Жастар сясаты


Slide 1

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Қарағанды 2014ж

«Жастар сясаты»

Орындаған:

Slide 2

Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты

Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері - бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.

Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.

Slide 3

«Қазақстан жастары» 2005-2007 жылдар аралығындағы жастар саясатына арналған бағдарламада мемлекеттік бюджеттен 3, 8 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл көршілес Қырғызстанмен салыстырғанда 7 есеге асып түседі [23] .

Көршілес Өзбекстан Республикасында атышулы жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу түгілі, мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсудің өзі қат мәселе. Коледждер саны шектеулі. Ал бізде ше? Грантта бағын жанбаса ақылы негізде білім алуға мол мүмкіндік бар. Ол мүмкіндік егер үздік оқуынмен көзге түссен мемлекет тарапынан бөлінген гранттар мен несиелердің иегері болуға да жағдай жасалуда.

Көрші Ресей Федерациясында 1 тамыз 2007 жылы шәкіртақы көлемінің өсуі 1, 25 есені көрсетті. Бізбен салыстыратын болса, тек қана былтырғы жылдың өзінде мемлекетімізде Елбасы қолдауымен магистранттарға 3 есеге ұлғайтылған шәкіртақы тағайындалған болатын. Ресей Федерациясының 2008-2010 жылдарға арналған 3 жылғы мемлекеттік бюджетінде білім беруге қаражат небәрі 19 пайызға ғана көтерілмек, оның ішінде 2009 - 9, 5 пайызды құрайды екен.

Slide 4

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры біраз жыл Бектас Мұхамеджанов болды.

Еліміздің тұңғыш Президенті қорының мақсаты мен міндеттеріне тоқталсақ:

- Қор қызметінің негізгі мақсаты - Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, отансүйгіштікті қалыптастыруға, қоғамымыздың әрі қарай , еліміздің мәдени, экономикалық және саяси саладағы халықаралық байланыстарының одан әрі дамуына атсалысу.

Қазақстанның ішкі саясаты мен халықаралық аренада жеткен жетістіктерін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Н. Ә. Назарбаев жаңа қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына, халықтар достығын нығайтуға, еуропалық және азиялық мәдени байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастардың үйлесімді дамуына үлкен үлес қосты. Міне, осы тұрғыдан алғанда, еліміздің тұңғыш Президентінің әлемдік деңгейдегі саясаткер ретіндегі тұлғасын ашып көрсету, оның сан қырлы қызметін ғылыми тұрғыда сараптау және насихаттау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру қордың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Бүгінде қор тарапынан сан-салалы жұмыстар қолға алынып, атқарылған шаралар аз емес. Атап айтқанда, 2011 жылы мамыр айында Қазақстанның, Ресей, Қытай, АҚШ, Израиль, Үндістан, Германия және т. б. елдердің ғалымдары, қоғам қайраткерлері, саяси және іскер топтарының өкілдері қатысуымен Парламент үйінде «Н. Назарбаевтың еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыстың сұхбаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Осы ғылыми жиынның жұмыс қорытындылары бойынша еуразиялық интеграцияның тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар дүниеге келді. Конференция материалдарына арналып жинақ әзірленді

Slide 5

Студент-жастар мен жас ғалымдар белсенділігінің артып, қатысушылар қатарының жылдан жылға көбейе түскендігі байқаудың қаншалық маңызды және қажетті екендігін көрсетеді. Байқаудың 2008 жылғы қорытындысы бойынша 60-тан астам адам жеңімпаз атанып, грантқа ие болды.

Сонымен қатар желтоқсанда табиғи және қоғамдық ғылымдар саласындағы үздік зерттеулер, жаңашылдығымен және дарындылығымен ерекшеленген шығармашылық жұмыстар үшін жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлері арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының сыйлығына жарияланған 2008 жылғы байқау өз мәресіне жетіп, сыйлық иегерлерінің есімдері анықталды. Бұл іс бүгінде өз қолдауын табуда.

Жастар шығармашылығына қолдау көрсетудің тағы бір қырына тоқтала кеткен жөн. «Ақылдың елден қашуы» деген мәселенің кез келген мемлекеттің болашағы үшін қауіпті екені түсінікті. Бұл жәйттің біздің елімізге де қатысы барлығын жоққа шығара алмаймыз. Осы тұрғыда, салдарына тікелей әсер етпегенмен де қор өзінің қолдау-көмегі арқылы бұл мәселенің себебін азайтуға, яғни дарынды жастардың ғылыми-шығармашылық ізденісін ұштауға өзіндік ықпал етуде деуге болады. Мәселен, аталған байқауларға қатысушылардың қай-қайсысы болсын еліміз өміріндегі нақты бір өзекті мәселелерге байланысты жан-жақты зерттеулер жүргізеді, шешу жолдарын өзінше негіздеп ұсынады. Жақсы идеялар жоба күйінде қалмайды, міндетті түрде жүзеге асырылады. Осылайша, байқау дарынды жастарға ізденіс ізсіз кетпейтіндігін, бағалы идеялар еленбей қалмайтындығын көрсетті. Өз елінің тағдыры мен болашағына бейжай қарай алмайтын әрбір адамның ой-арманы, талап-тілегі қашанда өз биігінен орын табатындығын сезіндірді деп ойлаймыз[26] .

Ғылым өрісін кеңейтуге бағытталған шаралардың қатарында жыл да қордың ұйымдастыруымен өткен халықаралық жастар форумын айтуға болады. Жүздеген жас ғалымдар қатысқан бұл ғылыми жиын тақырып ауқымдығын, талқыға түскен мәселелердің өзектілігін, еліміз бен шет елдік ғылыми ортаның белсенді ынтымақтастық байланыстарының нәтижелілігін көрсетті. Форум аясында студенттердің табиғи және қоғамдық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстары байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл шаралар кеңес жұмысының үлкен бір бағыты. Сонымен қатар, өз қызметі аясында жүргізген әлеуметтік зерттеулер негізінде жас ғалымдар кеңесі ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер мен баспасөз конференцияларын ұйымдастырып, семинарлар мен тренингтер және жастардың ғылым-білімге қызығушылығын арттыруға бағытталған басқа да шараларды жүзеге асыруда.

Slide 6

Жас­тар - бұл мемлекеттің негізгі тірегі бо­ла оты­рып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Ке­нет­тен емес, БҰҰ Мыңжылдық да­му бағдарламасындағы негізгі шешуіші мәселе ретінде - жас­тар олардың қалыпты өмір сүруі, денсаулығы, тиімді еңбек етуі секілді мәселелер қозғалған.

Slide 7

Қазақстанда жас­тар жал­пы халықтың 30 пай­ы­зын құрайды. Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы заң бой­ын­ша жас­тар- 14-29 жас аралығын қамтиды. Жас­тар са­я­са­ты­на берілген анықтама -мем­ле­кет жүзеге асы­ра­тын және жас­тар­ды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, са­я­си, ұйымдастырушылық және құқықтық ша­ра­лар жүйесi қызметінің ая­сы.

Жал­пы алғанда, Қазақстан Республикасының жас­тар са­я­са­ты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты бо­лып отыр. Мәселен, «Қазақстан Респубикасының Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы кон­цеп­ци­я­сы» 1999 жы­лы 28 та­мыз­да қабылданған, оның мағынасын кең түрде аша­тын, тұжырымдамалық- әдістік негізге сүйенетін 2004 жы­лы 7 шілдедегі «Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы заң» бар. Алай­да, оның бап­та­ры не себепті толық орын­дал­май­ды ? Оның толық орын­дал­мауы эффективті норамативті-құқықтық ба­за­сы жеткілкіті қамтасмасыз етілмегендіктен бе, қаржылық жетіспеушіліктен бе, қадағалаудың аздығынан ба секілді түрлі қырлары бар. Ел­ба­сы ай­ту­ын­ша, төрт базалық эле­мент - кәсіби жақсы білім, жақсы төленетін тұрақты жұмыс, от­ба­сы құруға арналған жек үйі, са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын жүргізуге арналған мүмкіндіктің бо­луы жас­тар мәселесін шешудің қадамдарының бірі. Қазақстан жас­тар саясатының жеткілікті дәрежеде да­мы­мау себептері не­де екенін анықтау бұл мәселенің ба­ры­сын қарастыруға мүмкіндік береді:

Slide 8

Жас­тар ұйымдарының ор­ны. Жас­тар саясатындағы ба­с­ты орын­ды алушылардың бірі бо­ла оты­рып, жас­тар та­ра­пы­нан көтерілген мәселе лердің қыр-сы­рын білетін тікелей со­лар. Әлемдік тәжірбиеде олардың жас­тар са­я­са­тын орын­да­у­шы аса маңызды субъекті ор­нын ала­ды. Қазақстанда жас­тар ұйымдарыны тар­пы­нан мәселелер көтеріледі. Оларға тиісті құқықтар беріп тең ретінде қарстыру, пікірімен са­ан­су, жұмыстары көлеңкеде қалып кой­мауы бол­са бұл олар еңбегінің жемісі бо­лар еді.

Кешенді тәсіл - әлеуметтік, экономикалық, мәдени, са­я­си, құндылықтар мәселесін біртұтас жүйе ретінде қарастыру маңызды. Осын­дай тәсіл арқылы әрбір же­ке секторға көңіл бөлу негізінде ба­сым бо­лу міндет. Билік құрылымдары жас­тар мәселесін оларға тең түрде қарау арқылы және олар­ды заң жо­ба­ла­рын тең түрде қатыстыру арқылы ше­ше ала­ды. Жас­тар -мем­ле­кет дамуының са­па­лы кепілі болғандықтан, олардың жай­ын бүгін қам же­ме­сек, еретең кеш бо­ла­ды. Еш­тен кеш жақсы демекші, жас­тар са­я­са­тын күн тәртібіне қойсақ, оған жас­тар­ды тең мүше ретінде қарастырсақ, бұл жұмысқа өз септігін тигізер. Жас­тар қоғам қараым-қатынасындағы келелі фак­тор.

Тұтастай әлемдік тәжірбиеде жас­тар са­я­са­тын жүзеге асы­ру­да екі мо­дель ба­сым еуропалық- он­да жас­тар са­я­са­ты са­ла­сын­да мем­ле­кет ба­сым, ан­гло-саксондық-жас­тар ұйымадары жұмыстарына мемлекеттің жүйелі түрде қатыспай оларға толықтай еркіндік бе­ру негізінде жасалған. Қазақстанға қай моделді таңдау ке­рек? Ең тиімдісі Жа­по­ния секілді екеуінде ұштастыра білу қажет. Еуропалық мемлекеттерінің ба­сым көпшілігінде (Гер­ма­ния, Ав­стрия, Ир­лан­дия, Ұлыбритания т. б) қаржыландыру аймақтық қажетіліктер бой­ын­ша орын­да­ла­ды. Оны Қазақстанда қолдану бой­ын­ша жас­тар әркелкі, мы­са­лы Ал­ма­ты, Ас­та­на секілді ірі қалаларда жас­тар көп шоғырланған оларға соған бай­ла­ны­с­ты қаржыландыру да ба­сым бо­лу ке­рек, ұйымдасыру сияқты әкімшіліктегі жас­тар са­я­са­ты ма­ман­да­ры да деңгейге сай бо­лу қажет.

Slide 9 Slide 10

Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары; 2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы; 3) мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi; 4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым - жастар тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға бiлiм беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмдеу, дене тәрбиесi, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар жүйесi; 5) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар; 6) жастар ұйымы - негiзгi мақсаты әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру мiндеттерiн және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар өкiлдерi болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым; 7) жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - берiлген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк жастар саясатын үйлестiрудi және iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Slide 11

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

Slide 12

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім алып, кәсіптік және тәни дамуы, сәтті әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасау және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:

1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету;

2) саламатты өмір салтын қалыптастыру;

3) жастардың құқықтық мәдениетін жоғарылату;

4) жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау;

5) жастарға және жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;

6) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

7) жастардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін ашу;

8) мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-зерттеу тұрғысынан қамтамасыз ету және оның нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

9) халықаралық байланыстарды және жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты:

1) қазақстандық патриотизм;

2) тарихи, мәдени, адамгершілік және рухани құндылықтардың басымдығы;

3) азаматтық, жауапкершілік, еңбекқорлық;

4) тағаттылық, этносаралық және конфессияаралық келісім;

5) кішіге қамқор болуға, аға буынды құрметтеуге сайып келетін ұрпақтар сабақтастығы;

6) отбасылық құндылықтардың басымдығы;

7) жастардың мемлекеттік қолдау алуға құқықтарының заңдылығы мен теңдігі;

8) жастардың тән саулығын сақтау және қорғау;

9) жастарды дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға жастар ұйымдарын жаппай тарту;

Slide 13

4-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары

1. Мынадай:

1) білім және ғылым;

2) денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт;

3) жастар мен жас отбасылар еңбегі, оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету;

4) мәдениет және ақпарат, конфессияаралық келісім және этносаралық тағаттылықты қалыптастыру;

5) қазақстандық патриотизм сезімін нығайту және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

6) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық мәдениетті жоғарылату;

7) халықаралық ынтымақтастықты, жастар кәсіпкерлігін, талантты жастарды дамыту салаларындағы мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Ұлттық экономика
Қазақстан Республикасының азаматы
Мемлекеттік жастар саясаты
Жастар саясаты туралы
Қазақстан Республикасындағы жастардың электоралдық белсенділігін арттыру жолдары
Жастар саясаты
Жастар әлеуметтануы
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері
Жастарға беретін көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz