Қызылшаның циста түзуші немотодасы. Heterodera schachtii



Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Тақырыбы: Қызылшаның циста түзуші немотодасы. Heterodera schachtii
2013 жылы

Кіріспе
Қызылшаның циста түзуші немотодасы кең таралған: Жамбыл облысы Мерке ауданында кездеседі, басқа циста түзуші сияқты циста түрінде аналықтары аналықтарының ішінде 1 жастағы дернәсілдер қыстайды. Қызылша немотодасы алабота және шаршагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді залалдайды. Немотода дернәсілдері өсімдік тамырына еніп, паренхима тканьімен қоректенеді де, 4-5 аптадан кейін қоректенуін аяқтап, жұмыр құрт тәрізді аталық немесе лимон тәрізді аналық немотодаға айналады. Аталық особьтар белсенді қозғалыста, ал аналықтары денесінің алдыңғы бөлігін тамыр тканьіне енгізіп, бір орында орнықты тіршілік етеді. Ұрықтанған сон аналық немотода жұмыртқаларын (80-150 кейде 600 дейін) жұмыртқа қапшығына салады. Дернәсілдер 29-36С нашар шығып, ал 36С жоғарылағанда мүлдем тоқтайды. Немотоданың бір генерациясының дамуы 4-8 аптаға созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде немотода жылына 4 немесе 5 генерация беріп көбейеді.

Аналық немотоданың пішіні лимон тәрізді, түсі қоңыр-сары немесе қоңыр, ұзындығы 0, 7-1, 0 мм, көлденеңі 0, 4-0, 5 мм ішкі қуысы жұмыртқамен толы Аталық немотоданың пішіні жіпше тәрізді, түсі мөлдір, ұзындығы 1, 2-1, 6 мм, көлденеңі 0, 02-0, 03 мм.

Цистаға айналған аналық немотода топырақ арасында әр түрлі тереңдікте қыстайды. Цистаның ішіндегі жұмыртқалар саны 200-600 дейін болады. Ішкі қуысы жұмыртқаға толы цисталар қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында төзімді болып, бірнеше жылға дейін тіршілігін жоймайды. Цисталардың көпшілігі 30-40 см, кейде 1 м тереңдікте топырақ арасында сақталады.

Көктемде топырақ температурасы 5, 5-6, 5С шамасында дернәсілдер жанданып қозғала бастайды, ал 10С және жеткілікті ылғалдықта өсімдіктердің тамыр жүйесінен бөлініп шығатын заттар цистадан дернәсілдерінің шығуына әсерін тигізеді. Дернәсілдердің ұзындығы 0, 4 мм, көлденеңі 0, 02 мм. Олар топырақ арасында 30-40 см қашықтыққа жылжып немесе топырақ түйіршіктері аралығындағы судың ағысымен орын ауыстыруы мүмкін.

Қызылша немотодасы әсіресе, қант қызылшасына қатты зиян келтіреді. Заладанған өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің өсуі баяулайды. Қатты заладанған өсімдік сарғайып қурайды негізгі тамырдың бойында көптеген жанама тамырлар пайда болып, қауға сақал тәрізді көрінеді. Қоректену процесі қалыптан бұзылуы салдарынан қызылша тамыр жемісінің массасы 60 % дейін төмендеп, қанттылығы 15% кемиді.

Немотода аты
Латынша атауы
Зақымдайтын дақылдар
Қыстайтын орны
Біржылдық генерациясы
Дақыл-ң зақымдайтын мүшелері
Зақ-н дақыл-ң сыртқы белгілері, көрінісі
Күресу шаралары
Қызылшаның циста түзуші немотодасы
Heterodera schachtit
Қызылша, алабота, шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсім-ді зала-ды.
Өсімдік қалдықтарында, топырақта, цистада.
4-5 ұрпақ береді
Тамыр, тамыр жемісі, сабағы, жапырағына зақым келеді
Жапырақтары қурап, тамырда циста пайда болады.
Агротехникалық. Ауыспалы егіс. Химиялық шаралар

Күресу шаралары

Назар аударғандарыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz