Мемлекеттік қаржылық бақылау
Презентация қосу
Мемлекеттік
қаржылық бақылау
Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу
және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Мемлекеттік қаржылық бақылау
органдары
1) оны жүзеге асыратын органға байланысты ішкі және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау;
2) бюджеттің тиісті деңгейіне байланысты республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде
жүргізілетін болып бөлінеді.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының
Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды
жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
3. Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге
асырады.
4. Республикалық деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі
уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
5. Жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік
берген ішкі бақылау жөніндегі орган және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды тиісті қаржы жылына бекітілген жоспар бойынша жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі
шегінде бақылаудың мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) кешенді бақылау – бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін
барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау – бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін
жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың
негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана
жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;
4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа
мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.
Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қаржылық
бақылау органдарының өзара іс-қимылы:
1. Бақылау жүргізу мақсатында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мерзімдерде жоспарлары
және жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісім бойынша бірлескен қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ
басқа да мемлекеттік органдармен бақылауды жүргізеді.
3. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау актілері мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына
сәйкес келген кезде бақылау нәтижелерін өзара таниды.
4. Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы
мәслихаттардың тексеру комиссияларынан өкілді органның шешімі негізінде ұсынылуы мүмкін ақпаратты
сұратуға құқылы.
5. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық
бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайда, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау
материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға
уәкілетті органдарға береді.
6. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары кешенді бақылауды екі жылда бір рет жүргізеді.
Бақылау объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау объектісінің басшысы:
1) бақылаудың мақсатын, уақытын, ұзақтығын, оның нәтижелерін, тұжырымдары мен
ұсынымдарын білуге;
2) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тиісті құжатын ұсынбаған
мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін бақылауға жібермеуге;
3) бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда он күн мерзімде мемлекеттік
қаржылық бақылау органына бақылау актісіне қарсылық жіберуге;
4) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
отырысында жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауға байланысты тиісті
есеп беруге;
5) бақылауды жүзеге асырған мемлекеттік қаржылық бақылау органының іс-
әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым
беруге құқылы.
Бақылау нәтижелері туралы есептілік
1. Бақылау объектісінің белгіленген тәртіппен
қаралмаған қарсылықтары бар бақылау
материалдарын есептілікке қосуға жол берілмейді.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары
бақылау нәтижелері туралы есептілікке енгізілетін
ақпараттың анықтығы үшін жауапты болады.
к қаржылық бақылау органдары, бақылау объектілері лауазымды адамдарының
жауапкершілігі
1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері бақылау актілерінде
жазылған мәліметтердің анықтығы, объективтілігі мен толықтығы үшін Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз
құзыреттеріне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына, бақылау жүргізу үшін
жіберуге бас тарту, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және
өзге де мәліметтерді беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түріндегі кедергі
келтіру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергі жасау, сондай-ақ анықталған
бұзушылықтарды жою туралы актілерді орындамау немесе тиісінше орындамау
бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жауаптылығына әкеп соқтырады.
3. Қызметті жүзеге асыру процесінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де
заңнамасының талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жауаптылыққа әкеп соғады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz