САҢЫРАУҚҰЛАҚ АУРУЛАРЫ




Презентация қосу
САҢЫРАУҚҰЛАҚ
АУРУЛАРЫ

Орындаған: Тұрғанова Таңшолпан
Тексерген: Алимкулова Мөлдір
МАҚТА АНТРАКНОЗЫ
Қоздырғышы – Colletotrichum gossypii Southw және C.
indicum Dastur. Ауру қоздырғышы жетілмеген
саңырауқұлақтар деутеромицидтер класы
меланкониялылар қатарының меланкония тұқымдасына
жатады. Ауру өскіні залалдау нәтижесінде, оның жатып
қалуы немесе өсімдіктің өлуіне әкеліп соқтырады.
Ауру тамыр мойнында қызғылттау немесе күңгірт
суланатын дақ түрінде сабақты айнала залалдап,
бөліктенген күйде немесе жаңа түрінде байқалады.
Ауру тұқым жарнақ жапырақтарында күңгірт-қоңыр
түсті пішінсіз қызыл шеңберлі дақтар түрінде
байқалады. Дақтар біртіндеп жапырақ бетін қаптап,
оның шіруіне себепкер болады.
Жетілген өсімдіктер
сабақтары мен жапырақтары
бір себептерден әлсіреген
жағдайда ғана залалданады.
Сабақтарда қызғылт-
қоңырлау түсті пішінсіз
ұзыншақ дақтар түзіледі.
Жапырақтағы дақтар
күңгірт, дөңгелек пішінді
болады.
Антракноз ауру
қоздырғышымен көбінесе
қауашақтар қатты
залалданады.
Антракноз ауру қоздырғышымен залалданған тұқым, сау
тұқымнан сыртқы белгілері бойынша анық ажыратылмайды.
Қатты залалданған тұқым қалыпты сұрғылт-жасыл түсін
жоғалтып, сарғыштау немесе қоңырлау болып, әлжуазданып
өнгіштігінен толықтай айырылады.
Мақта антракнозы Еуропада, Азия, Африка , АҚШ және
Австралияда таралған.
Саңырауқұлақ заладанған өсімдік қалдықтарында және ауру
тұқымда ұзақ сақталады. Тұқым ішіндегі жұқпа тұқым және
сақталатын орынның ылғалдылығына байланысты бір жылдан 13
жылға дейңн қорланады.
КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР ЖӘНЕ КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

1. Мақта тұқымы шет елдерден тек ғылыми
зерттеу мақсатымен Қазақстан Республикасына
тасымалданады.
2. ШЕт елдерден алынған тұқым
лабораториялық экспертизадан өткізіліп,
карантиндік питомникте себіліп бақылаудан
өтеді.
3. Антракноз ауруы таралған елдерде барлық
тұқымдықтар химиялық жолмен өңделеді.
БАҚЫТГҮЛ АСКОХИТОЗЫ
Ауру қоздырғышы- Ascochyta chrysanthemi Stev.
саңырауқұлағы Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales
қатарының Sphaeropsidaceae тұқымдасына жатады.
Өсімдіктің жерүстілік және топырақ астындағы бөліктері
ауруға шалдығады.
Ауру белгілері – жапырақтардағы сұр, сұр-қоңыр немесе
қара түсті дақтар. Ауруға шалдыққан жапырақтар шіриді
немес қурайды және олар өсімдікке ілініп қала береді.
Сабақтарда қоңыр немесе қара дақтар әсіресе өркендерде
жақсы байқалады. Ауруға шалдыққан гүлдердің гүл шоқтары
түбінен бастап шіриді. Залалданған гүл басы толықтай ашық-
қоңыр реңді болады.
Залалданған тамырлар қоңырланады, үгілгіш болады және
тез шіриді.
Бақытгүл аскохитозы Еуропада, Африкада, Америка
жіне Австралияда таралған.
Қазақстанда кездеспеген сыртқы карантиндік нысанға
жатады.
Бақытгүл аскохитозы жаңа елдермен аудандарға
шыбықшалармен, кесілген гүлдермен, өсімдік
қалдықтарымен, тұқыммен таралады.
КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР
Бақытгүл аскохитозымен күресу үшін
агротехникалық және химиялық шаралар кешенді
түрде атқарылуы ұсынылады; барлық залалданған
өсімдік қалдықтары жұқпаның таралу көзі ретінде
жойылады; ауыспалы дақылдар тәртібін сақтау ;
өсімдіктің тамырына қарай суару және
жылыжайды желдету; жылыжай мен топырақты
залалсыздандыру; өсімдікті химиялық
препараттармен өңдеу. Өңдеу аурудың таралу
дәрежесіне қарай 7-10-14 күн сайын қайталанады.
БАҚЫТГҮЛ АҚ ТАТЫ
Ауру қоздырғышы – Puccinia horiana Henn. Basidiomycetes
класы, Teliobasidiomycetidae клас тармағының Uredinales
қатарының Pucciniaceae тұқымдасына жататын
саңырауқұлақ.
Негізінен жапырақтар, кейде сабақтар ауруға шалдығады.
Жапырақтардың үстіңгі бетінде алғашқы кезде кішкене
солғын-сары дақтар пайда болады. Біртіндеп дақтар
үлкейеді, ашық-сары түсті ортасы қоңырланады. Дақтарда
жапырақтардың астыңғы бетінде ашық сары немесе
қызғылт түсті іріңді безеу, күлдіреуік пайда болады, кейде
олар ағарады және томпияды, диаметрі 5 мм дейін жетеді.
Алғашқы кезде ауру баяу болғанда дақтар жеке дара
түрінде, олар қатты дамыған кезде олар бірнеше ондап
саналады.
Қатты залалданған
жапырақтар өледі, өсімдіктер
күйген тәрізді болып көрінеді.
Көбінесе ауру жапырақтар
төмен қарай ширатылады.
Бақытгүлдің ақ татының
қоздырғышы бір инелі,
уредостадиясы жоқ.
Ауру Еуропада таралған.
Қазақстанда кездеспеген
сыртқы карантиндік нысанға
жатады.
Ақ тат қабықшалар және
кесілген гүлдермен әкелінуі
мүмкін.
КАРТОПТЫҢ ҚАРА КҮЙЕСІ
Ауру қоздырғышы Thecaphora solani Mordue
саңырауқұлағы. Қоздырғышы Базидиомициттер
класы
Қазақстанда кездеспеген сыртқы карантиндік
нысанға жатады.
Solanum түрлерін соның ішінде картопты картоп
қара күйесін залалдау ерекшелігі түйнектердің
кейіпсіз ұлғайып, сабақтың төменгі бөлігі мен
столондарда түйнек тәрізді ісіктердің пайда
болуы. Онда ұсақ қуыстар спораға толы болады.
Түйнек саңырауқұлақпен түгелдей немесе аздап
ғана залалдануы мүмкін. Аурудың алғашқы даму
кезеңінде түйнек бетінде спораларға толы бөртпе
түзіледі.
Әр түрлі пішінді аса өзгергендерінде кейін терең
сызаттар пайда болып, олардан споралар босайды
және екінші рет залалданады. Өсімдіктің жер үсті
мүшелері ауруға шалдықпайды.
АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ КҮРЕСУ
Агротехникалық шаралар
Картоп дақылдарын өсіруде оңтайлы ауыспалы егіс жүйесін
дұрыс сақтау
Жоғары агротехниканы мерзімінде сирету, қатар аралықты
қопсыту және т.б. Оңтайлы түрде атқару
Егістің айналасын және аралығын жыртып, арамшөптерді
жүйелі түрде жою.
Өнімді мезгілінде жинап, өсімдік қалдықтарын жою

Оңтайлы мерзімде сүдігер жырту

Химиялық тәсіл
Ауру қоздырғыштарды жою үшін, картопты отырғызар
алдында 2-3 күн бұрын фундазол, 50% с.ұ (1,0 л/т ) немесе
ТМТД 40% с.с.қ. (2,5 -3 л/т )немесе фенорам, 70% с.ұ. (2,0 )кг/т
препараттарымен өңдеу.
Назар салып
тыңдағандарың
ызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Гүлді өсімдік аурулары
Өсімдік ауруларына қарсы қорғау шараларының жүйесі
Оппортунистік микоздар
ІШЕК ПЕН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР
Лейшманиоз және токсоплазмоз
Саңырауқұлақты инфекциялар
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Гүлді өсімдіктер және олардың аурулары
Қытай бұршағының жалған ақ ұнтағы
АСПЕРГИЛЛЕЗДІ БАЛАУ ЖӘНЕ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ
Пәндер