ӨСІМДІК КАРАНТИНІ


Slide 1

Өсімдік карантині

Slide 2

Арамсояу- бір жылдық паразит шөп, Қазақстанның барлық жерінде таралған. Дүниежүзілік флорада арамсояудың 274 түрі кездеседі. Қазақстанда тіркелген арамсояудың 19 түрі бар. Қазақстанның барлық облыстарында көп тараған түрі - далалық арамсояу. Бұл шөп 200-ден астам ауылшаруашылық дақылдарына зиянын тигізеді. Мысалы, далалық арамсояу басқан қант қызылшасы өнімінің 80%-ы, пияз-сәбіздің - 85%, жоңышқа өнімдерінің 95%-ы жойылады. Арамсояудың тұқымын жоңышқа тұқымынан ажырату қиын, осы себепті тауар өндірушілердің көп өнімдері сатуға жарамсыз болып жатады

Арамсояу мәдени дақылдардағы зат алмасуды бұзады. Арамсояу түтікше тамырлары арқылы мәдени дақылға жабысып, ондағы органикалық, органикалық емес заттарды сорып алып, дақылды әлсіретеді, дақыл біртіндеп өсуін тоқтатып, қурайды. Арамсояу тұқымнан өседі, тарайды. Бір тұқымнан өскенде тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 10-13 см. биіктікке көтерілгеннен кейін, тұқымдағы қоректік зат бітеді. Арамсояу топырақпен байланысын жояды, осы кезде оның сабақтары шыркөбелек айналып, қасында басқа шөптер болса, соған жабысып бүршік тамыршықтары арқылы қоректі заттарды сорып алып, өсіп-дами береді.

Slide 3

Арамсояудың улылығы гүлдеген, тұқым пайда болған кезде күшейеді. Осы кезде арамсояуда алколоид-кускутин және глюкозид, конвольвулин көптеп жинақталады. Арамсояу араласқан мал азығы шіри бастайды, өзінің бағалы нәрлілігін жоғалтады. Сонымен қатар, жануарларды ауруға шалдықтырады. Егістікті арамсояудан арылту үшін агротехникалық шаралардың жиынтығын қолдану керек, яғни ауыспалы егісті дұрыс қолдану (дақыл алмасу),

Slide 4

Қазақстан аумағында шағын көлемде таралған арамшөптер.

. Жатаған у көкіре-күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық тамыр өркенді карантинді арам шөп. Бұл арам шөптің тамыр жүйесі мықты дамыған, 10 метр тереңдікке дейін кетеді. Тамырсабақ жүйелері де жақсы дамыған. Сондықтан тамырымен де көбейе береді. Өсімдіктің биіктігі 40-80 см шамасында, гүлдері алқызыл. Бір дана өсімдігі 600 данаға дейін тұқым береді. Тұқымдар топырақ астында 5 және оданда көп жылдар сақталады. Бұл арам шөп малдар үшін улы болып келеді, әсіресе жылқыларға. Қоршаған ортада 20 ОС жылылық және топырақтың ылғалдылығы 20% болғанда көктей бастайды. Бұл арам шөптің ерекшелігі: ол тамырымен де көбейе береді. Сондықтан бұл арам шөппен жүйелі түрде агротехникалық және химиялық жолмен күрескен дұрыс.

Slide 5

.

Химиялық күрес шарлары: арам шөп қалың өскен парға қалдырылған алқаптарда жаппай әсер етуші гербицидтер:

А) Ураган-форте 4, 0-4, 5 л/га, парлы алқап,

Б) Стинг-6, 0 л/га, парлы алқап,

В) Раундап 36 % су ерітіндісі -дәнді дақылдар егісінде 3, 0 л/га,

Г) Буран, парлы алқаптарда 6 л/га мөлшерінде қолданылады

Slide 6

Американдық ақ көбелек

Зиянкес қабыршаққанаттылыар отрядына Arctidae тұқымдасына жатады.

Қанаттарының ұзындығы 26-36мм, денесінің ұзындығы 9-15мм. Ауа райына байланысты жылына 1-2 ұрпақ береді. Американдық ақ көбелек Еуропаның көптеген елдерінде Ресей, Қытайда мекендейді. Американдық ақ кобелек асеринен ағаш әлсірейді, кейбір өсімдіктер өледі. Қазақстанда сыртқы карантиндік объект.

Slide 7

Жапон қоңызы Қаттықанаттылар(coleptera) отрядының тақта мұрттылар (Scarabaeidae) тұқымдасына жатады. Жапон, Үндістан, ақш, ресейде таралған. Қоңыздың ұзындығы 11, 4-12 мм, сопақ аздап дөңес, ашық жасыл металды жылтырақ қоңыз. аяқтары күңгірт жасыл. қоңыздың дамуы 1 жылдық. дернәсілі 20-40 см тереңдікте қыстайды. қоңыздар жапырақтармен, гүл және өсімдік түйнектерімен қоректенеді.

Slide 8

Цитрус аққанаты-Теңқанаттылар(Homoptera) отрядының аққанаттылар(Aleyrodidae) тұқымдасына жатады. Денесінің ұзындығы 1-2мм. мұртшалары 7 бунақты. денесі ашық-сары түсті. Цитрус аққанаты отаны оңтүстік-шығыс азия, Еуропа, америкада кең таралған. қазақстанда сыртқы карантиндик нысан. ресейде 3, қытайда 6 ұрпақ береди. цитрус аққанаты кқп қоректі. ол мандарин, апельсин, алмұртты зақымдайды.

Slide 9

Цитрус аққанатының жұлдыз құрты . . .

Slide 10

Қызанақ бактериозы-ауру қоздырғышы -pseudomanas lashrymans. оның дамуына қолайлы жағдай-25-27 c. инфекцияның негізгі қорытұқым, өсімдік қалдықтары. өсімдіктен өсімдікке бактерия жанбырмен, желмен тарайды. бактериздын алғашқы белгілері тұқымжарнақ шетінде жағалай майда, ашық қоныр түсті дақтар түзіледі. Ауру шалдыққан өскін солып қурайды. Өсімдіктін жемісі, сабағы, сағағы залалданады.

Slide 11

НАЗАР САЛЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Ұқсас жұмыстар
Өсімдік карантинінің даму тарихы. Қазақстан Республикасының өсімдік карантині
Өсімдік карантинінің даму тарихы
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Батыстың гүл трипсі
Картоп қатерлі ісігі
Мақтаның карантинді аурулары
Жатағ ан укекіре. Таралуы. Морфологиясы. Зияндылығ ы. Биологиясы. Кү ресу шаралары
Ауыл шаруашылық кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу
Жалпақ жапырақты ағаштардың жапырақ зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Қант қызылшасы дақылының зиянкестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz