Шығыс жеміс жемірі, төртдақты дән қоңызы және американдық ақ көбелек: Қазақстандағы сыртқы карантиндік нысандардың биологиясы мен зияндылығы


Slide 1

Карантиндік нысандар

Slide 2

Шығыс жеміс жемірі

Қабыршаққанаттылар отрядының жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жатады.

Шығыс жеміс жемірі Еуропада кең таралған. Оның ішінде Ресей мен Украинада тіркелген. Азия, Африка, АҚШ және Австралияда кездесетін қауіпті зиянкес.

Қазақстанда кездеспейді, сыртқы карантиндік нысанға жатады.

Шығыс жеміс жемірі жұлдызқұрт күйінде тығыз пілләда діңнің көтерілген қабығының астында немесе қаңқа бұтақтарда, топырақ бетіндегі құрғақ жапырақтарда, мумияланған жемістерде, бұрғы көбелек зақымданған жарақаттарда қыстайды. Жазғы пілләларды бұтақтарда жеміс бетінен, зақымдалған өркендердің арасынан, ширатылған жапырақтардың астынан табуға болады.

Slide 3

Көбелектер іңір қараңғыда және бұлтты күндері белсенді болады. Қыстап шыққан ұрпақ ұрғашылары жұмыртқаларын шабдалы, шие, алхорының жас өркендерінің жапырақтарының астыңғы бетінде орналастырылады.

4-8 күннен кейін жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады, олар жоғарғы жас өркенге немесе жеміс сағағы бекілген жерге енеді. Жұлдызқұрттар өркендер мен жемістерде 8-12 күн қоректенеді. Одан кейін қуыршақтануға кетеді.

Қуыршақтың дамуы 5-12 күнге созылады. Жалпы ұрпақтың дамуы 24-30 күнге жетеді. Ауа райына, жер ерекшеліктеріне байланысты шығыс жеміс жемірі жылына 5-6 ұрпақ береді.

Slide 4

Шығыс жеміс жемірінің жұлдызқұрттары зақымданған жемістегі жолдары ұзын болады. Кейде тұқымды да зақымдайды.

Slide 5

Төртдақты дән қоңызы

Қаттықанаттылар отрядының дән қоңыздар тұқымдасына жатады. Қытай дән қоңызына ұқсас, бірақ оған қарағанда әдемі және кішкене.

Эмбрионалдық дамуы 5-6 күнге созылады. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл дәнге енеді, одан кейін сонда дамып жетіледі. Қуыршақтың дамуы 4-25 күнге созылады. Бір ұрпақтың дамуы 40 күннен 178 күнге созылады. Жаңадан шыққан қоңыздар бір тәуліктен кейін шағылысып, жұмыртқа салуға кіріседі.

Slide 6

Төртдақты дән қоңызы қоймада және егістікте тіршілік етеді. Көбінесе қоймада зияндылық келтіреді.

Зиянкес зақымдалған өніммен таралады.

Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.

Slide 7

Американдық ақ көбелек

Зиянкес қабыршаққанаттылар отрядына жатады.

Американдық ақ көбелектің жұлдызқұрттарының зақымдауы нәтижесінде ағаш жапырақтарынан жалаңаштанады, оның әсерінен ағаш әлсірейді және бірнеше рет қайтара зақымдаудың нәтижесінде кейбір өсімдіктер өледі. Зиянкестің жұлдызқұрттары көп қоректі, 230 ағаш пен бұта, шөптесін өсімдіктерді зақымдайды.

Slide 8

Американдық ақ көбелек ауа райына, жер ерекшеліктеріне байланысты жылына 1-2 ұрпақ береді.

Американдық ақ көбелек Еуропаның көптеген елдерінде оның ішінде Ресей мен Украинада, Азияда таралған.

Қазақстанда американдық ақ көбелек сыртқы карантиндік нысанға жатады.


Ұқсас жұмыстар
Жеміс ағаштарының карантиндік зиянкестері: шығыс жеміс жемірі, калифорниялық қалқаншалы сымыр және американдық ақ көбелек
Филлоксера, Комсток сымыры, Американдық ақ көбелек және Төртдақты дән қоңыз: карантиндік сипаттамасы және күресу шаралары
Колорад қоңызы, Шығыс жеміс жемірі, Калифорниялық қалқаншалы сымыр және Капр қоңыз: биологиясы, таралуы және карантиндік күрес шаралары
Американдық ақ көбелек, Комсток сымыры және картоп күйесі: карантиндік сипаттамасы мен күрес шаралары
Қазақстандағы карантиндік өсімдік зиянкестері мен аурулары: арамсояу, жапон қоңыз, американдық ақ көбелек, цитрус аққанат және қызанақ бактериозы
Карантиндік және экономикалық маңызы бар өсімдік зиянкестерінің Қазақстандағы таралуы мен биологиясы
Капр қоңызы: биологиясы, зияндылығы және қоймада анықтау әдістері
Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің карантиндік зиянкестері: таралуы, биологиясы және қорғау шаралары
Жеміс ағаштарының зиянкестері мен аурулары: сипаттау, анықтау және карантиндік-қорғау шаралары
Бұршақ дақылдарының негізгі зиянкестері: биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz