Қазақстан Республикасы аумағында шағын көлемде таралған карантиндік зиянкестер


Slide 1

Қазақстан Республикасы аумағында шағын көлемде таралған карантиндік зиянкестер

Slide 2

Шығыс жеміс жемірі

Қабыршаққанаттылар отрядының жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жатады.

Шығыс жеміс жемірі Еуропада кең таралған. Оның ішінде Ресей мен Украинада тіркелген. Азия, Африка, АҚШ және Австралияда кездесетін қауіпті зиянкес.

Қазақстанда кездеспейді, сыртқы карантиндік нысанға жатады.

Шығыс жеміс жемірі жұлдызқұрт күйінде тығыз пілләда діңнің көтерілген қабығының астында немесе қаңқа бұтақтарда, топырақ бетіндегі құрғақ жапырақтарда, мумияланған жемістерде, бұрғы көбелек зақымданған жарақаттарда қыстайды. Жазғы пілләларды бұтақтарда жеміс бетінен, зақымдалған өркендердің арасынан, ширатылған жапырақтардың астынан табуға болады.

Slide 3

Көбелектер іңір қараңғыда және бұлтты күндері белсенді болады. Қыстап шыққан ұрпақ ұрғашылары жұмыртқаларын шабдалы, шие, алхорының жас өркендерінің жапырақтарының астыңғы бетінде орналастырылады.

4-8 күннен кейін жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады, олар жоғарғы жас өркенге немесе жеміс сағағы бекілген жерге енеді. Жұлдызқұрттар өркендер мен жемістерде 8-12 күн қоректенеді. Одан кейін қуыршақтануға кетеді.

Қуыршақтың дамуы 5-12 күнге созылады. Жалпы ұрпақтың дамуы 24-30 күнге жетеді. Ауа райына, жер ерекшеліктеріне байланысты шығыс жеміс жемірі жылына 5-6 ұрпақ береді.

Slide 4

Шығыс жеміс жемірінің жұлдызқұрттары зақымданған жемістегі жолдары ұзын болады. Кейде тұқымды да зақымдайды.

Slide 5

Калифорниялық қалқаншалы сымыр

Зиянкес теңқанаттылар отряды, сымырлар отряд тармағының қалқаншалылар тұқымдасына жатады.

Калифорниялық қалқаншалы сымыр Батыс Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде, Африка және АҚШ-та сонымен қатар Ресейде де кең таралған.

Қазақстанда ішкі карантиндік нысанға жатады. Сымырдың ұрғашысының ұзындығы 1, 3 мм, лимондай сары түсті, денесі дөңгелек болады, аяғы, қанаты және көзі редукцияланған, бір орнында қозғалмай тіршілік етеді, шаншып -сорғыш ауыз мүшесі жақсы жетілген, қалқаншасының орта бөлімі дөңестеу, түсі бозғылттау қоңыр, диаметрі 1, 5-2 мм.

Еркектері бірнеше сағат қана өмір сүреді.

Slide 6

Калифорниялық қалқаншалы сымыр бір жастағы дернәсіл күйінде қалқанша астында қыстайды. Кейбір жағдайларда 2 жастағы дернәсілдері және еркектері де қыстап шығады. Қыстаушы дернәсілдің қалқаншасы тығыз қара түсті болады.

Көктемде жеміс ағаштарында «шырын жүру» кезеңі басталысымен дернәсілдер қысқасы ұйқыдан ойанады да 10-12 күн ішінде 2 рет түлеп, ересек бунақденеге айналады. Ұрықтанған ұрғашы сымырлар 50-60 күн өмір сүреді.

Дернәсілдер алғашында тез қимылдап, ағаштың өн бойына түгел таралады. Кейіннен олар ағаштың діңімен бұтақтарының қабығына сүлікше қадала жабысады да бірте-бірте қозғалу қабілетін жоғалтады және олардың арқа жағында қалқанша пайда болады.

Slide 7

Зиянкес қоректенген жеміс ағашының діңі мен бұтақтарының ескіре бастаған қабығында ұзын салалы және көлденең сызықтар, ал жапырақтары мен жемістерінде және басқа қабығында осы түрге ғана тән қызғылт дақтар пайда болады. Нәтижесінде ондай ағаштардың беретін өнімі азайып, жемістерінің сапасы төмендейді. Мекендеген жерлерінің ерекшелігіне байланысты калифорниялық қалқаншалы сымыр жылына 2-4 ұрпақ береді.

Slide 8

Капр қоңызы

Қаттықанаттылар отрядының тері жегілер тұқымдасына жатады.

Капр қоңызы Еуропада, Азия, Африка және Оңтүстік америкада тараған. Қазақстанда тіркеліп оның табылған ошағы жойылған.

Капр қоңызы барлық даму фазаларында дән, астық өнімдерімен, жеміспен, ыдыстар немесе көлікпен таралады.

Капр қоңызы дернәсіл күйінде қамбаның қабырға жапырақтарында, жіңішке саңылауларда қыстайды. Қуыршақтануы дернәсілдің жарылған түлеу қабығында қыстайды. Оның дамуы 2-23 күнге созылады.

Slide 9

Қоңыз әдетте 10 күндей тіршілік етеді, ал төменгі температурада одан да ұзаққа созылады.

Капр қоңызының дернәсілі зияндық келтіреді. Олар қамбадағы бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш, мақта тұқымын және ұн, макаронды, кейде қағазды, қатты зақымдайды. Алғашқы даму фазасында дернәсілдер үгітілген дәнмен кейін бүтін дәнді де зақымдайды. Өте зиянды қоңыз. Үлкен шығын келтіреді.

Slide 10

Колорад қоңызы

Қаттықанаттылар отрядының жапырақ кемірлері тұқымдасына жатады.

Республиканың барлық өңірінде таралған картоптың негізгі зиянкесі болып табылады, оның картоп егістігіндегі саны және зияндылығы бірнеше жылдан бері жоғары болып қалуда. Батыс Қазақстан жағдайында ылына 2 ұрпақ, Оңтүстік Қазақстанда 3, ал Солтүстік Қазақстанда бір ұрпақ беріп көбейеді.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
ҚР аумағында шағын көлемде таралған карантиндік зиянкестері
Өсімдік карантинінің даму тарихы. Қазақстан Республикасының өсімдік карантині
Өсімдік карантинінің даму тарихы
ҚР облыстарының фитосанитария карантиндерінің жағдайы
Қазақстан Республикасы аумағына таралмаған карантинді зиянкестер
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
ӨСІМДІК КАРАНТИНІ
Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері
Алманың қанды бітесіне қысқаша сипаттама
Австриялық науша сымыр немесе ицерия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz