Филлоксера


Slide 1

Филлоксера

Slide 2

Жоспар:

Филлоксера-Viteus vitifoliae fith

Комсток сымыры- Pseudococcus Comstocki Kuw

Американдық ақ көбелек-Hyphantria Cunea Drury

Төрт таңбалы астық қоңызы- Callosobruchus Maculatus F

Slide 3

Филлоксера

Теңқанаттылар (Homoptera) отрядының филлоксера (Phylloxeridae) тұқымдасына жатады.

Еуропа, Азия, Африка, Америка және Австралияда таралған. Сонымен қатар Ресейде кең таралған.

Филлоксера Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады. Алғашқы ошағы Атырау облысында табылып дер кезінде жойылған.

Филлоксераның тіршілік әрекеті мен өсімдікті зақымдау сипаты жағынан бір-бірінен өзгеше болып келетін 2 түрі кездеседі; тамырлық және жапырақтық түрі.

Slide 4

Тамыр филлоксерасының қанатсыз ұрғашыларының пішіні сопақша, түсі сарғылт-қоңыр, арқасы мен бүйір жақтарында 6 қатар болып, бойлай орналасқан күңгірт түсті бұдырмақтар болады, тұмсығы ұзын, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен асып тұрады, мұртшалары қысқа, денесінің ұзындығы 1 мм шамасындай. Бұл белгілер тамыр филлоксерасының дернәсілдеріне ғана тән. Жұмыртқалары алғашында ақшыл-сары болады да соңынан қоңыр түске көшеді, ұзындығы 0, 3 мм шамасындай.

Жапырақ филлоксерасының қанатсыз ұрғашысы сарғылттау жасыл түсті, жұмыр денелі, ұзындығы 1, 25 мм-дей болады, тұмсығы қысқа, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен аспайды, арқасы мен бүйір жақтарында бұдырмақтар болмайды. Филлоксераның бұлардан басқа нимфағ қанатты және жынысты ұрпақ деп аталатын түрлері де болады.

Slide 5

Филлоксера толық циклмен дамығанда оның Ӏ-ӀӀ жастағы личинкалары жүзімнің тамырында қыстайды. Көктемде топырақтың температурасы 130 С-қа жеткенде олар жіңішке тамыршалардың шырынын сорып, қоректене бастайды. 20-30 күннен кейін дернәсілдер тамыр түрінің қанатсыз партеногенездік ұрғашыларына айналады. Олардың әрқайсысы 40-100 жұмыртқа салып, одан соң өледі.

Екінші ұрпақтан бастап жапырақ филлоксерасының арасында ұзын тұмсықты дернәсілдер пайда бола бастайды. Олар топыраққа еніп, одан тамырға өтеді де тамыр филлоксерасына айналады. Бірте- бірте тамырға көшетін ұзын тұмсықты дернәсілдердің саны өсе бастайды. Күзгі суық басталысымен жапырақ филлоксерасының дернәсілдері түгел қырылады да тек тамыр филлоксерасы ғана қалады.

Slide 6

Филлоксера зақымдаған өсімдік тамырында пішіні құстың тұмсығына ұқсас ірілі-ұсақты ісік тәрізді өсінділер пайда болады. Олар әртүрлі микроорганизмдердің әсерінен тез бұзылып, шіри бастайды. Тамырдың өсуі тежеледі. Нәтижесінде зақымданған жүзім бұталары біржола өледі.

Филлоксера отырғызылатын материалдармен таралады. Негізгі ауру таратушы- көшеттер, әсіресе телінгендері. Тамыр филлоксерасы топырақты баптау кезінде, сумен сурау жүйелері бойынша таралады. Жапырақ филлоксерасы желмен 15 км таралуы мүмкін.

Slide 7

Карантиндік шаралар және күресу жолдары:

1. Филлоксера таралған елдерден жүзімнің отырғызылатын материалдар: көшеттер, шыбықтар тасымалдануына тиым салынады.

2. Шет елдерден отырғызылатын материалдар экспорттаушы елдерден фитосанитарлық сертификаттар және Қазақстан мемлекеттік өсімдік карантинінен импорттық карантинді рұқсат болған жағдайда ғана тасымалдауға болады.

3. Филлоксераның сан мөлшерін және оның зияндылығын азайту үшін еуропалық сорттарды өндіру кезінде филлоксераға төзімді телітушіге көшу, жүзімдікті зиянкеске қолайсыз топырақта өсіру.

4. Зиянкестің ошағын жою үшін негізінен үлескіні қопару әдісі қолданылады.

5. Филлоксераның жапырақтық формасымен күресу үшін актеллик, фозалон және басқа инсектицидтер қолданылады.

Slide 8

Комсток сымыры

Теңқанаттылар (Homoptera) отрядының ұнтақты сымырлар (Pseudococcidae) тұқымдасына жатады.

Комсток сымырының отаны Жапон елі. Қазіргі кезде Еуропа, Азия, Африка, Америка және Австралияда таралған.

Комсток сымыры Қазақстанда ішкі карантиндік нысанға жатады.

Зиянкес ауылшаруашылық өнімдерімен әсіресе анар жемісімен, көшеттік материалдар, құрал-саймандармен, суару суымен таралады.

Slide 9

Ұрғашы сымырдың ұзындығы 2, 2-2, 5 мм, қызғылт түсті қанатсыз, сопақ, үстін ақ ұнтақты өңез басқан. Бүйір жақтары мен денесінің соңғы бөлігінде 17 жұп жіңішке балауызды жіп тәрізді өсінділері болады. Мұртшалары 8 - бунақты, ұзындығы 5 мм дейін жетеді. Еркектерінің ұзындығы 1, 5 мм, қызғылт қоңыр түсті, бір жұп канаты болады. Ауыз мүшелері жетілмеген. Құрсағының ұшында екі ақ балауызды ұзын жіпшелері болады.

Жұмыртқасының ұзындығы 0, 3 мм, ені 0, 15 мм, сопақ, бір ұшы үшкір, сарғыш түсті.

Бір жастағы дернәсілінің ұзындығы 0, 3-0, 6 мм, сарғыш-қызғылт, аздаған ақ ұнтақты, мұртшалары алты бунақты және денесінің соңғы бөлігінде жұп өсіндісі болады. Екі жастағы дернәсілінің ұзындығы 0, 2 мм, күңгір сары-қызғылт, 17 жұп өсіндісі бар. Денесін ұнтақты өңез басқан, мұртшалары 6 бунақты.

3 жастағы дернәсілінің ұзындығы 1, 7 мм, ені 0, 5 мм, құйрық өсінділерінің ұзындығы денесінің 1/3-1/2 жетеді. мұртшалары 7 бунақты болады.

Slide 10

Комсток сымыры жұмыртқа күйінде көбінесе өсімдіктің тамыр мойнында, топырақта, ағаш бұтақтарында қыстайды. Зиянкес Тәжікістанда жылына 4 ұрпақ береді. Көп қоркті зиянкес- 380 өсімдік түрін зақымдайды. Әсіресе тұт, анар, алма, алмұрт, бежені қатты зақымдайды.

Дернәсілдері мен ұрғашы сымыр зиянды. Сымыр зақымдаған қабықта ісіктер түзіледі, қабық жарылады, өркендер мен өсу нүктесі қурайды және өледі, жапырақтар сарғаяды да жеміс жерге түседі.

Slide 11

Карантиндік шаралар және күресу жолдары:

1. Комсток сымыры таралған елдерде тасымалданып отырғызылатын материалдар, көшеттерді, тасымалдауға тиым салу.

2. Импорттық отырғызылатын материалдары, интродукциялық карантиндік питомниктерге отырғызу.

3. Көшеттерді, қалемшелерді және өсімдіктерді нұсқауға сәйкес бромды метилмен фумигациялау.

4. Зиянкес таралған аудандардан және шаруашылықтарда ауылшаруашылық өнімдері жергілікті карантиндік қызмет орнының сертификаты болғанда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.

5. Ауыл шаруашылық дақылдарын вегетация кезінде рұқсат етілген препараттармен өңдеу.

Slide 12

Американдық ақ көбелек

Зиянкес қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отряды Arctiidae тұқымдасына жатады. Көбелектің қанаттарының өрісі 20-36 мм, денесінің ұзындығы 9-15 мм. Қанаттары әппақ немесе ақ күңгірт қоңыр дақтары болады.

Американдық ақ көбелек Еуропаның көптеген елдерінде, оның ішінде Ресей мен Украинада, Азияда таралған.

Қазақстанда американдық ақ көбелек сыртқы карантиндік нысанға жатады.

Slide 13

Аталықтарының мұртшалары екі қатарлы тарақты, аналықтарынікі- екі қатарлы ара тісті болады.

Бір жастағы жұлдызқұрттары ашық-сары түсті, олардың ұзындығы 1-1, 5 мм, ересек жұлдызқұрттарының ұзындығы 30-40 мм.

Қуыршағы ұзыншақ жұмыртқа пішінді, ұзындығы10-15 мм. Құрсағының сегменттерінің жіктері осы түрге тән ірі нүкте тәрізді шұңқырлармен шектелген. Кремастері екі айырылғанжәне 15-ке жуық шоқ өсінділері басады.

Жұмыртқасы шар тәрізді табаны тегіс, көлемі 0, 5-0, 6 мм. Құрғақ жапырақтарда, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарында, қаша сызаттарында, көпшілігі топырақ ішінде 3-5 см тереңдікте, кейбіреулері 15 см тереңдікте кездеседі.

Slide 14

Американдық ақ көбелектің жұлдызқұрттарының зақымдауы нәтижесінде ағаш жапырақтарынан жалаңаштанады, оның әсерінен ағаш әлсірейді және кейбір өсімдіктер өледі. Зиянкестің жұлдызқұрттары көп қоректі, 230 ағаш пен бұта, шөптесін өсімдіктерді зақымдайды.

Американдық ақ көбелек ауа райына, жер ерекшеліктеріне байланысты жылына 1-2 ұрпақ береді.

Slide 15

Карантиндік шаралар және күресу жолдары:

Зиянкес таралған елдерден тасымалданатын импорттық жүктер және көліктер тексерілуі тиіс.

Шаруашылықта жемістер мен отырғызылатын материалдардың тасымалдануы американдық ақ көбелектің таралуын тежейтін және ошақтарын табу нұсқауларына сәйкесатқарылады.

Американдық ақ көбелектің ошақтарын жою және оның сан мөлшерін төмендету үшін агротехникалық және құрту шаралары атқарылады.

Өсімдік қоқыстары жиналып өртеледі.

Ағаштар өлі қабықтарынан тазартылып, әкпен ақталады.

Өңдеуге химиялық препараттардан: амбуш, БИ-58, димилин, фозалан және тағы басқа кеміргіш зиянкестерге арналған препараттар қолданылады.

Slide 16

Төрт таңбалы астық қоңызы


Ұқсас жұмыстар
Зиянкестермен кешенді күресу шаралары
ҚР облыстарының фитосанитария карантиндерінің жағдайы
ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ АЛЫНУЫ
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz