Қаржы және валюта нарығы




Презентация қосу
Қаржы және валюта
нарығы
{
Валюта нарығы –дегеніміз шетелдік валютаны
және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын
сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік –
экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы
кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды
қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын
жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастар жүйесі.
1. Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез
келген түрлері мен арнауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе
теңдігі;
2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс риттеу; бұған қолма –
қол және қолма – қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау
жатады;
3. Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие
ресуртарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының
қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік
мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын
белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі.
Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып
табылады:
1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен
меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың,
материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы
шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
2. Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік
күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар
арсында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою.
3. Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын
ақшалай табыстарының өсуі;
4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды
доғату; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы
мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.

Құнды қағазға мыналар жатады: акциялар, облигациялар,
мемлекеттік борыш міндеттемелері, жинақ сертификаттары,
вексельдер. Банк несиесі алынғанын айғақтайтын құжаттар,
депозиттеріне енгізілген сомалар, борыш жазбалары, мұралар,
лотерея билеттері, сақтық қағаздар құнды қағаздарға
жатпайды, пайыз түрінде табыс төленеді және осы құжаттар
бойынша басқа адамдарға құқықтар беріледі.
Акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық
банктер шығарып, айналым мерзімі белгіленген, иесіне
кәсіпорын табысының бір юөлігін иемденуге құқық берілетін
құнды қағаз акция деп аталады.
Қор биржасы- бұл құнды қағаздар қалыпты
айналысына қажетті жағдай жасау, бұлардың
нарықтық бағасын анықтау және олар жөнінде
ақпараттар тарату өз қызметінің ерекше тақырыбы
болып табылатын ұйым.
Дилер – құнды қағазды сатып алу және сатумен өз атынан
және өз есебінен айналысатын делдал, бұлар – жеке
фирмалар, банк, жеке адамдар, қор биржасы мүшелері.

Делдалдар (брокер) - мәміле жасау барысындағы
тапсырма бойынша белгілі бір төлем ала отырып, жұмыс
істейді. Қазіргі жағдайда делдалдық фирмалар жүргізеді.
Қор биржасының қаржы қызметін мыналардың
есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:
- Қор биржасының оған мүшелікке ену құқығын
беретін акцияларын сату;
- Қор биржасы мүшелерінің мүшелік жарналары;
- Биржада жасалған әрбір мәміледен алынатын
биржа алымы;
- Биржа қызметінен түсетін басқа табыстар.

Валюта нарығы деп шетелдік
валютаны сатып алу
жөніндегі әлеуметтік
экономикалық және ұйымдық
жүйесі болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының құрамдас бөліктері
Қаржы нарығының құрылымы
FOREX нарығының даму тенденциясы
Валюталық биржалардың қалыптасу кезеңі
Қаржы нарығы
Валюта нарығы
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі
Валюталық операциялардың есебі
Кәсіпорын экономикасына қатысты класстар және анықтамалар
Халық аралық экономика
Пәндер