Желдету міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы және әдіснамасы


Slide 1

Желдету міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы және әдіснамасы

2 Дәріс

Қабылдаған: Нагуман П. Н

Орындаған: Тасболат А. А

Нышанбай А. С

Slide 2

Желдеткіш дегеніміз - жұмыс аймағын таза ауамен қамтамасыз етіп тұратын қондырғылар. Бұл агрегатқа біріктірілген (ауаны, беру айдау және жою) құрылғыларын желдеткіш қондырғылар деп атайды.

Санитарлы-техникалық шаралар ішінде, өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын сақтап қалуда бірден бір қажетті құрал болып желдеткіш жүйелері саналады. Желдеткіштердің арқасында көптеген жағдайда жұмыс аймағындағы микроклимат қалыпқа келтіріліп, шаң-тозаң сыртқа шығарылады.

Slide 3

Өндірістік желдеткіштердің түрлері

Табиғи және механикалық болып бөлінеді

Ауаны ауыстыру әдістері бойынша желдеткіштер

Ауа алмасуын ұйымдастыру әдісі бойынша желдеткіш

Әсер ету принципі бойынша желдеткіш қондырғылардың бөлінуі

жергілікті және жалпы алмастырғыш болып бөлінеді.

1. Сорғыш (ауаны жұтуға арналған), бұл өз кезегінде жергілікті және жалпы түрде болуы мүмкін;

2. Үрмелі бұл да өз кезегінде жергілікті жалпы түрде болады;

Slide 4

Ауа алмастырғыштың табиғи желдетуі, температураның түрліше өзгеруі есебінен жүреді. Ғимарат ішіндегі және сыртындағы ауа температурасының әр түрлілігі, ғимаратқа салқын ауаның келіп, жылы ауаның қайта шығуына жағдай жасайды. Желдеткіштің әсерінен артық қысым пайда болып, таза ауа ішке енеді. Алайда, табиғи желдеткішпен құрылған үлкен ауа алмастырғыштар әрдайым гигиеналық эффектте бола бермейді. Үлкен өндіріс ғимаратында, жылдың суық мезгілдерінде есіктің ашылып-жабылуына орай жылу және жел өзара әсер етіп, жұмыс аймағын салқындатуы мүмкін. Ал жазда керісінше, жұмыс аймағы толық желдетіліп, тазартылуына жағдай жасамайды. Бір қалыпты табиғи желдетуді қамтамасыз ету мақсатында арнайы ауа алмастырғыш орнату талап етіледі.

Slide 5

Табиғи желдеткіштер өндіріс орындарында жинақы және жинақы емес түрде болуы мүмкін.

Біріккен желдетулер кезінде ауаның келуі мен шығуы терезе, терезенің ашпалы көздері, арнайы жасалған саңылаул арарқылы және сыртқы қоршаудың тығыздығының нашарлығы арқылы жүреді.

Біріккен реттеулі, табиғи желдеткіштерді өндіріс орындарында аэрация деп атайды. Олар өндіріс ғимаратының арнайы жасалған құрылғы элементтері - аэрациялы жарықшамдар көмегімен жүзеге асады.

Табиғи желдеткіштер

Slide 6

Аэрация негізінде цехқа түсетін ауа үрмелі қуыстар бетінен бүріккіштердің (форсункалар) көмегімен суды нәзік шашу жолымен салқындатылуы мүмкін. Булана отырып, су ортасының температурасы төмендеп, оның ылғалдылығын біршама жоғарлатады. Аэрациялы қондырғының үрмелі ауасын жасанды салқындату - еліміздің оңтүстік аудандарында, ерекше, маңызды.

Аэрацияланатын ғимараттар белгілі бір сәулет - құрылысты талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сыртқы ауа аэрациялы қуыстар арқылы өтуді қамтамасыз ету үшін ғимарат периметрі бойынша бос болуы шарт. Аэрацияның анағұрлым жақсы жағдайы жеткілікті биіктігі жоғары бір қабатты бір аралықты (өтпелі) ғимараттарда жасалады. Көп қабатты ғимараттардың жоғарғы қабаттарына да аэрацияланған цехтарда орналастыруға болады.

Slide 7

Ені 100-200 метрден асатын ғимараттарды табиғи желдету кезінде үлкен қиындықтар кездеседі. Бұл жағдайларда таза ластанбаған ауаны ғимарат орталығына орналасқан жұмыс орындарына жіберу мүмкін бол-майды. Мұнда аэрацияны үрмелі және сорғмалы қондырғылары ажыратылған Батурин құрылғыларының арнайы шамдары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай ғимараттарда ауаны қыздыратын механикалық желдеткіш орналастыру қажет.

Slide 8

Механикалық желдеткіш ағынды ауаның шаң-тозаң, газдарын атмосфераға шығармас бұрын алдан-ала тазартуға мүмкіндік береді. Механикалық желдеткіштің басқа да артықшылығы - сыртқы ауа райының жылдың кез-келген жағдайда да жылы болып, бір қалыпты жұмыс жасауға және ғимараттың кез-келген жеріндегі жұмыс аймақтарына таза ауаны жіберіп, қажет болғанда ауа алмасуының көлемін едәуір шамаға ауыстыруға болады. Өндірістік зияндылықпен күресте, алдыңғы орында механикалық жергілікті сорғыш желдеткіштер.

Механикалық желдеткіш

Slide 9

Сорғыш қондырғының элементтері - ауа қабылдағыш, ол арқылы ауа сыртқа шығарылады; ауа сулары, желдеткіш, шаң мен газдан ауаны тазартуға арналған қондырғы, ауаны жіберуге арналған құрылғы - сорғыш шахта. Жергілікті сору желдеткішінің ауа қабылдағыштарының ашық және жабық түрі болады.

Механикалық сорғыш желдеткіштің сызбасы

Slide 10

Ашық типті жергілікті ауа қабылдағыштарға: шаңнан қорғағыш қаптама, сорғыш шатырлар, бортты ауа қабылдағыштар, шарнирлі телескопты ауа қабылдағыштар, жұмыс орнына қойылған құрал-жабдықтар кіреді. Ашық типті қабылдағыштың ерекшелігі - сорғыш саңылауы зиянды заттардың бөліну көзінен бір шама қашықтықта орналасады.

Шаңданудан қорғайтын қаптама. Шаңға қарсы қорғағыш қаптама - қайрау, тегістегіш (шлимофовалды), жалтырату үрдістерінің көмегімен материалдарды өңдеу кезінде түзілген шаңды жою үшін қолданылады.

Slide 11

Ауа тазалығы мен қажетті микроклимат параметрлерін жасау, технологиялық және сәулет-құрылыстық сипатты шараларымен жүзеге асырылуы тиіс. Технологиялық шараларға мынадай прогрессивті әдістерді қолданылады: өндірісті кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, технологиялық қондырғының герметизациялануы, шикізат пен материалдарды ылғалдау көмегімен шаң-тозаңды бәсеңдету, токсинді шикізат түрлерін қолдануды шектеу, т. б.

Slide 12

Ашық ойықтары жоқ жасырыну-бокстары аса жоғары уытты (токсинділігі) және радиоактивті заттармен жұмыста істегенде қолданылады. Бокстар манипуляторлармен (тетік, қолмен басқарылатын құрылғы) немесе резеңке жеңдеме және қолғаптармен жабдықталады.

Жергілікті сормалы желдетудің жабық түрі, зияндылық көздері толық жабылған кезіне аса тиімді әдіс болып саналады. Ол аспирация (іш қуыстарынан сұйықты немесе ауаны сорып алу) деп аталады.

Механикалық желдеткіш жүйесіндегі ауаны жіберу үшін, арнайы ауа үрлегіш желдеткіш машиналар қолданылады. Олардың ішіндегі ең кең тарағаны ортаға тепкіш және осьті желдеткіштер. Дөңгелекті айналдырған кезде ауа ауа қабылдағыш саңылаулары арқылы сіңіріледі де, ортаға тепкіш күштердің әсерімен өз бағытын радиалды түрде өзгертеді де, белгілі бір қысым қалыптастыра отырып, қаптама саңылауына келіп түседі. Желдеткішпен өтетін ауа шаң, газ, қышқылдар мен сілтілердің буларынан, жарылғыш қоспалардан тұруы мүмкін.

Slide 13

Ортаға тепкіш желдеткіштер ұлу пішінді, қалақты дөңгелек орналасқан қаптамадан тұрады. Осыған сәйкес желдеткіштің арнайы құрылымдары қолданылады:

а) таза немесе шаңы аз, температурасы 80 °С-тан төмен ауаны өткізуге арналған әдеттегідей қондырғы;

б) антикоррозиялы қондырғы - агрессивті ерітінділерді өткіщу үшін (қышқыл, сілті булары) ;

в) ұшқышты қорғаныш қондырғы- жарылғыш қоспаларды өткізу үшін;

г) шаң-шаңды ауаны өткізетін қондырғы (шаң 100 мг/м3 көп емес) . Желдеткіш номері жұмыс деңгейінің диаметріндегі өлшеміне сәйкес келеді.

Slide 14

Желдеткіш қондырғы жұмысының маңызды көрсеткіші болып ауа тазартылуының тиімділігі сапалылығын, мына формула арқылы анықталады:

η = G_1/G_2 *100

Мұндағы:G1 - шаңаулағыштағы жиналған шаңның мөлшері, мг/м3; G2 - тазартуға дейінгі шаң мөлшері, мг/м3.

Сорғыш шатырлар. Олар - артық ауамен (конвекциялық) жылуды, зиянды заттарды жинақтауда қолданылады. Шатыр аумағы зиянды заттарды бөліп жауып тұрады.

Slide 15

Өндіріс орындарында желдеткіштерге қойылатын санитарлық-гиги-еналық талаптар және сонымен қатар, «Ауаның жылытылуы, кондиционерлеу және желтетілуі» кұрылыс нормалары мен ережелерімен сәйкес жүргізіледі.

Желдеткіштің тиімді жұмыс істеуі үшін оның жобалануы кезінде санитарлы гигиеналық талаптарды ескерлуі тиіс. Керекті ауа көлемі өндіріс орнында жеткілікті болуы қажет. Ауа көлемі, өндіріс орындарының желдетілуі және жұмыс орнын ауа ортасының қажетті көрсеткіштерімен қамтамасыз ету үшін арналған ауа мөлшері есептік әдіспен анықталады. Есеп айқын жылу және ылғалдың артықтығынан немесе бөлінетін зияндылықтардың (шаң, газ, бу) санына сәйкес жүргізіледі. Өндіріс орнында жылу, ылғал және зиянды заттардың біруақытта бөлінуінен (немесе олардың әртүрлі құптарлық) қажетті ауа алмасуы зияндылықтың дәрежесіне (асатын) байланысты анықталады.

Желдеткіштерге қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар

Slide 16

Санитарлық нормаларына сәйкес өндіріс орнына берілетін сыртқы ауаның бір адамға шаққандағы мөлшерібір адамға 20м3-тан кем болған бөлмеде жұмыс кезінде 30 м3/сағ -тан кем емес болу керек, және бөлме ауданы бір адамға 20м3-тан көп болғанда 20м3/сағ -тан кем болмау керек. Әр жұмысшыға 40м3-тан артық көлемі бар өндіріс орындарында терезелер немесе терезелер мен фонарьлар болғанда және зиянды бөлінділер немесе жағымсыз иісіті заттар болмаған жағдайда кезеңді түрде әсер ететін желдетуді жүргізуге болады. Өндіріс орнында табиғы желдетілу болмаған жағдайда ауа көлемі бір адамға шаққанда 60м3/сағ-тан кем болмауы тиіс. Үрмелі және жойылатын ауа арасындағы баланс желдетудің тағайындалуына және оны қолданудың нақты шарттарына сәйкес болуы қажет. Классикалық жағдайда үрмелі ауа көлемі жойылатын ауа көлеміне сәйкес болуы шарт, екеуінің арасындағы айырмашылық минимальды болуы керек. Бірақ кейде ауа алмасуының жалпы баланста біреуінің артық мөлшерде болуымен арнайы ұйымдастырылуы қажет. Мысалы екі қосарласқан ғимараттарда желдетуді жобалағанда, оның біреуінде зиянды заттардың бөлінуі байқалған болса, онда міндетті түрде теріс балансты (сормалы үрмеліден артығырақ болады) жасау керек, сол арқылы ғимаратта өзінің зияндылық көзі болмағанда ластанған ауаның ену мүмкіндігінің алдын алуға болады.


Ұқсас жұмыстар
Геоботаника негіздері,мақсаты мен міндеттері
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
Музыкалық – педагогикалық білім беру әдіснамасы
Анықтама сөздік. Музыкалық білім беруде педагогиканың психологиямен және философиямен байланыс
Педагогикалық психологиялық жалпы ғылымы
Теория негізі
Психологияның даму кезеңдері
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Педагогикалық теория
ГЕОБОТАНИКА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz