Қант қызылшасын суару жүйесі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қант қызылшасын суару жүйесі

Slide 2

Жоспар:

1. Қант қызылшасын суару жағдайлары

2. Суарудың әр түрлі жағдайларында қант қызылшасының өнімділігі мен суландыру тәртібі

3. Суару әдістері және егістік жерлерді тегістеу

Slide 3

Кіріспе

Қазақстан қант қызылшасын өсіретін елдер қатарына жатады. Сөйте тұра біз өзімізді қантпен 8-ақ пайызға қанағаттандырамыз. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймағында суармалы жерде аса бағалы техникалық дақыл - қант қызылшасы өндіріледі. Бұл дақыл 30-шы жылдары Жамбыл және Алматы облыстарында өсіріле басталған. Аталмыш дақылдың өсіп-өнуіне бұл облыстардың жер жағдайы, ауа райы өте қолайлы, суармалы егіс алқаптарының әр гектарынан орта есеппен 450-500 центнер және одан да жоғары тәтті түбір алуға болады.

Қант қызылшасы 1 гектардан 250-300 ц тамыр мен 100-150 ц жапырақ өнімін бергенде алынатын барлық қосымша өнімдердің (жапырақтар, сығынды, сірнелер) малазықтық құндылығы 5000-ға жуық малазықтық өлшемді құрайды

Slide 4

Бұл аса бағалы техникалық дақылдың даму дәуірі, яғни вегетация уақыты 150 тәулікке дейін созылады. Даму дәуірі өз кезегінде үш биологиялық кезеңге бөлінеді:

біріншісі шамамен 15 маусымға дейін созылады,

екіншісі 15 маусымнан 15 тамызға дейін,

ал үшіншісі 15 тамыздан вегетация аяқталғанша созылады.

Бірінші кезеңде жапырақ пайда болады және өседі, екінші кезеңде негізінен қызылша тамыры өседі, ал үшінші кезеңде тамыр өсуі жалғасып, оған қанттың жиналуы басталады.

Slide 5

Қызылша өнімін 500 ц/га-дан кем алмау үшін, топырақ ылғалдылығы аталған үш кезеңде оның еркін су сыйымдылығының 70-80 проценті шамасында болуы шарт.

Ол үшін вегетация кезінде барлығы

5-7 рет,

яғни суғару нормасы 700 м3/га аспағаны жөн.

Жаңбырлатып суғарғанда суғару саны 8-12 ретке дейін жетеді. Ал суғару нормасы 300-500 м3/га шамасында болады.

Қант қызылшасын қарық арқылы суғарады. Танаптың жер жағдайына байланысты қант қызылшасын жаңбырлатқыштар көмегімен де суғарады

Slide 6

Қызылша ылғалды сүйгіш дақыл.

Қызылша тұқымы бөрту кезінен бастап, суды мейлінше көп қажет етеді. Тұқым өніп шығу үшін өз салмағынан 160-190 пайыз артық су қажет. Клеткаларда судың жеткілікті мөлшерде болуы, өсімдікте физиологиялық процестердің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Қызылшаның алғашқы қос жапырақтары өсіп шыққан кезде оның тканьдарында су 93-95 % болады. Ал түсім жинау кезінде ылғал төмендеп, жапырағында 78-85%, тамырында 75-80 % дәрежесіне дейін кемиді.

Slide 7

Қант қызылшасы құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарына жатады. Ауа райына, агротехникаға және іріктеме ерекшеліктеріне байланысты транспирациялық коэффиценті 130 шамасынан 370 шамасына дейін өзгеріп отырады. Қызылша 1 грамм салмақ қосу үшін 70-80 текше см су, бір грамм қант түзу үшін 450-500 текше см су жұмасайды, ал бір грамм құрғақ зат құрау үшін жергілікті жағдайға байланысты 200-300 грамм суды пайдаланады.

Профессор П. В. Карпенконың (1958) мәліметі бойынша ыстық күндері жақсы дамыған бір түп қызылша күніне бір литр су пайдаланады. Бұл дегенініз қызылшаның жиілігі бір гектарға 100 мың болғанда гектарына 100 текше метр суды қажетсінеді.

Slide 8

Қызылшаның суды жұмсауы

жапырақ көлеміне,

температураға

ауаның және топырақтың ылғалдылығына

топырақ ерітіндісінің концентрациясына және де басқа факторларға байланысты.

Slide 9

Су қызылшаға әсіресе жылдың ыстық айларында аса қажет. Себебі бұл кезде қызылшаның жапырақтары да, түбірі де тез өсу үстінде болады. Дәл осы кезде су жетіспесе, өнім күрт азаяды. Жапырақтың транспирациялық коэффиценті күшті болғанда қызылша тамыры сумен қамтамасыз етілмейді. Мұндай кезде жаңбырлатып суарған тиімді.

Қант қызылшасы үшін топырақ ылғалдығы 60-70 % болуы керек. Топырақ ылғалының төмендеуі тамыржеміс салмағының және қанттылығының азаюына тікелей себеп болады. Ал ылғалдың 90 % және одан жоғары болуы тамыржеміс салмағын ұлғайтып, қанттылықты төмендетеді. Топырақта ылғал мөлшеріне байланысты қызылшаның сыртқы пішіні өзгереді. Мысалы, ылғал көп болса тамыржеміс қысқа және жуан болып өседі, ылғал жетіспегенде тамыржеміс ұзарып кетеді.

Slide 10

Қант қызылшасын суару жағдайлары

Қазақстанда Алматы мен Жамбыл облыстарының шаруашылықтары суармалы жерлерде өнеркәсіптік қант қызылшасын өсіру ісімен шұғылданады. Бұл облыстар жерінің топырақтары әр алуан.

Соңғы жылдары жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде, суару мәселесі және суарған кезде өсімдіктерде болатын физиологиялық процестер жөнінде көптеген тәжірибелік деректер жинақталды. Соның арқасында қант қызылшасын суаруда 5 түрлі бағыт бой көрсетті, олар:

күні бұрын белгіленген схема бойынша суару

морфологиялық белгілер бойынша

физиологиялық қасиеттердің көрсеткіштері бойынша,

метерологиялық мәліметтер бойынша

топырақтағы кеміген ылғал мөлшеріне ылғал тапшылығына сәйкес суару.

Slide 11

Сонымен қант қызылшасын суару тәртібін белгілеу үшін мыналарды анықтау қажет:

1) қант қызылшасының дамуының биологиялық ерекшеліктері мен оның суды қаншалықты қажет ететініне қарай суару маусымын үш дәуірге бөлу;

2) топырақтың егістік су сыйымдылығы және топырақтың көлемдік салмағы;

3) суарылар алдындағы топырақ ылғалдылығының болуға тиіс төменгі шегі;

4) қант қызылшасының өркендеу ерекшеліктеріне және топырақ айырмашылығына қарай суарғанда ылғалдандырудың есептеп шығарылған тереңдігі;

5) суару және суландыру мөлшері нормасы;

6) суарудың ұзақтығы, есептеп шығарылған су мөлшері осы уақыттың ішінде берілуге тиіс.

Slide 12

Суарудың тиімді әдістердің бірі- жаңбырлатып суару. Көптеген жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылардың ішінде қант қызылшасын суландыру ісінде негізінен ДДА-100М жаңбырлатқыш агрегаты пайдаланылып жүр. Бұл жаңбырлатқыш ДТ-54 тракторына асып қойылады. Қанатының ұзындығы 55 метр, сорғыш тетігі және қалтқысы бар 8К-12 маркалы бұлқынмен, насоспен жабдықталған.

Жаңбырлатып суару жағдайларын зерттеген Қазақтың су шаруашылығы институты мен Қазақтың егіншілік институтының деректеріне қарағанда, жаңбырлату кезінде жаңбыр неғұрлым қарқынды болса, тиісті суару нормасындағы суды соғұрлым тезірек беруге болатыны көрінеді. Алайда суды әртүрлі шапшаңдықпен сіңіретін түрліше топырақтар бұл уақыттың ішінде берілген су мөлшерін сіңіре алмаулары да мүмкін, мұндай жағдайда суарудың сапасын өте нашарлататын шалшықты су ағысы пайда болады.

Slide 13

Жаңбырлатудың қарқынына қарай гектарға 210-385 текше метрден су беріледі. Ал суды сіңіру шапшаңдығы жаңбырлатудың қарқынынан 2-2, 5 есе кем болған жағдайда шалшық пайда болу уақыты 156-20 минутқа дейін қысқарады. Аралық уақыты осындай болған кезде суару мөлшері гектарға 105-200 текше метрдей болады.

Жаңбырлатудың қарқынымен суарудың топырақты ылғалдандыру тереңдігі де байланысты. Жаңбырлатудың қарқыны оншалықты болмауы топырақтың тереңірек ылғалдануына көмектеседі.

Slide 14

Суарудың әр түрлі жағдайларында қант қызылшасының өнімділігі мен суландыру тәртібі

Қант қызылшасын суару тәртібінің нақтылы анықталмауы, қант қызылшасын суарудың мерзімі мен мөлшерін білмеу, суды дұрыс пайдаланбау егіннің шығымы мен суармалы жер аумағын ұлғайтуға кедергі келтіреді. Ауыл шаруашылық дақылдарын, оның ішінде қант қызылшасын, суаруда қолданылатын тәртіп өсімдіктердің әр түрлі өсу кезеңіне қарай, қаншалықты қажет ететініне сәйкес құрылады. Қант қызылшасын нақтылы топырақ ауа-райы жағдайларына сәйкес үйлесімді суару тәртібін белгілоеу қажет. Ол үшін қант қызылшасының өсу және өркендеу дәуірлеріне қарай топырақтың суару алдындағы болуға тиіс ылғалдылығының әр түрлі дәрежесін тағайындап алу керек.

Slide 15

Жердің ыза суы 3 метр тереңдікте жатқан сортаңданбаған, ауыр саздақ шалғынеды, сұр топырақты жерлерге егіліп, өсімдіктің бүкіл өсу дәуірінде суарылар алдындағы топырақ ылғалдылығы оның егістік су сиымдылығының 70 % дәрежесінде болған кезде қант қызылшасынан мол өнім алынып, қанттылығы артатынын зерттеу жұмыстарының нәтижесі айқын көрсетті. ал топырақтың ылғалы көп (90% дәрежесінде ) немесе тым аз болса қант қызылшасының шығымдылығы кеміп кетеді. Сондай-ақ топырақтың ылғалдылығы қандай мөлшерде ескерілмей, күніілгері ойланбай жасалған схема бойынша суарылған қызылша егісінің де шығымдылығы төмендеп кетеді.

Slide 16

Жердің ыза суы тереңде жатқан және төменгі қабаттарында малтатасы жоқ топырақтарда белгіленген суару нормасын түгел беру үшін суарған кезде, оның ұзақтығы өсу дәуірінің бастапқы кезінде 8-10 сағатқа, басқа кездерде 16-20 сағатқа созылуы қажет. Ал ыза суы таяз жерлерде және малтатасты жерлерді суарудың ұзақтығы алдыңғы жерлермен салыстырғанда екі есе кемітіліп алынуға тиіс.

Slide 17

1-кесте. Сортаңданбаған, ыза суы тереңде жатқан, орташа саздақты қара қызыл қоңыр топырақты жерлерге егілген қант қызылшасын суландыру тәртібі.

Суарудың рет саны

Суарудың ұзақтығы

Суару аралықтары күн есебімен

Суару мөлшері гектарға текше метрн есебімен

Суландыру мөлшері, гектарға, текше метр есебімен

Басталуы

Аяқталуы

Күн саны

1

2

3

4

5

20. 07

10. 07

28. 08

16. 08

5. 09

01. 07

20. 07

08. 08

26. 08

10. 09

10

10

11

10

8

-

20

18

19

20

800

900

900

900

800

-

4300

Slide 18

2-кесте. Сортаңданбаған, ыза суы 7 метрден аса тереңдікте жатқан орташа саздақты боз қызыл қоңыр топырақты жерлерге егілген қант қызылшасын суландыру тәртібі:

Суарудың рет саны

Суарудың ұзақтығы

Суару аралықтары күн есебімен

Суару мөлшері гектарға текше метрн есебімен

Суландыру мөлшері, гектарға, текше метр есебімен

Басталуы

Аяқталуы

Күн саны

1

2

3

4

5

6

13. 06

1. 07

15. 07 01. 08

17. 08

04. 09

23. 06

10. 07

24. 08

09. 08

26. 08

15. 09

10

9

9

9

9

10

-

18

15

16

17

18

550

850

850

850

850

750

-

-

-

4700

-

-

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ТАЛДАУ
Суармалы егіншілік жағдайында зиянкестерге қарсы күрес жағдайлары
Ірі қара малының қант қызылшасымен улануы
Қызылша
Крахмал - өсімдіктердің басты қосалқы көмірсуы
СУАРУ ТӘСІЛДЕРІ
Органикалық тыңайтқыштар туралы
Паразитті және паразитті емес арамшөптердің өкілдері және оларға қысқаша сипаттама
Қауынды егістікте күту және тыңайтқышты қолдану
Өрт сөндіру қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz