш
арқылы тыңғылықты тексерілуі тиіс. Қауіпті
зиянкестің сан мөлшерін зерттеуші
биоагенттеріне қолданылады.
. АСТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІ
ҚОРЫНЫҢ ЗИЯНКЕССТЕРІ.
КАПР ҚОҢЫЗЫ-TROGODERMA GRANARIUM EVERTS.
Қаттықанаттылар
отрядының тері
жегілер тұқымдасына
жатады.
Капр қоңызы Еуропа,
Азия, Африка және
Оңтүстік Америкада
таралған.
Қазақстанда тіркеліп,
оның табылған ошағы
жойылған.
Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға
жатады. Қоңыздың ұзындығы 1,8-3 мм;
ересектері ұрғашыларына қарағанда кішілеу.
Сарғыш құба немесе ашық қоңыр түсті қоңыз.
Қанатүсті бір түсті, кейде жайылған ашық
дақты болады. Алдыңғы жотасы қара,
жылтыр. Денесін қоңыр немесе сұр түк
қаптаған. Мұртшасы еркегінде 5 бунақты
түйреуіш тәрізді, ұрғашысында – 4 бунақты
болады. Жарғақ қанаттары қысқа, қоңыз
ұшпайды, тек пыр етеді. Қоңыздың ауыз
мүшесі дұрыс жетілген, бірақ қоректенбейді.
Зиянкестің пішіні ұзынша сопақ.
Жұмыртқасы ақ, ашық сары түсті; ұзындығы
0,7мм, ені 0,25 мм. Бір ұшы дөңгеленген,
екінші ұшы үшкірлеу, бірнеше ілгек тәрізді
өсінділі.
Дернәсілінің ұзындығы 3-4 мм, ашық сарғыш,
қоңыр түсті, үш жұп көкірек аяқтары болады.
Денесін тікенекті түктер басқан, бүйір жағында
шоқтанған талшықтары бар және соңында ұзын
шоқ қалдықтары жақсы байқалады. Қуыршағының
ұзындығы уыршағының ұзындығы 3,5-5 мм, ашық
сары түсті, денесінің үстіңгі жағында ортаңғы
жолағына қарай бағытталған сарғыш түктер
болады.
Капр қоңызы барлық даму фазаларында дән, астық
өнімдерімен, жеміспен, ыдыстар немесе көлікпен
таралады.
Капр қоңызы дернәсіл күйінде қамбаның қабырға
жарықтарында, жіңішке саңылауларда қыстайды.
Қуыршақтануы дернәсілдің жарылған түлеу
қабығында өтеді. Оның дамуы 2-23 күнге
созылады.
Эмбриондық дамуы 5-15 күнге созылады.
Дернәсілдің дамуы 26 күнге созылады. Жылына 5
ұрпаққа дейін береді.
Капр қоңызының дернәсілі зияндық
келтіреді. Олар қамбадағы бидай, арпа, сұлы,
жүгері, күріш, мақта тұқымын және ұн,
макаронды, кейде қағазды қатты зақымдайды.
Алғашқы даму фазасында дернәсілдер үгітілген
дәнмен кейін бүтін дәнді де зақымдайды. Өте
зиянды қоңыз. Үлкен шығын келтіреді.
КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР ЖӘНЕ
КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ.
Капр қоңызы таралған елдерден астық өнімдері Қазақстан
Республикалық мемлекеттік өсімдік карантиннің рұқсаты және
импорттаушы елдің жүктің фитосанитарлық жағдайы зиянкестің барлық
фазасының жоқтығына кепілдік беретін сертификатсыз тасымалдануға
тиым салынады. Көлікте капр қоңызы табылған жағдайда, ол жүкпен
бірге фумигациялық тәсілмен зарарсыздандырылады.
Қоймалар мен мекемелерде залалдану байқалса, онда барлық
залалданған жүкке және нысанға карантин салынады.
Әрбір қойма өнімдері және құрал жабдықтарымен бірге газ өтпейтін
жабынның астында фумигациялау тәсілімен бромды метил, фостоксин
немесе олардың қосылысымен өнделеді. Капр қоңызының барлық
фазасы толықтай қырылған соң, астық өнімдері тасымалдауға, ал қойма
карантиндік бақылауда қалады және басқа тағамдық өнімдерді,
зиянкеске қорек болатын тұқымдар мен өсімдіктекті жүктерді сақтауға
тиым салынады.
Барлық залалданған нысандар 3 жыл бойы визуалды және еліктіргіш,
желімді ұстағыш феромондық әдіспен жүйелі түрде бақыланады
Жыл сайын қойманың іші және сырты, қойма айналасы он метр аумақта
арнаулы препараттармен бүркіледі. Соңғы рет тірі дара табылғаннан үш
жылдан кейін карантин ереже бойынша тоқтатылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz