Бүлдіргеннің сабақ нематодалары (Ditylenchus dipsaci және Aphelenchoides fragariae): биологиясы, зияндығы және күресу шаралары


Slide 1

Бүлдіргеннің сабақ нематодасы - Ditylenchus dipsaci

Slide 2

Бүлдіргеннің сабақ нематодасы

Бұл түр фитонематодалардың тиленхид тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған. Нематода бүлдірген өсімдігінің өзекшесінде, кейде жапырағында қыстайды.

Бұл нематода өсімдіктің жақсы өсетін жер бетіндегі бөліктерінде көбееді. Өнім пісетін мерзімде фитогельминттер өсімдіктің гүл сабағында көп жиналып, ал жемісінде аз кездеседі. Қатты залалданған өсімдікте 17 мыңға дейін нематода жинақталады.

Slide 3

Көктемде фитогельминттер популяциясы өсе бастайды, ал бүлдірген гүлдеген және оның өнімі піскен мерзімде олардың саны шегіне жетеді. Кейін нематода саны азайып, күзде жаңбыр молайған мезгілде қайта көбейеді. Нематоданың өсіп-өніп, даму үшін қолайлы температура 15-24 С. Әр түрлі даму кезеңдегі фитогельминттер өсімдік тканінде қыстап шығады, бірақ көктемде тек 1 жастағы дернәсілдер тірі қалады.

Slide 4

Нематода мекендеген жапырақ тканьдері жансызданып, залалданған бөлік күреңденеді. Жапырақ сағағы мен гүлсидамы ісінген бөліктен алғаш морт мынғыш келіп, кейін жұмсарып шірікке айналады. Паразит өсімдіктің залалданған бөлігінде жиналады. Басқа сабақ нематодалары сияқты бұл түрдің көбеюі мен дамуы сыртқы ортаға шықпай, өсімдік тканінде өтеді.

Slide 5

Нематоданың бұл түрі бүлдіргеннің барлық сорттарына қатты зиян келтіреді. Кейбір мәліметтер бойынша ол өсімдіктерді орташа дәрежеде залалдағанда плантацияның өнімін 2-3 есе, ал қатты залалдаса 6-7 есе төмендетеді. Бүлдіргеннің сабақ нематодасы басқа да дақылдарға ( қызанақ, қияр, темекі, пияз, астық және т. б. ) аса зиян келтіреді.

Slide 6

Күрес шаралары

Ерте көктемде бүлдірген плантациясын өсімдік қалдықтарынан тазалау, оның қатар аралықтарын қопсыту және мүмкіндігінше жиі орналасқан өсімдіктерді срету.

Бүлдірген нематодасын жою үшін танапты 6 ай қара сүрі жерде ұстау, немесе көшеттерді отырғызудан бұрын температурасы 48 С суда 15 минут ұстау.

Slide 7

Бүлдірген нематодасы-Aphelenchoides fragariae

Фитогельминттердің афеленхоидид тұқымдасына жататын, кең таралған түрі. Қазақстанда карантинді.

Аналық нематодасының ұзындығы 0, 65-1 мм, көлденеңі 0, 013-0, 018 мм. Аталықтарының ұзындығы 0, 6-0, 8 мм, көлденеңі 0, 014-0, 017 мм

Slide 8

Бұл паразит бүлдіргеннің сабақ нематодасы сияқты бүлдірген өсімдігінің өзекшесінде қыстайды. Өсімдіктің вегетациясы басталуынан жаздың ортасына дейін фитогельминттер саны жаппай өседі. Бір ұрпақтың дамуы екі аптадан өтеді. Кейін фитонематодалардың саны төмендейді. Жауынды күндері бүлдірген нематодасы жақсы қозғалады және зияндылығы артады. Топырақта нематода ұзақ уақыт сақталады. Бұл паразит отырғызатын материал арқылы таралады және онымен бүлдіргеннің барлық сорттары залалданады. Нематода басқа өсімдіктерде кездеспейді.

Slide 9

Бүлдірген нематодасы негізінен өсімдіктің бүршіктері мен жапырақ қуысында кездеседі. Залалданған бүлдірген бойы қысқа, сабақшалары жіңішкеріп, жапырақтары бұралып, түсі сарғыш-жасыл болады. Паразит әсерінен өнім 32-78% төмендейді.

Slide 10

Күрес шаралары

Бұл фитогельминтпен күресу шаралары бүлдіргеннің сабақ нематодасына ұқсас.

Ауыспалы егіс жүйесін сақтау. Бүлдірген плантациясында нематодамен залалданған өсімдіктерді жою. Бүлдірген көшеттерін отырғызу алдында температурасы 47 С суда

10-15 минут өңдеу.


Ұқсас жұмыстар
Бүлдіргеннің сабақ нематодасы Ditylenchus dipsaci Kuhn: биологиясы, зиянкестігі және Қазақстандағы таралу ерекшеліктері
Картоп нематодалары (Ditylenchus destructor, Heterodera rostochiensis): биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Картоптың сабақ нематодасы: сипаттамасы, биологиясы, ауру белгілері және күресу шаралары
Жүзім зиянкестерінің биологиясы, зияндылығы және кешенді күресу шаралары
Алма жасыл бітінің (Aphis pomi) морфологиясы, биологиясы және күресу шаралары
Қарасора (Amaranthus) морфологиясы, биологиясы, таралуы және агротехникалық-химиялық күресу шаралары
Қазақстандағы арамсояудың (Cuscuta spp.) морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Қазақстандағы арамшөптердің биологиясы, экономикалық зияны және күресу шаралары
Бұршақ дақылдарының негізгі зиянкестері: биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Сарыағаш ауданының көкөніс дақылдары зиянкестері: таралуы, биологиясы және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz