Мақтаның карантинді аурулары


Slide 1

Мақтаның карантинді аурулары

Slide 2

Жоспар І. Мақтаның антракнозы ІІ. Мақтаның техастық тамыр шірігі ІІІ. Бидайдың үнді қара күйесі ІV. Азиялық мақта көбелегі

Slide 3

Мақтаның антракнозы Қоздырғышы - Colletotrichum gossypii Sowthw. және C indicum Dastur. Ауру қоздырғышы жетілмеген саңырауқұлақтар деутеромицеттер (Deuteromycetes) класы меланкониялылар (Melanconiales) қатарының меланкония (Melanconiales) тұқымдасына жатады.

Slide 4

Ауру тамыр мойынында қызғылттау немесе күңгірт суланатын дақ түрінде сабақты айнала залалдап, бөліктенген күйде немесе жара түрінде байқалады. Ауру тұқым жарнақ жапырақтарында күңгірт қоңыр түсті пішінсіз қызыл шеңберлі дақтар түрінде байқалады. Дақтар біртіндеп жапырақ бетін қаптап, оның шіруіне себепкер болады.

Slide 5

Антракноз ауру қоздырғышымен көбінесе қауашақтар қатты залалданады. Олардың жіктерінде ұсақ басылған күңгірт қоңыр немесе, қара қошқыл, қанқызыл дақтар түзіледі.

Бұл дақтар бірітіндеп қараяды, тек жиектерінде қызғылттау түс сақталады.

Slide 6 Slide 7

Мақтаның техастық тамыр шірігі

Ауру қоздырғышы Phymatotrichopsis omnivora ( Dyggar ) Hennebert (Phymatotrichum omnivorum Duggar) . Ауру қоздырғышы жетілмеген саңырауқұлақтар деутеромицеииер ( Deutoromycetes) класы гифомицеттер (Hyphhomycetales) қатарының монилия (Moniliaceae) тұқымдасына жатады. Ол ірі клеткалы жіпшұмақ, желі, қастауыш және жалған қастауыш түрінде кездеседі.

Slide 8

Көбінесе өсімдіктің тамыр жүйесі, кейде сабағы топырақ бетінен 2-3 см биіктікте залалданады. Жапырақтар үгілгіш келеді, қоңырланады немесе қараяды.

Slide 9

Тамырда жіпшеге толы ойыстар пайда болады. Ауру ұлпалар сауларынан күңгірт сызықтармен бөлінген. Залалданған қабық сүректен оңай ажыратылады.

Ауру қоздырғышы тұқыммен таралмайды.

Slide 10

Үнді қара күйесі

Қара күйе ауруларының қоздырғыштары астық тұқымдастарына жататын барлық мәдени және жабайы өсімдіктерді залалдайды.

Олар Basidiomycetes класы, Ustilaginales қатары, Тilletiaecae және Ustilaginaceae тұқымдастарының облигатты паразиттері. Қара күйе ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтар белгілі өсімдіктерге бейімделіп, жіпжумақтары мүшелер мен ұлпаларда дамып, диффузды таралады.

Қоздырғыштар көбіне астық дақылдарының дәнін, кейде жапырағын, сабағын, гүлін, гүл шоғырын және т. б залалдап аталған мүшелерде қара күйелі қапшықтар немесе түйіршіктер, ісіктер мен бұлтықтар, жолақтар сияқты белгілер түзіледі.

Басқа дақылдармен салыстырғанда бидай көптеген қара күйе ауруларына ұшырайды. Бидай қара күйесінің бес түрі белгілі. Олар: қатты қара күйе, тозаңды қара күйе, жатаған қара күйе, сабақ қара күйесі және үнді қара күйесі.

Slide 11

Үнді қара күйе - Ауру қоздырғышы Neovossia Indica Mund саңырауқұлағы.

Ауру қоздырғыш базидиомицеттер (Basidiomycetes ) класының устилагиналылар (Ustilaginales ) қатарының тиллеция (Тilletiaecae ) тұқымдасына жатады.

Инфекция қоры - залалданған тұқым және топырақ.

Slide 12

Кеселдің ерекшелігі - масақ түгел залалданбай, көбінесе масақшаның жырашығы немесе ұрық бөлігі залалданып, қара күйе телиоспора массасына айналады. Ауру өте қатты залалданғанда масақшаның қабықшалары ажырап, қара күйелі жағымсыз шіріген балық иісті дәндер масақтан топыраққа түседі.

Телиоспоралары сопақша немесе шар тәрізді, диаметрі 18 -40 мкм., қабығы қара қошқыл, қоңырлау, торлы, өскіні түссіз. Споралар тыныштық кезеңнен кейін 15 - 25 0 С температурада жуан базидияға өніп, онда 32 - 124 мкм. Ұзынша сәл иілген базидиоспоралар түзіледі.

Slide 13

Кеселдің залалдауы нәтижесінде масақтың ұзындығы қысқарып, дән саны азаяды. Қазіргі кезде Үндіде қара күйеден бидай өнімі 0, 2 - 0, 5 %, ал Мексикада 1% азаяды.

Үнді қара күйесімен залалданған тұқымның тауарлық сапасы мен өнгіштігі төмендеп, өнім 10 - 20 % жойылады.

Ауру Азияда ( Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, Үнді), солтүстік Америкада (Мексика) таралған. Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.

Slide 14

Мақтаның Азиялық көбелегі

Қабыршақ қанаттылар (Leoidoptera) отрядының түн көбелектер ( Noctuidae) тұқымдасына жатады. Қанаттарының өрісі мм. Алдыңғы қанаттары ашық қоңыр түсті, ерекше суреттері болады. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 35-40 мм, түсі сұр жасылдау түстен қоңыр қызғылт түске дейін өзгереді.

Slide 15 Slide 16 Slide 17

Жұлдызқұрттарының ұзындығы 35-40 мм, түсі сұр жасылдау түстен қоңыр қызғылт түске дейін өзгереді.

Slide 18

Қорытынды Жалпы қорыта келе мақтаның аурулары мен зиянкестері жөнінде мағлұматтармен таныстым. Олардың түр түсі және алып келетін зияндылығы жөнінде біраз ақпарат алдым. Бұллардың қаншалықты зянды екенін теория жүзінде анықтадым.

Slide 19

Пайдаланылған әдебиеттер 1. Х. К. Торыбаев, Н. Ж. Ашықбаев “Өсімдік карантині”- 2007 жыл, 5-19 бет. 2. Интеренет желісі. Google. kz

Slide 20

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы аумағына таралмаған карантинді зиянкестер
МАҚТА ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Мақта, күнбағыс, қызылша аурулары
Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Жұмыртқасының ұзындығы
Өсімдік карантинінің даму тарихы. Қазақстан Республикасының өсімдік карантині
Өсімдік карантинінің даму тарихы
Талшықты дақылдар
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz