Картоп нематодалары (Ditylenchus destructor, Heterodera rostochiensis): биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары


Slide 1

Картоптың сабақ нематодасы

Алматы 2013

Slide 2

Картоптың сабақ нематодасы - Ditylenchus destructor Thorne.

Картопты, шамалы түрде ас бұршақты, сәбізді, қызанақ пен кейбір басқа

дақылдарды зақымдайды. Ересек нематодалары құрт тәрізді формада,

алдыңғы және артқы жағына қарай кішірейіп келетін жұқа шыны тәрізді

түссіз денесі бар. Ұзындығы - 0, 7-1, 3 мм. Личинкалары кішірек. Нематода

бірнеше ұрпақ береді. Бір ұрпағы 15 тен 45 күнге дамиды. Нематодалар

картоп түйнектрінде сақталады.

Slide 3

Картоп екпе материалы арқылы зақымданады. Нематодалар жас сабақтарға

еніп, өсімдіктін өсуін тоқтатады. Зақымданған өсімдіктерде жапырақтар

өтекішкентай және толқынды. Түптің төмеңгі қабатындағы жапырақтар өліп

қалады, қалғандары солып, сарғайып кетеді. Нематодалар қалыптасып келе

жатқан түптерге енеді. Бұдан кейін түптерде қисық формалы сұр дақтар

пайда болады, ал сақтау кезеңінде-түптердің жоғарғы бетінде бастапқыда

татты-қоңыр ұсақ жарықшалар, одан кейінірек түптердің толықтай бұзылуына

және құрғақ шіріктің дамуына әкеліп соқтырады.

Күресу шаралары. Тек сау түйнектерді ғана отырғызу қажет.

Сақтауға жіберу алдында тиянақты іріктеу жүргізіледі. Түптерді сақтау

ережелерін орындау қажет (85-90% ылғалдылық, температура +1 - +3 градус

денгейде) .

Slide 4

Нематодалардың зияндылығы

Slide 5

Картоптың нематодасы

Картоптың нематодасы - Heterodera rostochiensis Woll.

Картоптың алтын нематодасы-Hetezodeza zostochiensis Woll. Домалақ құрттар

типі (Nematnelminthes) нематодтар (Nematoda) сыныпына жатады. Картоп

немотодасы Еуропа кейбір Азия, Африка елдерінде, Америка континентінде,

Австралия және Океанияда таралған. Еуропа Оңтүстік және Орталық Америкада

картоп түйнектерімен алып келуі ықтимал. Көбінесе Ресей, Украина,

Беларуссия және Балтық жағалуындағы республикаларында үй маңындағы

жерде (приусадебный учаскеде) кездеседі. Картоптың басқа нематодасы

қызнақты, қара алқаны, меңдуананы тағы да басқа өсімдіктерді зақымдайды.

Зақымданған өсімдіктердің өсуі бәсеңделеді, жапырақтары сарғайып солады.

Түйнектер болмауы да мүмкін, болса да 1-2 ұсақ түйнектерден аспайды.

Тамырларының бұтақтануы күшейіп кетеді. Қоңыр түсті тамырларының үс-

тінде алтын түсті қоңыр дөңгелектер байқалынады.

Slide 6

Алтын түстес картоптың жұмырқұртымен зақымданған картоп егістігі

10-сурет. Картоптың нематодасы

Slide 7

Ұзындығы 0, 13-1мм, ені 0, 1-0, 96 мм-ге дейін болады. Еркегінің жіп тәрізді

реңсіз денесінің ұзындығы 0, 9-1, 23мм, ені 0, 25-0, 3мм. Құрттың денесі сопақ,

ұзындығы 0, 35-0, 52мм диаметрі 0, 018-0, 023 мм-ді құрайды. Топырақта

жұмыртқалар цисталардың ішінде қыстайды. Көктемде жұмыртқалардан

құрттар шығып, өніп шыққан картоп тамырларында мекендейді. Біраз уақыт

өткен соң жас пайда болған түйнектерге енеді. Құрттар барлық цисталардан

шықпайды. Тыныстап жатқан цисталар, қоректенетін өсімдіктер болмаса,

жерде 10 жылдан астам уақыт, тіршілік қабілетін жоғалтпай жатады. Құрттар

бірнеше рет түлеп, 30-35 күнде еркектерге және ұрғашыларға айналады.


Ұқсас жұмыстар
Бүлдіргеннің сабақ нематодалары (Ditylenchus dipsaci және Aphelenchoides fragariae): биологиясы, зияндығы және күресу шаралары
Картоптың циста түзуші нематодасы Heterodera rostochiensis: сипаттамасы, өмір циклі және қорғау шаралары
Жүзім зиянкестерінің биологиясы, зияндылығы және кешенді күресу шаралары
Қазақстандағы арамсояудың (Cuscuta spp.) морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Бұршақ дақылдарының негізгі зиянкестері: биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Жұпсыз жібек көбелегінің морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және анықтау мен күресу шаралары
Картоп зиянкестері мен күресу шаралары
Картоптың алтын түстес жұмыр құрттары: биологиясы, зияндылығы, анықтау және күресу шаралары
Қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina): зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау және күресу шаралары
Батыс гүл трипсі (Frankliniella occidentalis): биологиясы, морфологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz