КАРТОП ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ КАРАНТИНДІ АУРУЛАРЫ МЕН ЗИЯНКЕСТЕРІ




Презентация қосу
КАРТОП ЖӘНЕ
ҚЫЗЫЛШАНЫҢ
КАРАНТИНДІ АУРУЛАРЫ
МЕН ЗИЯНКЕСТЕРІ
КАРТОП РАГІ (ІСІГІ)
Ауру қоздырғышы –Synchytrium
endobioticum Percival саңырауқұлағы.
Қоздырғыш хитридиомицеттер класы
хитридиялылар қатарына жатады.
Картоп ісігінің қоздырғышы жіпше
түзбейтін жасуша ішіндік тоғышар болып
есептелінеді.
Ауру Еуропада және Азияда кең таралған.
Қазақстанда кездеспеген сыртқы
карантиндік нысан.
Картоптың түйнегі тамыр сабағы , сабағы, жапырағы
кейде гүліде залалданады. Тамыры ешкашанда
залалданбайды. Ауруға шалдыққан мүшелерде бұлтықтар
түзіледі. Олардың түсі алғаш ақ, кейін сарғайып, қоңырланады.
Залалданған столондарда түйнектер түзілмейді.
КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР
Топырақты картоп
рагінен тазарту үшін
карбамид 100 г/м²
препаратын ісікке төзімді
сорт өндірілетін жерге
немесе сұйық аммиак
сусыз - 1 т/га немесе
нитрификация
ингибриторы 2% сұйық
аммиак массасынан аралас
аммиак 0,5 т/га қолдану
ұсынылады.
КАРТОПТЫҢ ҚАРА КҮЙЕСІ
Ауру қоздырғышы Thecaphora solani Mordue
саңырауқұлағы. Қоздырғышы Базидиомициттер
класы
Қазақстанда кездеспеген сыртқы карантиндік
нысанға жатады.
Solanum түрлерін соның ішінде картопты картоп
қара күйесін залалдау ерекшелігі түйнектердің
кейіпсіз ұлғайып, сабақтың төменгі бөлігі мен
столондарда түйнек тәрізді ісіктердің пайда
болуы. Онда ұсақ қуыстар спораға толы болады.
Түйнек саңырауқұлақпен түгелдей немесе аздап
ғана залалдануы мүмкін. Аурудың алғашқы даму
кезеңінде түйнек бетінде спораларға толы бөртпе
түзіледі.
Әр түрлі пішінді аса өзгергендерінде кейін терең
сызаттар пайда болып, олардан споралар босайды
және екінші рет залалданады. Өсімдіктің жер үсті
мүшелері ауруға шалдықпайды.
АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ КҮРЕСУ
Агротехникалық шаралар
Картоп дақылдарын өсіруде оңтайлы ауыспалы егіс жүйесін
дұрыс сақтау
Жоғары агротехниканы мерзімінде сирету, қатар аралықты
қопсыту және т.б. Оңтайлы түрде атқару
Егістің айналасын және аралығын жыртып, арамшөптерді
жүйелі түрде жою.
Өнімді мезгілінде жинап, өсімдік қалдықтарын жою

Оңтайлы мерзімде сүдігер жырту

Химиялық тәсіл
Ауру қоздырғыштарды жою үшін, картопты отырғызар
алдында 2-3 күн бұрын фундазол, 50% с.ұ (1,0 л/т ) немесе
ТМТД 40% с.с.қ. (2,5 -3 л/т )немесе фенорам, 70% с.ұ. (2,0 )кг/т
препараттарымен өңдеу.
КАРТОП КҮЙЕСІ
Қабыршаққанаттылар отрядының ойыққанатты күйелер тұқымдасына
жатады. Күйе көбелектің қанаттары сұр түсті болады. Тыныштықта
арқасына жиналады. Алдыңғы қанаттарының өрісі 12-15 мм, еркектерінің
қанаттары ұрғашыларынікіне қарағанда 2-2,5 мм кіші келеді. Ашық- сұр
түсті қанаттарының бетінде әр түрлі жолақтары мен нүктелері
байқалады.
Алдыңғы қанаттарының шашақтары ашық-сұр түсті, іш жақ бетінде
күңгірттеу қабыршақтары бар. Артқы қанаттарының шашақтары сарғыштау
қылшықты. Шашақтары қанаттарынан ұзындау болады. Ішкі жақ беттері
бір келкі сұр түсті келеді.
Мұртшалары сұр түсті, ішкі жағы ақшылдау, бунақтары анық
байқалады.
Алдыңғы және ортаңғы аяқтары солғын-сұр түсті, сирақтарының
аздаған түктері болады.
Картоп күйесі АҚШ- та 4 ұрпақ, ал Австралияда 13 ұрпаққа дейін,
Краснодар өлкесінде 3-4 ұрпақ береді.
Қазақстанда кездеспейтін карантиндік нысанға жатады.
Күйенің жұлдызқұрттары жапырақтары өрмек жіптерімен шырмап
үңгіп, сабаққа еніпте зақымдайды. Жұлдызқұрттар түйнекте диаметрі
2-3 мм жол салып зақымдайды. Онда экскеременттер байқалады.
Картоп күйесі картоп түйнегімен және алқа тұқымдасы
дақылдарының жемістерімен барлық даму фазаларында таралады.
КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР
1. Импорттық тағамдық картоп өнімдерін тыңғылықты тексеру
2.Картоп күйесінің жұлдызқұрттарын табу мақсатымен аумағы 3 км
аймақ алғашқы импорттық өнім тасымалданған жерден тексерілуі тиіс.
3. Картоп күйесі залалданған аудандардан алқа тұқымдастарды
тасымалдауға қатаң тиым салу.
4. Картоп пәлегін қураудан 5-7 күн бұрын қиу және оны жою
керек.
5. Картоп түйнектерін тез жинап,егістіктен тасымалдап алып кету.
6.Картоп түйнектерін тиісті нұсқаулар бойынша бромды метиллмен
фумигациялау.
7. Картоп күйесі кең және аздап таралған аудандарда химиялық
препараттарды тиісті ұсыныстар бойынша қолдануға ұрықсат етіледі.
8. Биопрепараттардан лепидоцид ұсынылады.
ҚЫЗЫЛШАНЫҢ КҮМІСТІ АУРУЫ
Ауру қоздырғышы – Corynebacterium betae
Keyworth and Howell бактериясы Mycobacteriaceae
тұқымдасына жатады.
Бактериоз белгіліері өсімдіктің барлық өсу
кезеңдерінде байқалуы мүмкін. Ауруға өсімдіктің
барлық мүшелері жапырақтары, сабақтары,
тамыржемістері, гүлді өркендері және тұқымдары
шалдығады. Аурудың алғашқы белгілері бір немесе
бірнеше жапырақтардың үстіңгі бетінде сұр-күміс
түсті бедері дақ күйінде байқалады.
Күмісті клеткалық кеңістікте ау болуына
байланысты. Ауру жапырақтар қалыңдап,
морттанады және өледі. Ауру біртіндеп бір
өсімдіктің барлық жапырағын қамтиды.
Заладанған тұқым бірнеше күн ішінде солуы
мүмкін.
Бұл ауру Англияда тарлған. Қазақстанда
кездеспеген, сыртқы карантндік нысанға жатады.
Жұқпа тұқым арқылы беріледі, бұнымен қатар
топырақта залалданған тұқымнан өскен ауру
өсімдіктен сау өсімдікке тез тарайды. Жұқпаның
бітелер арқылы таралуы анықталмаған.
КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Залалданған учаскеден алынған тұқым себуге
ұрықсат етілмейді.
Англиядан ғылыми – зерттеу мақсатында
тасымалданған лабораториялық тексеруден
өткізіліп, карантиндік питомникте себіледі.
Тұқымдық тамыржеміс тұқымдыққа
отырғызылған соң 6-8 аптадан кейін тексеріледі,
одан кейін тұқым жинағанға дейін жүйелі түрде
бақыланып тұрады. Қант қызылшасының басқа
да плантациясы жүйелі түрде тексерілуі тиіс.
Тұқым дәріленеді.
Назар салып
тыңдағандарың
ызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Мақта, күнбағыс, қызылша аурулары
Түйнек жемістілер
Тамыр түйнектілерді және балауса картопты сараптау
Жұмыртқасының ұзындығы
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Картоп зиянкестері мен аурулары
Арамшөптер
Қызанақ өсіру технологиясы. Қызанақ өсіру
Өсімдік карантинінің даму тарихы
Пәндер